Жаңадан бастаушыларға арналған механикалық ӨҢдеу



Pdf көрінісі
бет164/246
Дата04.10.2023
өлшемі6.75 Mb.
#479844
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   246
Білдектерді автоматтандыру

Сипаттайтын қасиеттері 
Осы таңбалардың барлығы назарыңызды аудартады, бірақ олар нені білдіреді?
Біріншіден, олардың бес элементтер түріне топталғандығына назар аударыңыз: пішін, кескін, 
бағдар, орналасқан жері және ауытқу. Олар әрқайсысы бақылау үшін пайдаланылуы мүмкін 
өлшем түрін сипаттайды. Жазықтыққа көңіл бөліңіз ‒ 0,005 сілтемесі аталған беткі қабаттың 
еш жерде осы шамадан аспауы тиістігін білдіреді. Тура осы жұмырлыққа (кейбіреулер оны 
дөңгелектік деп те атайды) және цилиндрлілікке де қатысты, осының екеуі де саңылаулар 
мен біліктерді анықтау үшін кеңінен таралған тәсілдер болып табылады.


164 
Орналасқан жері анықтамалық мәліметтерді қажет ететін тағы бір ерекше сипаты 
болып табылады. Берілген элемент үшін әрбір бағыттағы +/- шақтамаларды анықтаудың 
орнына орналасқан жері «Сіз осы аяққы шақтамадан ауытқи аласыз» деп, баланың ұйқыға 
жататын бұлжымас уақытын белгілеген секілді мәлімдейді. «Қызыққұмар Джордж» туралы 
әңгімедегідей орнынан тұрмастан су ішу. Осы өсиет «MMC», «LMC» және «RFS» шарттары 
арқылы жақсартыла алады (олардың нені білдіретінін ұмытып қалған болсаңыз, бір-екі бетке 
артқа қайтыңыз) және осының бәрі «кесімді орналасқан жерге» қол жеткізудің күрделілігіне 
айтарлықтай ықпал ете алады
.
Метрикалық жүйе ғасырлар бойы ғұмыр кешуде. Ол бүкіл әлемде 
«Халықаралық бірліктер жүйесі» немесе «SI» ретінде танымал әрі 
ғаламшардағы әрбір мемлекетте дерлік өлшеудің ресми стандарты болып 
табылады. Олардан ерекшелері ‒ Либерия, Бирма және АҚШ (олар 
британдық империялық өлшеулер жүйесін пайдаланады). Оның саяси және 
техникалық та себептері бар, осының еш мағынасыз екендігі туралы айтудың 
мәні жоқ. Істің мәні өте қарапайым: Сіз білдекші-оператор ретінде
метрикалық өлшеу жүйесінен британдық империялық өлшеулер жүйесіне 
өткен кезде үнемі сақ болуыңыз тиіс. Егер олай болмаса, аса жағымсыз 
нәрселер орын алуы мүмкін және солай болады да (метриканы түрлендіруде 
жіберілген қателік үшін Марстың беткі қабатында құны 125 миллион доллар 
тұратын ғарыш кемесін жарып алған НАСА-дан сұрасаңыз болғаны).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   246




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет