ҚР ЕЖ 3.04-101-2013
2
ХЕЖ Негізгі есептік гидрологиялық сипаттаманың анықтауы.
МЕСТ 26775 Ішкі су жолдарында кӛпір астынан кеме жүретін кӛпірлер габариті.
ЕСКЕРТПЕ Осы құрылыс нормаларын қолдану кезінде кезінде ағымдағы жылға қарағанда жыл
сайын жасалатын «Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын сәулет, қала құрылысы және
құрылыс саласындағы нормативті құқықтық және нормативті-техникалық актілер тізімі», «Мемлекет
аралық нормативті құжаттар нұсқаулығы» және «Қазақстан Республикасы стандарттау бойынша нормативті
құжаттарының нұсқаулығы» бойынша сілтемелік құжаттарының қолданысын тексеру мақсатқа лайық
болады. Егер сілтемелік құжат ауыстырылса (ӛзгертілсе), онда осы нормативті пайдалану кезінде
ауыстырылған (ӛзгертілген) құжатты басшылыққа алу керек. Егер сілтемелік құжат ӛзгертілмей
ауыстырылса, онда осы сілтемеге қатысты емес бӛлімге қатысты ереже қолданылады».
3 ТЕРМИНДЕР ЖӘНЕ АНЫҚТАМАЛАР
Осы ережелер жинағында ҚР ҚН 3.04-01 келтірілген терминдер мен анықтамалар
қолданылған, сондай-ақ мынадай негізгі терминдер мен анықтамалар келтірілген:
3.1 Гидротехникалық құрылыстың мониторингінің автоматтандырылған
жүйесі: Гидротехникалық құрылыстар құрылымдарының, құрылыс тораптарының
салынған, қолданыстағы немесе салу сатысындағы техникалық жағдайын жүйелі
бақылауды жүзеге асыруға арналған, бағдарламалық-техникалық құралдар негізінде
құрылған жүйе.
3.2 Гидроторап: Орналасуы және бірлескен қызметі бойынша біріктірілген,
гидротехникалық құрылыстар кешені.
3.3 Күрделі табиғи жағдайлар: Гидротехникалық құрылысты немесе ғимаратты
пайдалану кезінде құрылыс аймағында табиғи-техногендік үрдістер мен құбылыстар
қаупінің туындауы(дамуы) және(немесе) құрамы мен топырақтар жағдайының
ерекшеліктерінің болуы.
3.4 Ағудың арналық реттелуі: Ӛзендегі судың деңгейі кӛтерілуінің және деңгейі
түскен кезде жиналған қорлардың келесі істен шығуының нәтижесінде табиғи
жағдайлардағы ӛзеннің ағуын реттеу.
Достарыңызбен бөлісу: |