Дәріс №1 1-Тақырып топырақтанудың даму тарихы


Топырақтану ғылымының Қазақстанда дамуы



Pdf көрінісі
бет6/7
Дата26.09.2023
өлшемі446.02 Kb.
#478662
1   2   3   4   5   6   7
1. Тема 1

 
Топырақтану ғылымының Қазақстанда дамуы 
 
Қазақстанда топырақтану ғылымы-
ның 
негізінің 
қалануы 
Өмірбек 
Оспанұлы есімімен тікелей байла-
нысты. Ол Мəскеудегі Тимирязев 
атындағы ауылшаруашылық акаде-
миясының топырақтану жəне агро-
химия мамандығын бітірген. КСРО 
Ғылым академиясының В. В. Докучаев 
атындағы Топырақтану институтының 
аспирантурасына түсіп, 1936 жылы гео-
логия-минерология ғылымдарының кан-
дидаты дəрежесін қорғап шықты. Бұл 
кезде Ө. Оспанов топырақтану саласы-
нан өз ұлтымыздан шыққан, алғашқы 
 
ғылыми дəрежесі бар ғалым болғанын мақтанышпен айтамыз. 
Сонымен республикамызда топырақ зерттеуші алғашқы ғылыми 
ұжым пайда болды. Бұл топқа Отан соғысы жылдарының басында 
Алматыға көшіп келген КСРО Ғылым ака-демиясы Докучаев 
атындағы Топырақтану институтының дирек-торы Л. И. Прасолов 
бастаған, кейін академик И. П. Герасимов, профессорлар М. А. 
Глазовская, Е. В. Лобова, т.б. қосылды. Сонымен Қазақстан 
топырақтары жан-жақты ғылыми негізде зерт-теле бастады. 
Дегенмен, сектор ұйымдастырылғанға дейін қазақ жерінің 
топырақтары туралы ешқандай мəліметтер болмады десек 
шындыққа үйлеспейді. 
 


7-сурет. Безсонов А. И.
8-сурет. Боровский В. М. 
(1878-1962)
(1909-1984) 
Қазақ жерінде ХVІІІ-ХІХ ғасырларда Ресей ғалымдары тарапы-
нан жасалған ғылыми экспедициялар (Лепехин, Гмелин, Паллас, 
Краснов, Миддендорф, Пржевальский, Уəлиханов, Семенов, т.б.) 
негізінен жалпы табиғаттану мақсатындағы географиялық сапар-
саяхаттар еді. Ал тікелей топырақ қыртысын Қазақстанда зерттеу 
осы үстіміздегі ғасырдың басында, Ресейдің халық тығыз мекен-
деген еуропалық бөлігінен шаруаларды шығысқа, қазақ жері мен 
Сібірге көшіру мақсатымен құрылған қоныстандыру басқармасы 
қолға алғанды. 
Бұл жұмыстар Докучаевтың дарын-ды 
шəкірті, топырақтану саласындағы алғашқы 
академик К. Д. Глинканың бас-қаруымен 
жүргізілген. 
Бұл 
экспеди-цияларға 
Докучаевтың 
ізбасары, 
көрнекті 
топырақтанушы ғалымдар: С. С Неуструев, Л. 
И. Прасолов, А. И. Безсонов, Р. И. Аболин-дер 
өте құнды материалдар жинады. Осы 
еңбектердің нəтижесінде ел қоныстанып, 
жерлерін егіншілікке пайдалануға жарай-тын 
көптеген аймақтар анықталады. 
9-сурет. Ақанов Ж.У.
Ескеретін жай,
 
осы кездегі зерттеулер
 
еліміздің топырақтану саласына үлес 
қосып, кейбір осы аймақтағы анықталған топырақ аты бүкілəлемдік 
топырақтану терминдеріне енді. Мəселен, С. С. Неуструевтың 
Шымкент уезіндегі тау етегіндегі топыраққа қойған алғашқы аты- 


-«сұртопырақ» (серозем), Перовск (Қызылорда) уезіндегі Қазалы 
маңындағы топырақтарға қойған аты «сұрқұба» (серобурые) қазірде 
əлемдік терминдерге айналған (Неуструев С. С., 1910). 
Топырақтану секторына Мəскеу мамандары қолдаған алғашқы 
жемісті еңбектері енді. Бұл зерттеулер топырақтану институ-тын 
ұйымдастыруға 
негіз 
болды. 
Мұнай 
институты 
Ғылым 
академиясының құрамында 1945 жылы ашылды. Институтты əр 
кезде: Ғылым академиясының корреспондент мүшесі Ө. Оспанов 
(1945-1984), академик В. М. Боровский (1968-1984), Ж. У. Ақанов 
(1984-2000), биология ғылымының докторы Т. Жаланкөзев (2000-
2003) басқарды. Қазір ауылшаруашылық ғылымының докторы, про-
фессор А. Сапаров басқаруда. (1-10 суреттер). 
Институт осы салада республикадағы ғылыми-методикалық 
орталығы бола тұрып, топырақтану ғылымының дамуына өте үлкен 
үлес қосты. 
Халық шаруашылығының дамуының 
əртүрлі кезеңдерінде инситут өндірістің 
талаптарына сай топырақтанудың ірге-лі 
жəне 
қолданбалы 
мəселелерімен 
шұғылданып, ауылшаруашылық өнді-
рістерінің өрге басуына көп септігін 
тигізген. Осы еңбектері үшін ин-ститут 
1974 жылы Еңбек Қызыл ту орденімен 
марапатталды. 
Ескеретін 
жай, 
топырақтану саласы жəне оған қоса 
топырақ агрохимиясы ғылым 
10-сурет. А. С. Сапаров 
В.Р. Вильямс атындағы қазақ егіншілік 
институтында, А. И. Бараев атындағы 
қазақ астық шаруашылық институтын- 
да, Қазақтың ұлттық аграрлық университетінің көптен өріс алып, 
дамып келеді. 
1966 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясының құрылуына 50 жыл 
толуына байланысты, Топырақтану институтын ұйымдастыруы мен 
дамытуындағы аса ірі еңбектері үшін жəне ғалымды мəңгі есте қалдыру 
мақсатында, институтқа Ө. Оспанов аты берілді. 
Қазіргі таңда «Ө. О. Оспанов атындағы Қазақ топырақтану жəне 
агрохимия ҒЗИ» ЖШС бас директоры А. С. Сапаров. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет