60
түрі бар. Ең кӛп тараған түрлері:
далалық арамсояу (Cuscuta campestris),
беде арамсояуы
(C. trifolii),
зығыр арамсояуы (C. epilinum). Біздің елдегі
арамсояудың
барлық түрлері де бір жылдық, ие-ӛсімдік ӛлгеннен соң олар
кеуіп қалады. Арамсояу ие-ӛсімдіктердің ӛсіп-жетілуін тежеп, кӛбіне
ӛлтіреді. Заладалған ӛсімдік ӛнімі тӛмендеп, ӛнім сапасы түседі. Сонымен
қатар арамсояу ӛсімдіктердің вирус ауруын да таратады.
Арамсояулар тұқымымен және сабақ бӛліктерімен кӛбейеді.
Кӛпшілік түрлері жылу сүйгіш, сондықтан негізінен оңтүстік
аймақтарда
ӛседі. Арамсояу кең тараған кезде картоп, жоңышқа, кӛкӛніс
және басқа
дақылдардың ӛнімділігіның шығыны 50%-дан астам болуы мүмкін.
Күрес шаралары: карантин талабын қатаң сақтап,
ауыспалы егісті
пайдалану; дақыл тұқымын тазарту, залалданған ӛсімдіктерді гүлдегенге
дейін жою; залалданған учаскені ӛртеу, немесе гербицидтермен жағу.
Сҧңғылалар. Сұңғыла тәрізділер тұқымдасының
Orobanche туысы –
кәдімгі паразит (13-сурет). Ол ие-ӛсімдік
тамырына сабағының қалыңдау
етек жағымен жабысып орналасады. Сабақтары етті, күрең
немесе сары
түсті, қабыршақты,
қарапайым немесе тарамдалған, етек жағы жуандау.
Гүлдері жанама бұтақтарының қолтығында орналасқан. Гүлтабаны
бесмүшелі, екі ерінді, 4 аталықты. Жемісі – кӛп тұқымды қорапша.
Тұқымдары ие-ӛсімдіктің тамырының
шығарындысының әсерінен
кӛктейді. Біздің елде кездесетін кӛптеген түрлерінің ішінде бесеуі –
күнбағыс арамсояуы, тармақталған арамсояу, мысыр арамсояуы және сары
арамсояу – ауыл шаруашылық дақылдарын зақымдайды.
Достарыңызбен бөлісу: