Жаңадан бастаушыларға арналған механикалық ӨҢдеу


Бұрмалы үстелдердің айналуы



Pdf көрінісі
бет126/246
Дата04.10.2023
өлшемі6.75 Mb.
#479844
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   246
Білдектерді автоматтандыру

Бұрмалы үстелдердің айналуы 
Біз тік көп мақсатты білдектер туралы әңгіме қозғағандықтан, кемшіліктердің бірін 
талқылап кетейік: бұрышты басшасыз (ол туралы сәл кешірек айтып кететін қондырғы) ТКБ 
дайындаманың тек жоғарғы қабатын ғана өңдей алады. Қапталдағы бірнеше саңылауды 
бұрғылау немесе бұрыштық қуыстардың ең кішісін де фрезерлеу ешқашан мүмкін болмайды. 
Бөлшектің осы жекелеген элементтері өзіндік баптауды қажет етеді, қондырғылар үшін 
қосымша шығын шығартады, үдерістегі қосымша жұмысты туындатады және соңғы 
операцияда қателік жіберіп алып, енді барлығын басынан бастау керек болғандықтан, барлық 
жұмысты бүлдіріп алуыңыздың ықтималдығын арттырады.
Адамдар осы мәселемен фрезерлік білдектер пайда болған уақыттан бері алысып 
келеді, міне, сондықтан бір кәсіпкер жан алғашқы бөлгіш бастиекті ойлап тапты (түрлі 
бәсекелес патенттер 1900 жылдары берілген). Айырғыш және бөлгіш бастиектер жоғары 
дәлдікпен орналастыру үшін бөлшектерді дәл бұрауға мүмкіндік береді. Егер периметр 
бойынша бірқатар саңылауларды дөңгелек түрінде бұрғылағыңыз келсе, тегершікті немесе 
шиыршықты кескіңіз келсе немесе алтықырлы шығырдың төрт жағын өңдегіңіз келсе, айырғыш 
бастиек таптырмайтын нәрсе! Бөлшекті жай ғана оның үстіне орнатыңыз, қажетті есептеулерді 
жүргізіңіз, сонда берілген ұзындыққа дүркін-дүркін қозғалу пайда болады.
«Джин Хаас» есімін теріңіз. Егер сіз білдекші болсаңыз, бәлкім, оның компаниясы 
туралы естіген боларсыз, себебі ол қазіргі кезде АҚШ-тағы ең ірі білдек соғушы компания 
болып табылады. 1980 жылы Хаас Калифорниядағы шағын механикалық цехты басқарған 
және иеленген. Ол өз қызметкерлерінің бірінің білдегін бақылай отырып, бөлшектерді 
индекстейтін жақсырақ тәсіл болуы тиістігін түсінген. Көп ұзамай ол іске бағдарламаланатын 
қадамдық қозғалтқыш арқылы қосылатын «HBI-5C» индекстеу бастиегін ойлап тапқан, ал 
1986 жылы ол өзінің өнертабысы үшін АҚШ-тың № 4576530 м патентімен марапатталған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   246




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет