Законы 10-е издание москва бином. Лаборатория знаний 2010 3


инерциялық санақ жүйелері



Pdf көрінісі
бет29/197
Дата05.10.2023
өлшемі2.75 Mb.
#479900
түріЗакон
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   197
f6176e30d73c3b0

инерциялық санақ жүйелері деп аталады. Дененің тыныштық күйін немесе 
бірқалыпты жəне түзу сызықты қозғалысын сақтап қалуға тырысуын 


37 
дененің инерттілігі деп атайды. Міне, сондықтан Ньютонның бірінші заңы 
көбіне инерция заңы деп аталады. 
Инерциялық санақ жүйелерінің болатындығын тəжірибе дəлелдейді. 
Басында Жер инерциялық

жүйе болады деп саналды. Бірақ кейінірек дəлірек 
қойылған тəжірибелер Жердің аздап болса да үдеуінің бар екендігін көрсетті. 
Ал планеталардың үдеулеріне жүргізілген бақылаушылар Күннің центрімен 
байланысты гелиоцентрлік санақ жүйесінің толық инерциалдылығын 
дəлелдеді. 
Гелиоцентрлік санақ жүйесіне қатысты бірқалыпты жəне түзусызықты 
қозғалатын кез келген санақ жүйелері инерциялық болып табылады. 
Инерциялық санақ жүйелеріне қатысты үдемелі қозғалыста болатын санақ 
жүйелері инерциялық емес санақ жүйелері деп аталады. 
Кеңістік пен уақыттың симметриялық қасиеттері. Инерциалдық 
санақ жүйелерінің аса маңызды қасиеттерінің бірі – оларға қатысты кеңістік 
пен уақыттың белгілі симметриялық қасиеттері болады: тəжірибелер 
көрсеткендей бұл санақ жүйелерінде уақыт біртекті, ал кеңістік біртекті 
жəне изотропты болады. 
Уақыттың біртектілігі дегеніміз (бірдей жағдайларда алынғанда) -
түрлі уақыт аралығында бақыланған физикалық құбылыстардың бірдей өтуі 
болып табылады. Басқаша айтқанда, олар əртүрлі уақытта өздерінің 
физикалық қасиеттері бойынша бір-біріне эквивалентті болады.
Кеңістіктің біртектілігі мен изотроптылығы деп кеңістік қасиеттерінің 
түрлі нүктелерде бірдей (біртектілік), ал барлық бағыттар бойынша əрбір 
нүктеде бірдей (изотроптық) болатындығы айтады.
Инерциялық емес санақ жүйелерінде кеңістік біртектілік жəне 
изотроптық қасиеттерінен айырылады. 
Инерциялық емес санақ жүйелерінде кеңістіктің біртекті жəне 
изотропты емес екендігін байқаймыз. Егер қандай да болсын бір дене басқа 
денелермен ешқандай да өзара əрекеттеспесе оның кеңістіктегі əртүрлі 
жағдайлары мен бағыттары механикалық тұрғыдан қарастырғанда бір-
бірімен эквивалентті емес болғаны. Осындай тұжырымды уақыт үшін де 
келтіруге болады. Уақыт та инерциалды емес санақ жүйелерінде біркелкі 
емес, яғни оның əртүрлі сəттері бір-бірімен эквивалентті емес. Олай болса 
механикалық құбылыстарды зерттеген кезде кеңістік пен уақыттың осындай 
біртекті емес қасиеттері қолайсыз жағдайларды тудырады. Мысалы егер бір 
денеге басқа бір дене тіпті əсер етпесе де ол тыныштық қалпынан шығып, 
қозғалар еді. Егер оның жылдамдығы белгілі бір уақытта нөлге тең болса да, 
ол келесі бір сəтте өзінен өзі белгілі бір бағытта қозғала бастар еді, ал мұндай 

Жермен байланысқан санақ жүйесін іс жүзінде инерциалды деп санауға болады
.


38 
құбылыстар физиканың іргелі заңдарына қарама-қайшы екені бəрімізге 
мəлім. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   197




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет