284
172-сурет. Ақ ҧнтақ ауруы: сол жақта – дерт шалған қарақат
жапырақтары;
оң жақта – кеселді қарлыған жемістері
Түзілген қалың ӛңез тығыздалып, киізденіп, қоңырайады.
Залалданған ӛркендер қисайып, буынаралықтары қысқарады, жапырақтары
қатпарланып, майдаланып, хлорозданады.
Ауруға шалдыққан
ӛсімдіктердің ӛcyi саябырлайды.
Ауру қоздырғышы –
Sphaerotheca mors-uvae Berk, et Curt,
саңырауқұлағы. Қоздырғыш жіпшумақ және клейстотеций түрінде
қыстайды. Клейстотецийлер жаздың соңына қарай түзіліп, ал
аскоспоралары келесі жылдың кӛктемінде пiciп, жетіледі. Аталған
споралар жаз бойы түзіліп, күзге дейін ӛсімдікті залалдайды.
Аскоспоралармен залалданғанда инкубациялық кезеңнің ұзақтығы 7-
9, ал конидиялармен – 4 күн. Жақсы ӛciп жетілген ӛсімдіктер
ауруға
тӛзімді келеді. Саңырауқұлақтың қарқынды дамуына жоғары ылғалдылық
(90-100%) және 17-28°С температура оң ықпал етеді.
Ақ ұнтаққа шалдыққан қарақаттың ӛнiмi тӛмендеп, қатты
залалданғандары 2-3 жылда қурап, жойылады.
285
6.3.2.2 Антракноз
Кесел республиканың солтүстік, орталық,
батыс және шығыс
аймақтарында таралған. Кеселмен қарлыған мен қарақаттың жапырақтары,
сағақтары және жидектері залалданады. Ауруға шалдыққан дақылдардың
жапырағында майда, сарғыш-жасыл дақтар пайда болып,
кейін
қоңырайып, бip-бipімeн қосылып, ұлғаяды. Дақ бетінде эпидермиспен
жабылған қара түcтi, тегіс дӛңестер түзіледі.
Олар кейін жарылып, ақ
түйіршіктерге айналады
(173-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: