Қостанай, 017 ОӘЖ 005 (075) кбж 65. 292-93 (5Қаз)я73 у-12


ТАҚЫРЫП КОРПОРАЦИЯ ӨНІМДЕРІН ӨНДІРУ ЖӘНЕ САТУ



Pdf көрінісі
бет29/74
Дата29.09.2023
өлшемі1.98 Mb.
#479235
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   74
uakpaeva m kajyrbaeva g korporativtik karzhy

5. ТАҚЫРЫП КОРПОРАЦИЯ ӨНІМДЕРІН ӨНДІРУ ЖӘНЕ САТУ 
ШЫҒЫНДАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ
 
Осы тақырыптың материалдарын зерделеп, сіз білесіз: 
• шығындар ерекшеліктері басқару құралы ретінде атауды; 
• корпорациясының өнімдерді өндіру мен сату шығындарын атау және оларды 
нақтылауды сипаттауды; 
• операциялық левериджаны (тежегішті) қолдана отырып, шығындармен 
және маржалық табыспен басқару жүйесіне сипаттама беруді. 
 
5.1 Негізгі теориялық жағдайы 
 
Корпорацияның ағымдағы (операциялық) қызметі құрылған кезден 
бастап материалдық, еңбек және ақша ресурстарының әр түрлі шығындарының 
жүзеге асырылуына байланысты. 
Шығындар – бұл материалдық, еңбек, қаржылық және өзге де 
ресурстардың есепті кезеңдегі ұйымның пайдаланылған шаруашылық 
қызметіндегі құндық көрінісі. Шығындар не активтерге, немесе шығындарға 
жатқызылуы мүмкін. 
Өнімнің өндіру процесі ұйымдастыру құралдарының шаруашылық 
айналымының бір сатысы болып табылады. Осы сатыда өнім дайындауға , 
жұмыстарды орындауға және қызмет көрсетуге байланысты кәдімгі қызмет 
түрлерінің шығыстары болып саналатын шығыстар анықталады. Ұйымның 
шығыстары болып активтердің шығып қалу салдарынан экономикалық 
пайданың азаюы (ақша қаражаты, өзге де мүліктер) және (немесе) 
қатысушылардың (мүліктің меншік иелері) шешімі бойынша салымдарының 
төмендеуін қоспағанда, осы ұйымның капиталының азаюына әкеп соғатын 
міндеттемелердің пайда болуы танылады. Ұйымдардың шығыстары олардың 
сипатына қарай, ұйымның қызметін жүзеге асыру мен бағыттары жағдайларына 
қарай бөлінеді: қарапайым түрдегі шығындар және басқа да шығындар. 
Шығындарды басқарудың мәні болып корпорацияның барлық жағынан 
көпмәртелі шығындары табылады. 
Басқарудың мәні ретінде шығындардың ерекшеліктері: 
- динамизм, олар тұрақты қозғалыста, өзгерісте; оларды статистикада 
шартты қарау нақты өмірге әсерін тигізбейді; 
- көп түрлілігі, ол әдістердің,тәсілдердің көптүрлілігін және шығындарды 
басқару тәсілдерін негіздейді; 
- шығындарды дәл өлшеу әдістері және есепке алудың болмауынан 
өлшеу, есепке алу және бағалау қиындығы; 
- экономикалық нәтижеге әсер ететін күрделілігі мен қарама-қайшылығы. 
Ақшалай шығыстарды экономикалық мазмұнын негізге ала отырып, үш 
топқа бөлуге болады: 


57 
1) пайда табуға байланысты шығыстар- өндірістік процестің қызмет 
көрсетуге жұмсалатын шығындарын, өнімді іске асыруға арналған 
шығындарын, жұмыстардың өнімін, қызмет көрсетуді, инвестицияны қамтиды; 
2) пайда табуға байланыссыз шығыстар – бұл тұтынушылық сипаттағы 
шығындар, сонымен бірге қайырымдылық және гуманитарлық мақсаттағы 
шығындар. Осында кәсіпорынның жұмысшыларына көтермелеу төлемдерін 
қосуға болады, мемлекеттік емес сақтандыру және зейнетақы қорларына 
аударымдар,әлеуметтік-мәдени сала және саясатты дамыту аударымдары. Осы 
түрдегі шығындар оның беделін қалыптастыра отырып,компанияның 
табыстылығына тікелей әсер етуі мүмкін; 
3) мәжбүрлеу шығыстары – бұл салықтар мен салықтық төлемдер
мемлекеттік бюджеттен тыс қорларға аударымдар, міндетті сақтандыру 
бойынша шығыстар, резервтер құру, айыппұл санкциялары. 
Пайдалар мен залалдар туралы есепті жасау кезінде шығыстар кәдімгі 
қызмет түрлері және басқа да шығындар бойынша шығыстарға жіктеледі. 
Кәдімгі қызмет түрлері бойынша шығыстар – бұл өнімдерді 
(жұмыстарды, қызметтерді) дайындауға және сатуға,сонымен бірге тауарларды 
сатып алуға және сатуға байланысты шығыстар. Кәдімгі қызмет түрлері 
бойынша шығыстар бухгалтерлік есепте сомамен көрсетіледі, құндық формада 
білдіріледі, ақшалай тең шамада ақы төлеу немесе өзгеше түрде немесе 
кредиторлық берешек шамасында. 
Кәдімгі қызмет түрлері бойынша шығыстарға кіреді:
- материалдық шығындар (шикізат пен материалдар, жартылай 
фабрикаттар мен жиынтықтаушы бұйымдар, отын мен энергияның барлық 
түрлері, ыдысқа арналған шығыстар және ыдыс материалдары шығындары, 
АТЗ сатып алуға байланысты шығындар қызмет көрсетулері үшін өндірістік 
сипаттағы және т. б.)басқа ұйымдарға берілген құралдар; 
- еңбекке ақы төлеуге арналған шығындар (ақшалай және корпорацияның 
жұмысшыларына жұмыс күшінің қалыпты өсімін молайтуды қамтамасыз ету 
үшін табиғи төлемдер); 
- әлеуметтік қажеттіліктерге аударымдар (қосымша демалыстардың 
төлемдері, бір жолғы жәрдемақы, барлық салықтар мен салықтық төлемдері 
төлегеннен кейін корпорациясының иелігінде қалатын пайда есебінен 
жүргізілетін өтемақы және басқа да төлемдер); 
- амортизация; 
- өзге де шығындар.
Бухгалтерлік есепте басқару мақсаттары үшін шығыстар баптары 
бойынша шығындарды есепке алу ұйымдастырылады. Шығындар баптарының 
тізбесін ұйым дербес белгілейді.
Басқа да шығыстар мыналарды қамтиды:
- операциялық шығындар (сатуға , шығарылуына және басқа да негізгі 
құралдарды және өзге де активтерді есептен шығаруға байланысты шығыстар; 
ақша қаражаттарын пайдалануына бергені үшін ұйым төлейтін пайыздар
патенттерден оған өнеркәсіптік үлгілер және басқа да зияткерлік меншік 
көрсету үшін ақы құқықтарын ұсынуға байланысты туындайтын шығыстар); 


58 
Бухгалтерлік есепте мынадай шарттар сақталған кезде шығыстар 
мойындайды: 
1) шығыс нақты шартқа,заңнамалық және нормативтік актілері 
талаптарына, іскерлік айналым дағдыларына сәйкес жүргізіледі; 
2) шығыстар сомасы анықталуы мүмкін; 
3) нақты операциялар нәтижесінде ұйымның экономикалық пайдасының 
азаюы жүреді деген сенім бар; 
4) амортизация ұйым қабылдаған амортизацияның есептеу тәсілдерінің 
және пайдалы қолдану мерзімінің амортизацияланатын активтерінің құнының 
негізінде 
анықталатын 
амортизациялық 
аударымдардың 
шамасының 
шығындары ретінде танылады. 
Егер осы ең болмағанда бір кәсіпорынның шығыстарына қатысты жағдай 
орындалмаған болса,онда есепте бұл шығындар дебиторлық берешек деп 
танылады.
Өнімді өндіруге және өткізуге ақшалай түрдегі шығындар өнімнің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет