Педагогиканың психологиямен де байланысы тығыз және ӛте маңызды
екендігін айта кету қажет. Психологияның зерттеу пәні психика мен
тұлғаның психологиялық құрылымы (оның маңызды құрамдас бӛліктері
сана, іс-әрекет) болғандықтан, психология оқыту мен тәрбиенің жүйелері
негізделетін оқушының дамуы мен таным үрдістері туралы қажетті
мәліметтерді береді. Психология адамның даму заңдылықтарын ашып, оның
деңгейін диагностикалайтын болса, ары қарай
педагогика оны оқыту мен
тәрбие барысында дамыту мен қалыптастыру жолдары мен мазмұнын
қарастырады.
Педагогика
мен
психологияның
маңызды
байланыстарына
тӛмендегілерді жатқызуға болады:
1. Тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жас ерекшелік
сипаттамалары.
2. Психикалық үрдістер туралы түсініктер.
3. Тұлғаның жеке ерекшеліктерін сипаттау, ең бірінші – дербестік,
белсенділік, мотивациясын.
4. Педагогика мазмұн түрінде қабылдайтын сипатында білім беру
мақсаттарын ұсыну.
Жалпы педагогика басқа ғылымдармен қалай байланыса алса (мәселен,
педагогикалық психология, педагогикалық этика және т.б.),
дәл солай
дифференциациялана алады – яғни оның құрамынан белгілі бір дәрежеде
дербес ғылыми салалары бӛлінеді.
Барлық педагогикалық ғылым салалары жинақталғанда педагогикалық
ғылым жүйесін құрайды, оларды біріктіруші, жүйе құрушы компонент
педагогиканың зерттеу пәні – тәрбие, педагогикалық процесс, білім беру
болып табылады. Әрқайсысы білім берудің жеке бір аспектісін таңдай
отырып, ӛз зерттеу пәнін ажыратып алады.
Педагогика салаларына
тӛмендегілер жатады:
Жалпы педагогика негізгі пән ретінде білім беру, тәрбие мен оқытудың
негізгі заңдылықтары мен қағидаларын, әдіс-тәсілдері мен түрлерін
зерттейді. Ол ӛзіне оқытудың теориясы болып табылатын -
дидактиканы
және тәрбие теориясын, халыққа білім беру ісін басқарудың теориясы
болатын –
мектептануды қамтиды.
Жеке әдістемелер оқытудың жалпы заңдылықтарын жеке пәндерді
оқытуға қатысты қолдану ерекшеліктерін зерттейді.
Педагогика тарихы адамзат дамуының түрлі
тарихи кезеңдерінде
педагогикалық ойлар мен тәжірибенің даму ерекшеліктерін зерттейді.
Салыстырмалы педагогика салыстыру негізінде түрлі елдердегі білім
және тәрбие жүйелерінің қызметі мен дамуының ерекшеліктерін зерттейді.
Педагогика әдіснамасы – педагогика, оның мәртебесі, дамуы,
категориалдық аппараты, жаңа педагогикалық білім алудың жолдары туралы
ғылым.
Жас ерекшелік педагогикасы – адам дамуының түрлі жас кезеңінде
(мектепке дейінгі, мектеп, ересектер педагогикасы) оқыту мен тәрбие
ерекшеліктерін зерттейді.
Кәсіптік педагогика – кәсіптік білім берудің (бастауыш кәсіби білім
беру
педагогикасы, орта кәсіптік білім беру педагогикасы, жоғары мектеп
педагогикасы, ӛндірістік педагогика) теориясы мен тәжірибесін зерттейді.
Арнайы (коррекциялық) педагогика - дене және әлеуметтік дамуында
ауытқушылықтары бар балалар мен ересектерді оқыту мен тәрбиелеудің
теориялық негіздерін, қағидаларын, әдіс-тәсілдері мен түрлерін,
құралдарын
зерттеп жасайды. Оның салалары:
логопедия (тіл дамуында кемістігі бар
адамдарды оқыту мен тәрбиелеу),
сурдопедагогика (естімейтін және нашар
еститін адамдарды оқыту мен тәрбиелеу),
тифлопедагогика (кӛрмейтін және
нашар кӛретін адамдарды оқыту мен тәрбиелеу),
олигофренопедагогика
(психикалық дамуы баяу және ақыл-ойы дамуының кемістіктері бар
адамдарды оқыту мен тәрбиелеу).
Жеке салалық педагогика (әскери, спорттық, криминологиялық және
т.б.).
Әлеуметтік педагогика - әлеуметтік ортаның нақты жағдайын ескере
отырып тұлғаны тәрбиелеуді оңтайландыру бойынша тәрбиелік шаралар
жүйесін жасаудың теориясы мен тәжірибесі.
Еңбекпен түзету педагогикасы – түрлі жастағы құқықбұзушыларды
қайта тәрбиелеуді теориялық негіздеу мен тәжірибесін жасаумен
айналысады.
Достарыңызбен бөлісу: