Жаңадан бастаушыларға арналған механикалық ӨҢдеу


Виртуалды америкалық төбешіктерде сырғанау



Pdf көрінісі
бет227/246
Дата04.10.2023
өлшемі6.75 Mb.
#479844
1   ...   223   224   225   226   227   228   229   230   ...   246
Білдектерді автоматтандыру

Виртуалды америкалық төбешіктерде сырғанау 
Осының бәрі әлі де таңғажайыптар әлемінен келген, бірақ аздап қана. Былтыр мен 
виртуалдық шындықтың (virtual reality, VR) Гугл Кардборд (Google Cardboard)
қондырғыларының бірін ‒ смартфонның алдыңғы бөлігіне бекітіліп, заманауи «View-Master» 
(виртуалдық шындық көзілдірігі, брэнд) секілді ішіне үңілуге мүмкіндік беретін және айға 
қонуды қадағалай отырып, виртуалды америкалық төмпешіктерде сырғанауға мүмкіндік 
беретін голографиялық нәрсені сатып алдым. Өкінішке орай, мен сайтан алғыр нәрсені 
жұмыс істете алмадым. Менің көзім белдік сынып қалғанға дейін Солтүстік Атлантиканың
тереңіне батып бара жатқан виртуалды «Титаникті» шалып қалды, содан соң «Гугл 
Кардборд» жерге түсіп кетіп, линзасы сынып қалды.
Алайда бұл тәжірибем маған керемет ой тастады. Егер білдек операторлары өз 
білдектерін үңіліп көру үшін, «VR» виртуалды шындық дулығаларын пайдалана алса ше? 
Мүмкін олар жұмыс нұсқаулықтарын және ӨБАЖ үш өлшемді модельдерін қарай алған болар 
еді, кесетін құралдың жағдайын тексеріп, бағдарламаны редакциялап немесе үдерісті тоқтата 
алған болар еді, осының бәрін ол басына киілген және виртуалды қолғаптармен 
басқарылатын қашықтық дисплейі арқылы жасаған болса ше? 
Мен соншалықты есуас емес екенмін. «Аутодеск» (Autodesk) және «Майкрософт» 
(Microsoft) секілді бағдарламалық жасақтамаларды жеткізушілер «VR» виртуалды шындықты 
қолдауы бар инженерлік жүйелерді жасау мүмкіндігін қарастырып жатқан көрінеді. Автокөлік 
концерні «Форд» (Ford Automotive) «VR»-ды өз автокөліктерінің құрылымын талдау үшін, ал 
«BAE Systems» қорғаныс жүйелерін өндіруші оны өнім жасау үдерісін қарқындату үшін 
пайдаланады. Соңғы бірнеше жылда кейбір университеттер виртуалды шындық негізінде 
машиналарды модельдеу жобаларының басталғаны туралы жария етті, олардың бірі СББ 
бағдарламалары бір күні виртуалды шындық әлемінде қол қимылының көмегімен жасалуы 
мүмкін деп пайымдайды. Ең соңында, материалдар өндірісімен айналысатын жетекші 
компаниялардың бірі жақын арада виртуалды шындықты қалыптамада пайдалану туралы 
шешімін жариялайды. Технологиялардың осы саласындағы қарқындауды көздің астымен 
бақылап отырған жаман болмас еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   223   224   225   226   227   228   229   230   ...   246




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет