67
Қорытынды
Дамып келе жатқан инклюзивті білім беру
практикасы барлық білім
алушылардың білім беру қажеттіліктеріне сәйкес келетін икемді бейімделетін
білім беру ортасын құруға бағытталған. Сонымен
қатар ЕБҚ бар балаларды
жалпы білім беру процесіне қосудың көптеген мәселелері мектептегі жұмысты
қайта жоспарлаумен байланысты.
Инклюзивті білім берудің мәні балалардың әртүрлі қажеттіліктерін: тілдік,
әлеуметтік, медициналық, саяси және уақытша
өмірлік қиындықтарды қамту
болып табылады. Алайда қазіргі уақытта жалпы білім беретін мектептердің
мұғалімдері үшін білім беру процесін
ЕБҚ бар бала оқитын сыныпта
ұйымдастыру әлі де қиынға соғуда. Инклюзивті ортада жұмыс жасауда
мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігінің жетіспеушілігі, психологиялық кедергілер
мен кәсіби стереотиптердің болуы байқалады.
Инклюзия – жалпы білім беретін мектепте
ерекше білім берілуіне
қажеттілігі бар баланың жай сабаққа қатысуы ғана емес екенін түсіну керек. Бұл
мектептің өзін, мектеп мәдениетін және білім беру процесіне қатысушылардың
қарым-қатынас жүйесін өзгерту, мұғалімдер мен мамандардың тығыз
ынтымақтастығы, ата-аналарды баламен жұмыс істеуге тарту.
ЕБҚ бар балаларды оқыту процесінде
мұғалімдер мен ата-аналар
арасындағы қарым-қатынас ерекше рөл атқарады. Ата-аналар өз балаларын
жақсы біледі, сондықтан бірқатар мәселелерді шешуде мұғалім олардан құнды
кеңестер ала алады. Мұғалімдер мен ата-аналардың ынтымақтастығы жағдайды
әртүрлі
жағынан қарауға көмектеседі, демек, ересектерге баланың жеке
ерекшеліктерін түсінуге, оның қабілеттерін анықтауға
және дұрыс өмірлік
нұсқауларды қалыптастыруға мүмкіндік береді.
ЕБҚ бар балалар өздерінің ерекше қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктерін
ескеретін жағдайларда, тұрғылықты жерінде, құрдастарымен қатар оқу құқығын
жүзеге асыра алатындай мектепті дамыту жолдарын іздеу керек.
Осы аспектіде әзірленген әдістемелік ұсынымдар білім беру жүйесін және
әлеуметтік процестерді, соның ішінде ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар
баласы бар отбасын психологиялық-педагогикалық қолдауды жаңғырту
жолында алға жылжыту үшін қажет.
Әдістемелік ұсынымдар педагогке оқыту
процесін инклюзивті ортаға
бейімдеуге, білім алушылардың біліктері мен дағдыларын дамытуға,
жалпы
білім беру процесінің өнімділігі мен тиімділігін арттыруға көмек көрсетуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: