1. бауыр абсцесі. Атауы


Себептері:  мезентериялық  артериялардың  қан



Pdf көрінісі
бет4/16
Дата26.09.2023
өлшемі5.7 Mb.
#478660
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Макро-22 сызылган

Себептері: 
мезентериялық 
артериялардың 
қан 
тромбоэмболдармен 
немесе 
атеросклеротикалық бляшкалармен бітелуі. Қанайналымы (веналық іркілу) мен 
лимфаайналымы (лимфостаз, сулы ісіну) бұзылса, оның дамуына қолайлы жағдай туады 
Асқынуы: Некроз ошағының іріңдеуі. 
Нәтижесі:
Жағымды: өлі тіннің айналасында оны шектейтін реактивтік қабыну өрбиді. Бұл 
қабыну – демаркациялық қабыну деп, ал шектейтін аймақ, демаркациялық аймақ деп 
аталады. Осы аймақтың қан тамырларын қан кернеп, кеңітеді, тіні су сіңіп ісінеді. 
Көбейген лейкоциттер гидролиздік ыдыратқыш ферменттер бөліп, өлексені жидітіп, 
сіңіреді. Кейін дәнекер тіндік жасушалар көбейіп, некроз ошағы мен оның айналасын 
дәнекер тін түгел жайлайды. Өлексені дәнекер тін жайласа, оны беріштену 
(организация) деп атайды. Некрозды ошақта тыртық пайда болады Некроз ошағының 
айналасы дәнекер тінмен қоршалып қабықтанады (инкапсуляция). Тіндік өлексе тарап, 
қуысты шектейтін қабық қалыптаса келе, әдетте ылғалды некроз ошағында, көбінесе 
киста пайда болады. 
Жағымсыз: өлі ошақтың іріңдеуі (ыдырауы), өлім. 


5. БАУЫР ГЕМАНГИОМАСЫ 
Атауы: Бауырдың каверналық гемангиомасы 
Жіктелуі: ісік---қатерсіз мезенхималы ісік 
бауырдың каверналы гемангиомасы 
Сипаттамасы: Бауыр тінінде әр түрлі мөлшерде, инкапсуляцияланған, айқын 
шекаралары бар түйіндер мен түйіндердің конгломераттары қанның көптігіне 
байланысты қызыл-көкшіл түсті, кесіндіде - губка тәрізді. 
Себебі: полиэтиологиялық ауру, ракалды процесс болып табылады. 

Тұқым қуалайтын патология 

Эмбриогенез бұзылысы салдарынан дамыған тума ауру: ауыр вирустық 
инфекция, жүктілік кезінде анадан балаға өту. 

Шала туған балада, бауырдың қантамырлар жүйесі және басқа да 
мүшелердің толық жетілмеуінен. 

Негізінен әйелдерде жиі дамиды эстроген жоғарылауы себебінен. 

Бауыр травмалары 
Даму механизмі:
а) регенерацияның бұзылуы;
б) гиперплазиялы, дисплазиялы ісікалдылық өзгерістер;
в) пролиферациялы жасушада сатылай қалыптасатын малигнизация (қатерлілену);
г) ісіктік бастаманың қалыптасуы; 
д) ісіктің прогрессиясы. 
Асқынуы: Бауыр гемангиомасы тіндердің жарылуына, ішкі қан кетуге және 


геморрагиялық шокқа әкелуі мүмкін. Массаның үлкен мөлшеріне байланысты жақын 
маңдағы мүшелер, тамырлар мен нервтер қысылуы мүмкін. тіндердің қысылуы, 
қанкетулер. 
Нәтижесі:
Жағымды: Хирургиялық ем 
Жағымсыз:Малигнизация, рецидив, гемангиома ісіктерінің жарылуы, ішкі қан кетуге 
алып келіп, летальды нәтиже береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет