Ауылшаруашылыєы жануарларыныѕ гигиенасы практикумы


Қатты азықтарды зертханалық талдау



Pdf көрінісі
бет48/79
Дата02.10.2023
өлшемі1.97 Mb.
#479521
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   79
Зоогигиена каз китап

5.1.3 Қатты азықтарды зертханалық талдау
Жеуге жарамсыз қоспасын анықтау. Шөптің жеуге жарамсыз
бөлігіне қатты өсімдіктер, бүлінген шөп, шөп-шалаң қоспалары –
арамшөптердің тұқымдары, құм, шаң жатады. Шөп-шалаң қоспасын
анықтау үшін шөп үлгісін өсімдіктерді сындырмай, 1 г дәлдікпен
абаайлап өлшейді. Өлшенген үлгіні тығыз қағазға қағады.
Өсімдіктердің 2-3 см болатын кішкентай бөлшектерін қолмен таңдап,
жеуге жарайтын бөлімге қосады. Қалғанын диаметрі 3 мм дөңгелек
тесікті елеуішпен қағазға елейді.
Елеуіштен өткен сазды бөлшектерден, құмнан және ұсақталған
өсімдік бөлшектерінен құрылған шөп-шалаң қоспасын 0,1 г дейінгі
дәлдікпен техникалық таразыда өлшейді және осы қоспаны анықтауға
алынған үлгі салмағына % көрсетеді.
77


Қоспасы 3 % жоғары болса, шөп классыз деп есептеледі, шөп-
шалаң қоспасы 1-3 % болған кезде класс шөп классты, ал 10 % көбірек
мөлшерде болса шөп жеуге жарамсыз деп танылып, бракка
шығарылады.
Шөпті ботаникалық талдау. Шөп шалаңнан арылтқаннан
кейінгі қалған үлгінің 100 – 300 г мөлшеріндегі (шөптің ірілігіне
байланысты) бөлігін келесі топтарға ажыратады: 1) астық тұқымдас
өсімдіктер; 2) бұршақты өсімдіктер; 3) басқа да жеуге жарамды
шөптер; жеуге жарамсыз шөптер; улы және зиянды өсімдіктер
(қосымша 11).
Өсімдіктердің әрбір тобын жеке өлшеп, үлес салмағына %
көрсетеді. Шөптің ботаникалық құрамын біле отырып, оның типін,
тип тармағы мен классын анықтауға болады.
Барлық типтер мен класстар шөптерінде улы және зиянды
шөптер 1%, мұнда улы шөптердің жеке шоқтары 200 г, ал зиянды
өсімдіктер 500 г аспауы қажет. 
Сабанның ластығын анықтау. Сабандағы арамшөп және улы
шөптерді анықтау үшін 100-300 г сабан сынамасын топтарға – таза
сабан, арамшөптер, қатты және жеуге жарамсыз шөптер, зиянды және
улы шөптер деп бөледі. Әрбір фракция 0,1 г дәлдікпен өлшенеді және
жалпы салмағына % көрсетіледі. Сабанда зиянды және улы шөптердің
мөлшері 1 % көбірек немесе шоқтық улы шөптердің салмағы 0,2 кг
жоғары болса, сабан азықтандыруға жарамсыз деп танылады.
Сонымен қатар, 10 % көбі шірік, көгерген, мұз қатқан қоспасы бар
сабан сапасыз деп есептеледі.
Шөп пен сабанның шаңдылығын анықтау.
Сапалы шөпті және
сабанды қағу кезінде шаң әзер көрінетін болады. Шаңның болуы мен
мөлшерін су сығындысы бойынша анықтауға болады. Ол үшін
стаканға 100 мл дистиллденген құяды да, ұсақ туралған 10 г шөп
немесе сабан салып, стаканды сәл шайқайды. Лайланудың байқалуы
және оның дәрежесі шаңның бары және оның сандық мөлшері туралы
білдіреді.
Тұздар мөлшерін анықтау. Шөптің жақсы сақталуы және желінуі
үшін кейбір шаруашылықтарда маялағанда шөпке тұз себеді. Оның
шөпте болуы азотқышқылды күміспен сынама жасалып анықталады.
10 г ұсақталған шөпті колбаға орналастырады да, хлоридтері жоқ 50-
100 мл дистиллденген су құяды және 2 минут шайқайды. Осыдан
кейін сығындыны тұндырып, сүзеді. Азотқышқылды күміс
ерітіндісінің 5-6 тамшысын 10 мл фильтратқа қосады. Хлорлы
күмістің ақ тұнбасы байқалуы шөпте тұз барын көрсетеді.
78




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   79




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет