6. БАСМИ ГЕМАТОМАСЫ
Атауы: Бас ми гематомасы.
Жіктелуі:
Қан айналым бұзылысы →геморрагия → миға қан кету
Аралас дистрофия- Хромопротеидтік -Гемоглабиндік
пигменттер алмасуы
бұзылуы -Гемосидерин көп болуы-Жергілікті гемосидероз.
Сипаттамасы: Зақымданған ми тіндері жұмсарған, үстінен қуыс қалыптасқан, қуыстың
ішінен қан ұйындыларын көреміз, оның ортасында қою қызыл түсті гематоидин
пигменті жиналған, түзілу уақыты 7 күн, патологиялық пигмент. Ал шет жағында қоңыр
қызыл түсті гемосидерин түзілген 24-48
сағаттан кейін пайда болады, қалыпты
жағдайдағы гемоглобиндік пигмент. Бүйір қарыншаларының жыртылуынан қан құйылу
болған. Миға қан құйылу (ми ішілік травматикалық гематома. Мидың архитектоникасы
қалған
бөлігінде сақталған, оның тіндері ісінген, ми
сайлары тегістелген, қатпар
тегістелген,
қарыншалар кеңейтілген, сұйықтықта - қан қоспасы. Миішілік гематома
травматикалық емес (цереброваскулярлық ауруларда) немесе травматикалық (ми
жарақатымен) болуы мүмкін.
Себебі: Қан тамырлары
қабырғасының жыртылуы, біртіндеп желінуі және
өткізгіштігінің артуы. Оған әртүрлі
жарақат немесе қан тамырында, жүректе дамыған
некроз (инфаркт)
бен қабыну, склероз үдерістері себеп болады. Миға қанның
диапедездік жолмен кетуіне мидың әртүрлі зақымдары,
артериялық гипертензия,
жүйелік васкулулиттер, инфекциялық жэне инфекциялық-аллергиялық аурулар мен қан
жүйесінің аурулары (гемобластоз, анемия), коагулопатиялар себеп болады.
Достарыңызбен бөлісу: