Оқулық Орал 015 44. Г жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық



Pdf көрінісі
бет61/228
Дата29.09.2023
өлшемі7.93 Mb.
#479238
түріОқулық
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   228
Ауылшаруашылық дақылдарының аурулары

Ӛсімдіктерді интегривті қорғау. Нақты экологиялық географиялық 
аймақта белгілі бір дақылдың ауруларына (зиянды ағзаларына) қарсы 
қолданылатын биологиялық, агротехникалық, химиялық, физикалық және 
басқа да тәсілдер кешені интегривті қорғау деп аталады. Оның мақсаты – 
пайдалы ағзалардың тіршілігін сақтай отырып, зиянды ағза түрлерінің 
санын шектеу. 
Интегривті қорғау бірқатар ӛзара тығыз байланысқан мынадай 
элементтерге негізделеді: 
1. Ӛсімдіктердің жақсы жетіліп, ауруларға тӛзімділігінің артуын, 
және жекелеген зиянды ағзалардың таралуының алдын алынуын 
қамтамасыз ететін жоғарғы агротехника; 
2. Ауруларға тӛзімді ӛсімдік сорттарын ӛсіру; 
3. Ӛсімдік ауруларының таралуын болжау негізінде құрылған 
зиянды ағзалар санын шектеуге бағытталған тиімді тәсілдерін 
(билогиялық, химиялық, физикалық және басқалары) қолдану. 
Ӛсімдіктерді қорғауда белсенді құралдар зиянкестердің зияндылық 
шегін ескере отырып, яғни зиянды ағза түрінің таралу тығыздығына 
байланысты, қолданылуы тиіс. Зиянды азалардың экономикалық тиімді 
таралу шегі аймақтың экологиялық-географиялық және дақылдың 
ерекшеліктеріне байланысты болады. 
Жекелеген қорғау шараларына қарағанда интегривті қорғаудың 
экономикалық кӛрсеткіштері жоғары болады және қоршаған ортаға 
салмағы тӛмендеу болады. 


75 
Ӛсімдік ауруларын есепке алу әдістері. Ӛсімдік ауруларын есепке 
алу үшін негізінен 2 әдісі қолданылады: тұрақты (стационарлық) 
учаскелердегі бақылау және бағытты (маршрутты) байқау
Стационарлық учаскелер белгілі бір аймаққа тән аурулар тараған 2-3 
танапта белгіленіп алынады. Бақылау бүкіл вегетация бойына әр 10 күн 
сайын жүргізіледі. Аурумен залалдану біркелкі болса бақылау ӛсімдіктері 
танаптың бір немесе екі диагоналы бойынан, ал біркелкі болмаса ӛзара 
параллель бағытпен алынады; ал залалдану бір жерде шоғырланған болса 
оның аумағы ӛлшенеді. Егер белгілі бір территорияда бір аурудан 
жекелеген ӛсімдіктер ӛлсе ӛзара қосылады. 
Бағытты (маршрутты) байқаулар тұтас ауданда дақылдардың 
аурулармен залалдану туралы мәлімет береді. Олар жыл сайын 2-3 
шаруашылық 
территориясында 
жүргізіледі. 
Бақылаулар 
аумағы 
зерттелетін дақылдың аумағының 10 %-нан кем болмауы тиіс. Барлық 
мәліметтер арнайы журналдарға жазылады. 
Астық дақылдарының вегетация кезеңінің бойына 3 бақылау 
жүргізілуі тиіс: толық кӛктеу кезінде, масақтану-гүлдеу кезінде және ору 
алдында. Міндетті түрде алғашқы белгілерінің пайда болу күнін 
белгіленеді. Ол аурудың шамамен максималды таралу мерзімін анықтау 
үшін қажет. 
Бақылау танаптың диагоналы, екі жарты диагоналы немесе оның 
конфигурациясына сәйкес тұтас учаскеде бір қалыпты ӛсімдіктердің күйін 
бағалау үшін бақылау ӛсімдіктерін алып, мұқият ӛсіп тұрған жерінде 
зертеуден басталады. Қажет болғанда бақылау ӛсімдіктерінен бау 
жасалады. 
Фитопатологиялық байқаулар кезінде аурудың туу себебі, оның 
таралуы, дамуы және зияны анықталады. Аурудың таралуы алынған 
баудағы сау және ауру ӛсімдіктерді (немесе олардың мүшелерін) есептеу 
тӛмендегі формула бойынша жүргізіледі: 
P=(a×100): N 
мұндағы, P – ауру ӛсімдіктер саны, %;
a – ауру ӛсімдіктер саны, дана;
N – жалпы ӛсімдіктер саны, дана.
Шаруашылықта, ауданда аурудың таралуы (Р
с
, %) орташа кӛрсеткіш 
болып табылады, ол тӛмендегі формула бойынша анықталады:
Р
с
 = ∑S
p
 : S
o
 
мұндағы, ∑S
p
– танаптың гектармен ӛлшегендегі ауданының кӛбейтіндісі 
мен аурудың таралуының тиісінше пайыз кӛрсеткішінің сомасы;
S
o
 – байқаудан ӛткен танаптар ауданы, га.
Аурудың дамуы, немесе ӛсімдіктердің, немесе олардың мүшелерінің 
аурумен залалдану дәрежесі зақымданған ӛсімдік мүшесіндегі дақтардың, 
ӛңездердің, 
бӛртпелердің 
санымен 
және 
залалдану 
аумағымен 
сипатталады. Залалдану дәрежесі арнайы шкаламен бағаланады да, 


76 
баллмен немесе пайызбен кӛрсетіледі. К.М.Степанов пен А.М.Чумаковтың 
(1972) ұсынысы бойынша әр балға толық сипаттама берілген 3-4 балдық 
шкала қолданылады. Мысалы,
0 балл – залалдану жоқ;
1 балл – ӛсімдік мүшесі бетінің 10 % аумағы залалданған;
2 балл – ӛсімдік мүшесі бетінің 11-25 % аумағы залалданған;
3 балл – ӛсімдік мүшесі бетінің 26-50 % аумағы залалданған;
4 балл – ӛсімдік мүшесі бетінің 50 %-дан астам аумағы залалданған. 
Аурудың даму дәрежесін бір немесе бірнеше ӛсімдіктің белгілі бір 
аумақта орташа залалдану дәрежесін сипаттайды. Ол үшін ӛсімдіктердің 
жеке мүшелерінің залалдану дәрежесінің біркелкі кӛрсеткіштерінің орташа 
арифметикалық кӛрсеткіші есептеледі:
R = ∑ав × 100 : (N × K) 
мұндағы, R – ӛсімдіктердің дамуы, %;
∑ав – залалданған ӛсімдіктер санының (а) тиісті залалдану 
балына (в) кӛбейтіндісінің жиынтығы;
N – есептелген ӛсімдіктер (сау және ауру) саны;
– есептеу шкаласының ең жоғарғы балы. 
Шаруашылықта (ауданда) аурудың дамуы орташа ӛлшенген пайызды 
сипаттайды: 
R
c
 = ∑R × S
n
 : S

мұндағы, R
c
 –аурудың дамуының орташа пайыз кӛрсеткіші;
 
∑R × S
n
– аурудың дамуы мен тиісті ауданының кӛбейтіндісінің 
жиынтығы;
S
o 
– есеп жүргізілген аудандар қосындысы, га. 
Аурудың таралуы мен дамуының мәліметтерін пайдаланып ауру 
келтірген шығынды – аурудың зияндылық дәрежесі анықталады. Аурудың 
зияндылығы ӛнім мӛлшерінің азаюы немесе оның сапасының 
нашарлауымен 
сипатталады. 
Ол 
ӛсіру 
жағдайларына, 
ауру 
қоздырғышының патогендік дәрежесіне, ӛсімдіктің басқа зиянды 
ағзалармен зақымдануына байланысты болады. Зияндылық коэффициенті 
әр зақымданудан келетін ӛнім шығынының мӛлшерімен бағаланады (балл 
немесе пайыз): 
В = (У
з
 – У
б
) 100 : У
з
 
мұндағы, В – зияндылық, немесе шығын, %;
 
У
з
– сау ӛсімдіктер ӛнімі, ц/га;
У
б 
– ауру ӛсімдіктер ӛнімі, ц/га.
Зияндылық коэффициенті кӛмегімен жүргізілген шараларға 
шаруашылық және экономикалық тұрғыдан баға беруге болады. 
Қандайда болмасын қорғаныш шаралары қолданылған аумақта 
аурудың дамуының бақылаумен салыстырғанда тӛмендеуі биологиялық 
тиімділік деп аталады. Ол тӛмендегі формула бойынша анықталады: 
Б = (Р
к
 – Р
о
) / Р
к
 × 100


77 
мұндағы, Б – биологиялық тиімділік, %;
Р
к 
– бақылау учаскесіндегі аурудың даму кӛрсеткіші;
Р
о
- ӛңделген учаскедегі аурудың даму кӛрсеткіші. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   228




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет