84
№ 1 кеңес.
Ешқашан баланы басқаларға ұқсамағаны үшін аяушылықпен қарамаңыз.
№ 2 кеңес.
Баламен жиі сөйлесіңіз.
Есіңізде болсын, ұялы телефон да, теледидар да,
радио да сіздің орныңызды баса алмайды.
№ 3 кеңес.
Педагогтар мен психологтардың кеңесіне жиі жүгініңіз.
№ 4 кеңес.
Мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасылармен араласыңыз. Өз
тәжірибеңізді оларға беріңіз және басқалардан алыңыз.
№ 5 кеңес.
Баланы оның міндеттері және проблемалардан қорғамаңыз. Онымен барлық
жұмыстарды бірге шешіңіз.
№ 6 кеңес.
Өз-өзіңізді жазғырмаңыз. Сізде мүмкіндігі шектеулі бала бар болғанына сіз
кінәлі емессіз!
№ 7 кеңес.
Балаңызға сүйіспеншілік қарап,
көңіл бөліңіз, бірақ ол баладан да басқа
отбасы мүшелері бар екендігін ұмытпаңыз.
№ 8 кеңес.
Отбасыңыздағы ешкім жеке өмірінен бас тартып, өзін «құрбан»
ретінде
сезінбеуі үшін өміріңізді дұрыс ұйымдастырыңыз.
№ 9 кеңес.
Үйде жылы және сыйлы жағдай қалыптастырып, балаға деген сүйіспеншілік
пен құрметті көрсете білу керек.
№ 10 кеңес.
Есіңізде болсын, бір күні бала өсіп, өз бетінше өмір сүруге мәжбүр болады.
Оны болашақ өмірге дайындаңыз, баламен ол туралы көп сөйлесіңіз.
Сонымен қатар, арнайы педагогтың түзете-дамыту сабақтарында
қолданылатын
әлеуметтік-коммуникативті, танымдық, физикалық, сөйлеу тілі,
шығармашылық-эстетикалық, психикалық функцияларын
дамытуға арналған
жаттығу, тапсырма, ойын түрлері беріліп қана қоймай, балалармен үй
жағдайында түзету жұмыстарын жүргізуге болатындығын көрсетеміз.
«Тактильды лото» ойыны
Ойын барысы: ата-аналарға 9 түрлі шар беріледі. Ол шариктердің ішінде
әртүрлі заттар (күріш, мақта, түймелер, моншақтар, ұнтақ жарма, қыстырғыш,
помпон, асқабақтың дәнегі, қарақұмық) салынған. Қатысушылар тактильді сипап
сезу арқылы шариктің ішінде қандай зат бар екендігін табулары керек.
Тактильді
лото - бұл ұсақ моториканы, логикалық ойлауды, сипап сезуді
дамытатын, көру және тактильді бейнелерді салыстыру дағдыларын үйрететін
ойын түрі. Осының арқасында бала топтасуды үйренеді, ойын барысында және
заттарды қолмен ұстағаннан ләззат алады.
«Сандарды тану» ойыны
85
Ойын барысы: қатысушылар арасынан екі ата-ана шығады. Екі ата-ана екі
үстелде жазылған көп сандардың ішінен тек қана 1 санын өшірулері керек.
Қайсы ата-ана
ертерек бітірсе, сол ата-ана жеңіске жетеді.
Бұл ойын балалардың назар аударуын, ойлау қабілетін және шапшандығын
арттыруға септігін тигізеді.
«Дидактикалық тасбақа»
«Дидактикалық тасбақа» балабақша немесе арнайы мектептер үшін
жасалған, тіпті үйде де қолдануға болады. Балалардың тұрмыстық дағдыларын
дамытуға арналған тамаша тренажер (құрылғы)! Тасбақаның сауыты түрлі
дидактикалық элементтер - баулар, жабыстырғыш, түймелер,
сыдырма ілгек,
моншақтар, түймеліктер, жіптерден тұрады.
Осы тасбақаның көмегімен біз баланың ұсақ қол моторикасын және бала
түймелерді ағытып және тағып, бауларды байлап,
сыдырма ілгекпен жабу
арқылы қарапайым тұрмыстық істерге және өзі-өзіне қызмет көрсету
дағдыларына үйретеміз, сондай-ақ мидың оң және сол жақ жарты шарының
жасушаларын белсендіреді екенбіз.