Законы 10-е издание москва бином. Лаборатория знаний 2010 3



Pdf көрінісі
бет164/197
Дата05.10.2023
өлшемі2.75 Mb.
#479900
түріЗакон
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   197
f6176e30d73c3b0

7.9-сурет 
7.10-сурет 


218 
шыбықтармен байланысқан инерциялық санақ жүйелерін бiр-бiрiнен 
ажырата алар едiк, ал бұл болса салыстырмалылық принципке қайшы. 
Лоренцтiк қысқару да таза кинематикалық эффект болып табылады, 
яғни қандай да бiр деформация тудыратын кернеуліктер денеде пайда 
болмайды. 
Денелердің қозғалыс бағытында қысқаруы да, уақыттың баяулауы да 
нақты болатын құбылыс, ол бақылаушының санасындағы ауытқулардан 
туған алдамшы сезiм емес. Əртүрлі санақ жүйелерінде алынған денелердің 
өлшемдерінің мəндері немесе уақыт аралықтары бəрі де тең мəнді болады 
(олардың барлығы да «дұрыс»). Бұларды түсiнудегi киындық бiздің 
күнделiктi өмip тəжірибелерімiзден туып отыр, бiздің көзiмiзге түceтiн 
қозғалыстың барлығы да баяу қозғалыстар, сондықтан да бiзге ұзындықтар 
мен уақыт аралықтары өзгерicсiз қалатын секiлдi, олар абсолюттi мəндер 
секiлдi болып көрiнедi. Ал шын мəнiсiнде олай емес. Қозғaлыс пен 
тыныштық қаншалықты салыстырмалы болса, ұзындық пен уақыт аралығы 
түсініктерi де соншалықты салыстырмалы. 
 
 
§ 7.4. Лоренц түрлендiрулері 
Eндi бiздің алдымызда аса манызды – координаттар мен yaқыттың 
түрлендiру формулаларын табу мəселесі тұр (бiр ғана окиғаның түрлі 
инерциялық санақ жүйелеріндегi координаттары мен уақыт аралықтарын 
байланыстыратын формулаларды табу).
Галилейдің түрлендiрулері жетпей ме? Бірақ бұл түрлендiрулер 
денелердің мөлшерлері олардың қозғaлысына 
тəуелсiз жəне уақыттың өтуі барлық инерциялық 
санақ жүйелерінде бiрдей болады деген тoқтамға 
сүйенедi. Өткен параграфта шын мəнiнде бұл 
тоқтамның дұрыс емес екендiгiн көрдiк, яғни 
уақыттың өтуі мен денелердің ұзындығы санақ 
жүйесiне тəуелдi болғаны. Осының бəрі Эйнштейн 
постулаттарының тiкелей салдары. Сондықтан бiзге 
Галилейдің түрлендiрулерінен бас тapтпай, оны 
дəлiрек айтқанда түрлендiрулердің жалпы жағдайы деп қарастыруғa тура 
келдi. Бiз бiрiншiден уақыттың баяулауын жəне лоренцтiк қықаруды (яғни, 
ақыры келіп Эйнштейн постулаттарының салдары болып шығатын), 
екiншiден баяу қозғалыстарға қатысты шектiк жағдайда Галилейдің 
түрлендiрулеріне өтетін түрлендipу формулаларын табуды іздестірейік. Енді 
екі К жəне К-' инерциялық санақ жүйелерін қарастырамыз. К’− жүйе К-
жүйеге қатысты 
жылдамдықпен қозғалатын болсын. Екі жүйенің де 
координат өстepiн 7.11-суретте көрсетiлгендей түрде бағыттаймыз: жəне
өстepi бiрдей түседi жəне 
векторға параллель бағытталған, ал жəне
өстepi бiр-бipiне параллель. Екі жүйенің де түрлі нүктелеріне сағаттарды 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   197




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет