Ауылшаруашылыєы жануарларыныѕ гигиенасы практикумы


 Судың кермектігін анықтау



Pdf көрінісі
бет36/79
Дата02.10.2023
өлшемі1.97 Mb.
#479521
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   79
Зоогигиена каз китап

4.4 Судың кермектігін анықтау
Жұмыстың мақсаты: судың карбонатты және жалпы
кермектігін анықтау әдістемесін меңгеру.
Судың кермектігі ондағы сілтілі металлдар кальций мен
магнийдің еріген тұздарының болуына байланысты. Кейбір жағдайда
судың кермектігі темір, марганец, алюминийдің шала тотық
тұздарының болуымен шартталады.
Судың кермектігінің артуы оның ыдырау барысында топырақтан
кальций мен магнийдің кермек тұздарын сілтілеуге жағдай жасайтын
көмірқышқылы түзілетін органикалық заттармен ластануына
байланысты болуы мүмкін.
Кермектіктің: жалпы, карбонатты, жойылатын және тұрақты
түрлері болады.
Жалпы кермектік- кальций мен магний тұздарының бүкіл
жиынтығымен шартталған шикі судың кермектігі.
Карбонатты кермектік- кальций мен магнийдің еріген
гидрокарбонаттары және карбонаттарымен шартталған шикі судың
кермектігі.
Жойылатын кермектік- судың қайнатқан кезде жойылатын
кермектігі, кальций мен магнийдің суды қайнатқанда ыдырап,
ерімейтін көмірқышқыл тұздарына айналатын қос көмірқышқыл
тұздарының болуымен шартталады.
Тұрақты кермектік- судың бір сағаттық қайнатудан кейін
хлоридтер, сульфаттар, бірен саран кальций мен магний карбонаттары
қалатын кермектігі.
Судың кермектігі 1 литр суда миллиграмм-эквивалентпен
көрсетіледі. Кермектіктің бір миллиграмм-эквиваленті 28 мг кальций
тотығының (немесе 1 л судағы 20,16 мг магний тотығының)
мөлшеріне сәйкес келеді.
Егер есептеуді кальций мен магнийдің мөлшері бойынша ғана
жүргізсе, онда 1 мг/экв кермектік 1 л судағы 20,04 мг кальций немесе
12,16 мг магний мөлшеріне сәйкес келеді, мұнда 20,04 пен 12,16 –
кальций мен магнийдің атомдық салмағының жартысына тең болатын
эквивалентті салмағы.
Судың кермектігін градуспен де беруге болады. Кермектіктің бір
градусы 10 мг кальций тотығының мөлшеріне сәйкес келеді. Бұдан 1
л судың 1 мг/экв кермектігі 2,8

тең.
61


Кермектігі 10

(1 л суда 3,5 мг/экв) дейін болатын су жұмсақ, 10
нан 20
0
(1 л суда 3,5-7 мг/экв) – орташа кермектік, 20-30
0
(1 л суда 7-
10,5 мг/экв) – кермек және 40
0
жоғары (1 л суда 14 мг/экв) – өте кермек
болып саналады. Ауыз судың жалпы кермектігі 30-40
0
жоғары
болмағаны жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   79




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет