59
7-тарау. П А Р А З И Т Ж Ә Н Е Ж А Р Т Ы Л А Й П А Р А З И Т
Г Ҥ Л Д І Ӛ С І М Д І К Т Е Р
Эволюция барысында ӛсімдіктің кей түрлері
паразиттік тіршілікке
бейімделіп, ӛзгереді. Олардың ассимиляциялық
аппараты мен тамыр
жүйесі болмайды. Ӛсіп тұрған ӛсімдіктердің сабақтары мен тамырларына
жабысып, «гаустория» деп аталатын арнайы сорғыштары кӛмегімен
ӛсімдіктердің ӛткізгіш жүйесінен қоректік заттар мен суды сорып алады.
Сабақ паразитіне – арамсояу, тамыр паразитіне – сұңғыла жатады. Егер
паразит ӛсімдіктер
жапырақ аппаратын сақтап, ие-ӛсімдіктен тек
минералды қорек алатын болса жартылай паразиттер деп аталады. Оларға
омела,
мәриягүл,
ешкіқоңырау және басқалары жатады.
Арамсояулар. Арамсояулар –
Арамсояу тұқымдасының Cuscuta
туысына жататын гүлді паразит ӛсімдіктер (12-сурет).
Олар хлорофилсіз,
ие-ӛсімдік сабағына шырматылып жабысқан сабағы шӛп тәрізді,
тармақталған, жіңішке, немесе жуан, түсі қызғылт, сарғыш-қызыл немеесе
жасыл-сары. Гүлдері – ұсақ (2-7 мм), қызғылт, немесе ақшыл түсті, қысқа,
немесе ұзын, шашақ, шоқпарбас немесе түйнек гүлшоғырына жинақталған.
Жемісі – ұзындығы 1-3 мм, ішінде пішіндері шар тәрізді, сопақша немесе
шамалы ұзындау тұқымдары бар қорапша. Тұқымдары топырақта бірнеше
жылдар бойына ӛнгіштігін жоймастан сақталуға қабілетті.
Достарыңызбен бөлісу: