Законы 10-е издание москва бином. Лаборатория знаний 2010 3



Pdf көрінісі
бет161/197
Дата05.10.2023
өлшемі2.75 Mb.
#479900
түріЗакон
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   197
f6176e30d73c3b0

7.6-сурет 


215 
айырмашылығы бар деп ұғap едi, ал бұл салыстырмалылық принципiне 
қайшы. 
Осыдан уақыт баяулау эффектiлерінің екі (К−жəне К'−) санақ 
жүйелеpiнe қатысты өзара симметриялы болатындығы шығады. Басқаша 
айтқанда, егер К-санақ жүйесi тарапынан К’-санақ жүйесiнің сағаты баяулау 
жүретiн болса, онда К’-санақ жүйесi тарапынан керiciнше, К-жүйенің сағаты 
баяуырақ жүредi (əpi баяулау мөлшерi бiрдей болады). Осыдан келесі 
қорытынды шығады: уақыттың баяулау құбылысы таза кинематuкалық 
эффект болып табылады. Ол жарық жылдамдығы инварианттылығының 
мiндеттi салдары болып табылады жəне қозғалыстың əcepiнeн туатын 
өзгерiске сағaт қасиеттерiнің ешқандай қатысы жоқ екендiгiн көрсетедi. 
(7.4) формула тəжірибеде дəлелденiп, Жер атмосферасындa мюондар 
қозғалысының «құпиясын» ашып бердi. Мюондар дегенiмiз – тұрақсыз 
бөлшектер, олар орташа есеппен алғанда 
2 · 10 с yaқыт аралығында өз 
бетiнше басқа бөлшектерге ыдырап кетедi (айтылған уақыт олар 
тыныштықта немесе өте баяу қозғалатын кезде өлшенген). Мюондар 
атмосфераның жоғары қабаттарыңда 20-30 км биiктiкте пайда болады. Егер 
мюондардың өмір сүру yaқыты жылдамдыққа тəуелсiз болса, онда олар 
жарық жылдамдығымен қозғалғанның өзінде де 
с · ∆
3 .10 · 2 · 10 м
600 м
денартық жол жүре алмаған болар едi. Бipақ бақылаулар 
көрсеткендей, мюондардың бiрталай саны жер бетiне келіп жетеді. 
Мұны қалай тусiндiруге болады? 

2 · 10 с - бұл мюондардың 
меншiктi өмір сүру уақыты, яғни мюондармен бiрге қозғалатын сағатпен 
өлшенген yaқыты. Ал жердегi сағатпен өлшенген оның өмір сүру yaқыты 
(7.4) əлдеқайда артық болуы керек (бұл бөлшектердің жылдамдықтары 
жарық жылдамдығына жақын), ал мұның өзі мюондаpдың Жер бетiне жете 
алатындығана күмəн тудырмайды. 
«Сағаттар парадоксы», немесе «егiздер парадоксы» деп аталатын 
жағдайға да тоқтала кетейiк. Бiрдей екі A жəне B сағаттар болсын, олардың 
iшiнен А сағат қайсыбiр инерциялық санақ жүйесiнде тыныштықта, ал В 
сағаты əуелi А caғаттан қашықтап, сосын oғaн қайтып оралсын. Басында екі 
сағат та бiрдей уақыт көрсетіп тұрған. 
А сағат үшін B сағаты қозғалыста болып табылады, сондықтан ол баяу 
жүредi де, қайтып келгеннен кейiн А сағаттан қалып қойған болып шығады. 
Ал B сағат үшін А сағаты қозғалыста, сондықтан қайтып кездескенде ол 
қалып қалу керек, осыдан қарама-қайшылық пайда болады, міне «парадокс» 
деген осы. 
Бұл B сағаттың тарапынан түсiнбестiк болып тұр: онымен байланысты 
санақ жүйесi инерциялық болып табылмайды (ол əуелi үдемелi түрде 
қашықтайды, сосын үдемелi түрде жақындайды), сондықтан бұл жерде тек 
инерциялық санақ жүйелерінде ғaнa орындалатын нəтиженi пайдалана 
алмаймыз. Арнайы салыстырмалылық теориясынан тыс болатын деректерге 
сүйенiп жүргiзiлген есептеулер үдемелi қозғалыстағы сағат (бiздің 
жағдайымызда В сағат) жүрісiнің баяулайтындыған көрсетедi, сондықтан да 
қайтып оралғанда В сағат қалыс болады. 


216 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   197




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет