Қостанай, 017 ОӘЖ 005 (075) кбж 65. 292-93 (5Қаз)я73 у-12



Pdf көрінісі
бет46/74
Дата29.09.2023
өлшемі1.98 Mb.
#479235
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   74
uakpaeva m kajyrbaeva g korporativtik karzhy

Қарыз капиталы қайтарымды негізде корпорациясының дамуын 
қаржыландыру үшін тартылатын ақша қаражаттарын немесе басқа да мүліктік 
құндылықтарды сипаттайды. 
Қаржы міндеттемелері қазіргі шаруашылық тәжірибеде былайша 
сараланады: 
1) ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер: ұзақ мерзімді банк несиелері 
мен ұзақ мерзімді қарыз қаражаттары; 
2) қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер: қысқа мерзімді банк 
несиелері, қысқа мерзімді қарыз қаражаттары, әр түрлі кредиторлық берешек 
түрлері. 
Шаруашылық қызметін кеңейту үшін корпорацияға тартылатын қарыз 
капиталы құрамында басты рөлді банктік және коммерциялық кредиттер алады. 
Банк несие мақсатты пайдалану үшін белгіленген мерзімге, белгілі бір 
пайызбен клиентке банк ұсынатын ақшалай қарыз қаражаттары болып 
түсініледі. Несие беру нысандары төменде келтірілген.
1. Бланктік (қамтамасыз етілмеген) несие -жекелеген шаруашылық 
операцияларын жүзеге асырушы. Әдетте, ол корпорациянының есеп айырысу-
кассалық қызмет көрсетуін жүзеге асыратын коммерциялық банктен 
ұсынылады. Формальды түрде сипаты қамтамасыз етілмеген, бірақ іс жүзінде 
оның есеп айырысу құралдарымен және сол банктің басқа да шоттарында 
корпорацияның дебиторлық берешегі шамасымен қамтамасыз етіледі. Сонымен 


87 
қатар, бұл несие түрі "өзін-өзі жоюшы" болып табылады,әдетте, ол арқылы 
жүзеге асырылған шаруашылық операциясы оны жеткілікті түрде толық өтеу 
үшін ақша ағынын туындатады. Несиенің бұл түрі, әдетте, тек қысқа мерзімді 
кезеңде беріледі. 
2. Контокорренттік несие – бұл банктік несиелеудің классикалық түрі. Бұл 
терминде несиені былай түсінуге болады, банк немесе басқа кредиттік институт 
клиенттерге ұсынады және клиент содан кейін шартта белгіленген сома 
шеңберінде оны қажетті көлемде пайдалана алады. Контокорренттік несиені 
пайдалану кезінде контокорренттік шот ашылады, қаражаттарының қозғалысы 
онда түсімдер, төлемдер және соманы көрсетеді. Осы шоттан клиент өз төлем 
құжаттарын төлей алады.Осындай несиенің мақсаты- егер оның ағымдағы 
немесе есеп айырысу шотындағы қаражаты болмаған жағдайда қарыз алушыны 
төлемдерді жүргізу мүмкіндіктерімен қамтамасыз ету. Басқа сөзбен айтқанда, 
несие есебінен несиелік мекемелер клиенттерінің айналым активтерін құру 
жүргізіледі.
3. Несиелік желіні ашу. Өйткені қысқа мерзімді банктік несиеге 
қажеттілік оны нақты мерзімді кезеңде пайдаланумен байланысты бола 
бермейді, ол туралы шартты кәсіпорын банкпен несие желісін ашу түрінде 
алдын ала ресімдей алады. Осы шартта, оған нақты сұраныс қажет болғанда 
мерзімі, шарттары және банктік несиені ұсынудың шекті сомасымен 
байланыстырылады. Әдетте, банк несие желісінен пайдаланылмаған лимит 
көлемінде несие беру бойынша өзінің қаржы міндеттемелері үшін комиссиялық 
сыйақының мөлшерін (комиссиялық пайызды) белгілейді. Кәсіпорын үшін 
несиенің осы түрінің ерекшелігі, ол қарыз қаражатын өзінің оған нақты 
қажеттіліктеріне қатаң сәйкес пайдаланады. Әдетте несие желісі бір жылға 
дейінгі мерзімге ашылады.Банктік несиенің бұл түрінің ерекшелігі ол сөзсіз 
келісімшарттық міндеттемелер сипатында емес болып табылады және 
кәсіпорынның – клиенттің банктің қаржылық жай-күйі нашарлағанда жойылуы 
да мүмкін. 
4. Револьверлік (автоматты түрде жаңартылатын) несие. Ол белгілі 
бір кезеңде берілетін несиелік қаражатты кезең-кезеңмен "таңдау" ретінде 
рұқсат етілетін банктік несиенің бір түрін сипаттайды,сонымен бірге ол 
міндеттемені кезең-кезеңмен ішінара немесе толық өтеу(негізгі борыш 
сомасының амортизациясы). Міндеттемелерін өтеу шотына енгізілген қаражат 
несие шартының әрекет ету кезеңінде кәсіпорын ішінде қайта қарызға алынуы 
мүмкін (белгіленген несиелік лимит көлемінде).Негізгі борыштың қалған 
өтелмеген сомасын төлеу және одан қалған пайызы несие шартының қолданыс 
мерзімі өткен соң жүргізіледі.Бұл несие түрінің несиелік желіні ашумен 
салыстырғандағы артықшылығы,әдетте, банктен салынатын пайыздық 
мөлшерлеме деңгейі жоғары болғанмен, оның ең төменгі шектеулері болып 
табылады . 
5. Онколдық несие.Бұл несие түрінің ерекшелігі ол қарыз алушыға оның 
пайдалану мерзімі көрсетілмей (қысқа мерзімді несие беру аясында) соңғы өтеу 
міндеттемесімен оны кредитордың бірінші талабы бойынша өтеу болып 


88 
табылады.Осы несиені өтеу кезінде, әдетте, жеңілдікті кезең ұсынылады 
(қолданыстағы тәжірибе бойынша – үш күнге дейін). 
6. Ломбардтық несие. Мұндай несие кәсіпорынға кепілінің өтімділігі 
жоғары активтерді қою арқылы алынуы мүмкін, (вексельдер, мемлекеттік 
қысқа мерзімді облигациялар және т. б.) несие беру кезеңінде банкке беріледі. 
Кредит мөлшері бұл жағдайда берілген кепілзат активтерінің белгілі бір 
(барлық емес) құнының бір бөлігіне сәйкес келеді. Әдетте, несиенің бұл түрі 
қысқа мерзімдік сипатта[9]. 
7. Ролловерлік несие. Ол белгілі бір кезеңмен пайыздық мөлшерлемесін 
қарастыратын ұзақ мерзімді несиенің түрінің бірі болып табылады (яғни 
қаржы нарығының конъюнктурасының өзгеруіне байланысты перманентті 
"қайта несиелеу"). Еуропалық тәжірибеде ролловерлік несиені беруде пайыздық 
мөлшерлемені қайта қарау тоқсанына бір рет немесе жарты жылдықта жүзеге 
асырылады (жоғары инфляция жағдайы және жиі ауысым орталық банктің 
есептік мөлшерлемесінің несие үшін пайыздық мөлшерлемелерін қайта 
қараудың мерзімділігінің неғұрлым жиі болуы). 
8. Консорциумдық (консорциалдық) несие. Банктың несие саясатына 
белгіленген кредит беру нормативтерінің жүйесі немесе жоғары қауіп деңгейі 
кейде кәсіпорынның-клиенттің несиеге қажеттілігін толық қанағаттандыруға 
мүмкіндік бермейді. Бұл жағдайда кәсіпорынға қызмет көрсететін банк өзінің 
клиентін басқа банктердің несиелеуіне тарта алады,осындай несиелік 
операцияларды жүзеге асыру үшін банктердің одағы "консорциум" деп 
аталады.Кәсіпорын-клиентпен несие шарты жасалғаннан кейін банк басқа 
банктердің қаржыларын және оларды қарыз алушыға,борышқа қызмет көрсету 
кезінде пайыздардың сомасын бөле отырып шоғырландырады. Консорциумдық 
несиені ұйымдастыру үшін жетекші банк (клиентке қызмет көрсетуші) белгілі 
бір комиссиялық сыйақы алады. 
Тауарлық (коммерциялық) несие -қазіргі заманғы коммерциялық және 
қаржылық тәжірибеде кеңірек таратылған, берілетін шикізат, материалдар 
немесе тауарларға төлемді кейінге қалдыру түрінде кәсіпорындар ұсынатын 
несиенің түрі. 
Тауарлық несие мынадай негізгі түрлеріне бөлінеді: 
1. Келісім-шарт шарттарына сәйкес төлем мерзімін кейінге қалдыратын 
тауарлық несие. Бұл- қазіргі уақытта тауарлық несиенің ең кең таралған түрі, ол 
тауарларды жеткізу келісімшарт шарттарында келісіледі және арнайы 
құжаттарды әзірлеуді талап етпейді. 
2. Берешек вексельдің тууын ресімдейтін тауарлық несие. Бұл- тауарлық 
несиенің ең перспективалы түрлерінің бірі,ол нарықтық экономикасы дамыған 
елдерде және біздің шаруашылық тәжірибеде белсенді түрде енгізіліп келе 
жатқан несие. Тауар несиесі бойынша вексельдік айналым қарапайым және 
аударым вексельдері арқылы қызмет көрсетеді.
3.
Ашық шот бойынша тауарлық несие. Ол кәсіпорынның шаруашылық 
қатынастағы оның тұрақты жеткізушілерімен алдын ала келісілген 
номенклатурасының өнімді ұсақ партиялармен бірнеше рет жеткізу кезінде 
пайдаланылады. Бұл жағдайда өнім беруші жөнелтілген тауарлардың құнын


89 
кәсіпорынға ашқан дебет шотына жатқызады,ол өзінің берешегін келісілген 
келісім-шарттың мерзімінде өтейді (әдетте айына бір рет).
4. Тауарлық несие консигнация түрінде жұмыс істейді. Ол операциялардың 
сыртқы экономикалық комиссиялық түрі болып табылады, жеткізуші 
(консигнант) 
тауарларды 
жүзеге 
асыруын 
тапсырып 
,сауда 
кәсіпорындарының(консигнант)қоймасына тиейді.Консигнантпен есеп айырысу 
жеткізілген тауар сатылғаннан кейін ғана жүзеге асырылады. Консигнация 
тауарлық (коммерциялық) несиенің бір түрі ретінде қарастырылады,ол
кәсіпорын үшін қаржылық қатынаста ең қауіпсіз сипатын әкеледі. 
Кәсіпорынның шаруашылық қызметінің тиімділігі көбінесе оның 
капиталын мақсатты қалыптастырумен анықталады. Осылайша, белсенді 
капиталдың оңтайлы көлемін және құрылымын анықтау өте маңызды болып 
табылады, сонымен бірге оны жабу көздерінің ара-қатынасы.
Осыны ескере отырып, кәсіпорынның капиталын қалыптастыруды 
мынадай қағидаларға бөлуге болады (13 суретті қараңыз). 
Сурет 13–Капиталдың оңтайлы құрылымын қалыптастырудың негізгі 
қағидалары 
Қапиталдың құрылымын басқару меншікті және қарыз көздерінің 
оңтайлы қатынасын білдіретін оның аралас құрылымын құру болып 
табылады,онда капиталдың орташа алынған құны барынша азайтылады және 
нарықтық құны ең жоғарғы шекке жеткізіледі. 
Көздерін жабу құрылымын қалыптастыру оның құрамдас бөліктерінен 
әрбір ерекшеліктерін ескерумен тығыз байланысты (3-кестені қараңыз). 
Капиталды 
қалыптастыру принципі 
1. Кәсіпорынды дамытудың жақын 
арадағы перспективаларын есепке алу 
2. Белсенді капиталдың оңтайлы 
көлемі және құрылымыменн 
қамтамасыз ету 
3. Кәсіпорынның белсенді капиталының 
жабу көздерінің оңтайлы көлемін және 
құрылымын қамтамасыз ету
4. Шаруашылық қызметі процесінде 
белсенді капиталды тиімді пайдалануды 
қамтамасыз ету


90 
3 кесте – Меншікті және қарыз капиталын пайдаланудың ерекшеліктері
Капиталдың 
түрлері 
Пайдаланудағы ерекшелігі 
Пайдаланудағы кемшіліктері 
Меншіктік 
капитал 
Тарту қарапайымдылығы 
Тарту көлемінің шектеулілігі 
Пайда қызметінің барлық салаларында 
жоғары қабілеті генерациялау 
Капиталды 
қалыптастыру 
баламалы 
қарыз 
көздерімен 
салыстырудың жоғары құны 
Кәсіпорынның дамуының қаржылық 
тұрақтылығын қамтамасыз ету, оның 
ұзақ 
мерзімді 
кезеңдегі 
төлем 
қабілеттілігі
Қарыз капиталы Жеткілікті кең тарту мүмкіндіктері
Кәсіпорынның 
шаруашылық 
қызметінде 
неғұрлым 
қауіпті 
қаржылық қауіптерді жинақтау 
Оның шаруашылық қызметі қарқыны 
көлемінің 
өсу 
жағдайында 
кәсіпорынның қаржылық әлеуетінің 
өсуімен қамтамасыз ету.
Қарыз 
капиталының 
есебінен 
қалыптастырылған активтер өзге 
де тең жағдайлар кезінде пайда 
нормасының аз жинақтау 
меншікті капиталмен салыстырғанда 
ең төмен құны 
Қаржы 
нарығының 
конъюнктурасының 
ауытқуына
орай, қарыз капиталы құнының 
тәуелділігі
Тарту рәсімінің күрделілігі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет