Ауылшаруашылыєы жануарларыныѕ гигиенасы практикумы


Қатаң азықтарды органолептикалық талдау



Pdf көрінісі
бет47/79
Дата02.10.2023
өлшемі1.97 Mb.
#479521
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   79
Зоогигиена каз китап

5.1.2 Қатаң азықтарды органолептикалық талдау
Шөп пен сабанның
 біркелкілігін көзбен болжап анықтайды, оның
ботаникалық құрамына назар аударады.
Астық тұқымдастардың
негізгі ерекшеліктері: сабағы - қуыс, түйіндермен жабдықталған,
жапырақтары тар, ұзынша, гүлдері масақ немесе сыпртқы түрінде
болады. Бұршақты өсімдіктер жуан бұтақталған сабақты, ұсақ қысқа
жапырақты болады. Жеуге жарамсыз өсімдіктердің (сарықалуен,
қамыс, зығырлық шайқурай, мүктер, қияқөлең, жусан, папоротниктер,
қымыздық, қырықбуындар) болуына назар аударады.
Улы және
зиянды шөптердің болуын анықтау (гербарий бойынша) ерекше
маңызға ие.
Ылғалдылықты шөпті немесе сабанды ширатып орау арқылы
анықтайды. Құрғақ шөп (ылғалдылығы 15-16 %) ширатып орау
кезінде шытырлайды, қолмен оның қаттылығы сезіледі, бүктеп,
жазғанда шоқ сынады. 17% ылғалдылықты шөп ширатып орау кезінде
ешқандай дыбыс шығармайды және қолға жұмсақ көрінеді. Оны ары
қарай ширатып орау оның жарылуына соқпайды.
 Ылғалдылығы 20 %
дейінгі шөп ширатып орау кезінде дыбыс шығармайды және сонымен
қатар ұстағанда салқын болып сеізледі. Мұндай шөп дымқылға
жатады. 20 % көбірек ылғал болған кезде ол ширатылған шоқ бетінде
көрінеді.
Сабан ылғал мөлшері 14 % көп емес болғанда құрғақ деп
есептеледі. Орташа құрғақ сабанда ылғал 14 тен 15 % дейін болады.
Ылғалдылығы 16 дан 20 % сабан дымқыл деп саналады. 20 % жоғары
ылғалды сабан дым болып табылады.
Шөптің түсі жинау мен сақтаудың дұрыстығын көрсетеді.
Дұрыс жиналған шөптің түсі әдетте әртүрлі реңді жасыл болады:
астық тұқымдастарда – сұр реңді, бидайықты, селеулі – көкшіл-сары,
жоңышқалы – жарқын түсті, жасыл. Қышқыл астық тұқымдастардан
(қияқөлең) тұратын шөптің түсі қою жасыл болады. Шөпті дер кезінде
жинамағанда, кептірмегенде және дұрыс сақтамағанда оның түсі мен
76


қоректік құндылығы жоғалады. Шөптің ақ түсі шабылған шөптің
шөмеледе күнде ұзақ жатып қалғандығын көрсетеді. Мұндай шөпте
көптеген қоректік заттар (әсіресе дәрумендер) жойылады. Ашық-сары
түс жинау кезінде жаңбырдың астында қалып қойған шөпке тән.
Жарқын-сары түс су тиген шөпте маяда сақтағанда болады. Оның
әдетте борсыған иісі болады. Күңгірт -сары, қоңыр, күңгірт түс бұзыла
бастаған, шіріген шөпте болады. Әдетте маялардың үстіңгі қабатында
кездеседі.
Сабанның түсі өсімдік түріне, жинау және сақтау шарттарына
байланысты. Сапалы бидай, қара бидай, арпа және сұлы сабаны ашық
–сары түсті қоңыр түсті түйіндерімен; тары сабаны жасылдан күңгірт-
жасыл түске дейін боялған күңгірт-қоңыр түсті түйіндерімен болады.
Сапалы сабанның өзіне тән жылтыры болады.
Иісі. Құрғақ жаңадан жиналған шөптің арнайы, өзіне тән хош иісі
болады. Кейде шөп иісі онда хош иісті шөптердің: хош иісті
сиыржоңышқа, түйежоңышқа, жусан қоспасы болуы байланысты.
Сазды шөпте иіс болмайды. Шөпті
 ұзақ сақтағанда, жаңбыр астында
жатып қалғанда, тамырымен артық тұрып қалғанда иісі жоғалады.
Шөптің иісі сақтау шарттарының бұзылуы кезінде өзгереді. Дымқыл
шөп сақтау барысында қызады да, пісірілген нан иісіне ие болады,
бұдан кейін көгереді және өңез иісі шығады. Шіріп кеткен шөп
топырақты шірік иісті болады.
Иісін дәл анықтау үшін зерттелетін шөптің аздаған үлесін (20 г)
ұсақтап турап, стаканға салады да ыстық (60
0
) су құяды. Стаканды
шынымен жауып, 2-3 минутқа қалдырады. Кейіннен иісін анықтайды.
Әрбір түрдің сапалы шөбі көгерген, борсыған иіссіз, химиялық
қосылыстарсыз өзгеше иісімен ерекшеленеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   79




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет