Су сынамасын шайқап, стаканға 1 л құйып алады. Суда 50 мг/л
көп қалқымалы заттар болғанда 1 л азырақ алуға болады.
Алынған су сынамасын күлсізденген 105
о
С тұрақты салмағына
дейін
кептірілген, 0,0002 г дейінгі дәлдікпен өлшенген қағаз сүзгі
арқылы сүзеді. Сүзгіден өткізгеннен кейін сүзгі қағазды шөгіндісімен
қайтадан тұрақты салмағына дейін кептіреді де 2 және 1 өлшеу
айырмалары бойынша қалқымалы заттардың мөлшерін формула
бойынша есептейді:
Х = (1000 (d
1
– d
2
)) / V
мұнда: d
1
– фильтрациядан кейінгі сүзгі қағаздың салмағы; d
2
–
сүзгі қағаздың
фильтрацияға дейінгі салмағы; V – сүзілген судың
көлемі (1 л).
4.7.2 Құрғақ қалдықты анықтау
Сүзілген суды табақшада буландырады да, қалдығын 105
о
С
температурада кептіреді. Буландыру үшін қыздырылған және
суытылған табақшаға 50 – 250 мл талданатын суды құйып, электрлі
плиткаға қояды. Суды құрғағанша
буландырып болғаннан кейін
табақшаны кептіргіш шкафқа салады. Құрғақ қалдықты формула
бойынша есептейді:
Х = ((А – В) 1000) / V , мг/л.
мұнда: А – құрғақ қалдығы бар табақшаның салмағы, мг; В –
бос табақшаның салмағы, мг; V –
талданатын судың көлемі, мл.
4.7.3 БПК
5
анықтау
Судағы органикалық заттардың аэробты биохимиялық ыдырауы
барысында белгілі бір уақыт интервалында шығындалған оттегі
мөлшері оттегіні биологиялық тұтыну
немесе БПК
5
деп аталады.
Анықтау су сынамасындағы оттегінің стандартты шарттарда
инкубацияға дейін және одан кейінгі
мөлшерлерінің айырмасы
бойынша жүргізіледі.
Стандартты шарттарға:
1) +20
о
С температурада судың ауасыз бес тәуліктік
инкубациясы.
2) Сынаманы сұйылтатын сумен оттегі 5 тәуліктен кейін 3 мг/л
төмен болатындай етіп сәйкесінше сұйылту.
3) Сынама тәжірибенің алдында 8-9 мг/л концентрацияға дейін
оттегімен қанығуы қажет.
Талдауды жүргізу. Мүмкін болатын БПК 6 мг/л жоғары болса,
келесі түрде сұйылтады:
70