Законы 10-е издание москва бином. Лаборатория знаний 2010 3


-тарау  Динамиканың негізгі теңдеуі



Pdf көрінісі
бет28/197
Дата05.10.2023
өлшемі2.75 Mb.
#479900
түріЗакон
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   197
f6176e30d73c3b0

2-тарау 
Динамиканың негізгі теңдеуі 
 
 
 
§ 2.1. Инерциялық санақ жүйелері 
 
Инерция заңы 
Кинематикада қозғалысты тек жалпы сипаттап қана қоймай, оны 
тудырған себептерге тоқталған жөн. Сондықтан кинематикалық шамаларды 
қарастырған кезде санақ жүйелері туралы сөз болған жоқ: кинематикалық 
сипаттамалар үшін санақ жүйелерінің бір-бірінен ешқандай айырмашылығы 
болмайды. Ал динамикада – қозғалысты зерттеуге көшкен кезде жағдай күрт 
өзгереді. Динамикада түрліше санақ жүйелерінің өзара айырмашылығы, 
қозғалыс заңдарын зерттеу кезінде бір санақ жүйелерінің екінші санақ 
жүйелерімен салыстырғандағы артықшылықтары бірден көзге түседі.
Сырт қарағанда сансыз көп санақ жүйелерінің кез келгенін пайдалана 
беруге болатын сияқты. Бірақ механиканың заңдары түрліше санақ 
жүйелерінде ең қарапайым деген құбылыстың өзінде соншалықты 
күрделеніп кетуі мүмкін. Сондықтан да механика заңдары мүмкіндігінше 
қарапайымырақ түр қабылдайтын санақ жүйесін таңдап ала білу керек. 
Осындай санақ жүйесінде механикалық құбылыстарды сипаттаудың өте 
ыңғайлы болатындығы анық. 
Механикада еркін материалдық нүктенің қозғалысы ретінде бірқалыпты 
жəне түзу сызықты түрде өтетін санақ жүйесі таңдалынады. Материалдық 
нүктенің мұндай қозғалысын инерция жүйелері бойынша қозғалыс деп 
атайды, ал санақ жүйелерін инерциялық санақ жүйелері деп аталады. 
Инерциалық санақ жүйелері болады деген тоқтам классикалық 
механиканың бірінші заңының – Галилей-Ньютонның инерция заңының 
мазмұны болып табылады. 
Егер сыртқы күш əсер етпесе немесе түсірілген күштердің əсері 
теңесетін болса, онда кез келген дене өзінің тыныштық күйін немесе 
бірқалыпты түзу сызықты қозғалысын сақтайды (инерция бойынша 
қозғалысын сақтайды). 
Міне, осындай санақ денелерімен байланысқан санақ жүйелері 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   197




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет