Законы 10-е издание москва бином. Лаборатория знаний 2010 3



Pdf көрінісі
бет33/197
Дата05.10.2023
өлшемі2.75 Mb.
#479900
түріЗакон
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   197
f6176e30d73c3b0

 
Ньютонның үшінші заңы 
Тек А жəне В екі дене ғана араласатын жəне А дене В денеге үдеу 
беретін барлық тəжірибелерде В дененің де А денеге үдеу беретіндігі 
байқалды. Осыдан денелердің бір-біріне əсер ететін күштері əрқашан да 
модульдері жағынан бір-біріне тең жəне осы нүктелерді жалғастырып 
тұрған түзудің бойымен қарама-қарсы бағытталған, яғни 

(2.7) 
Бұл өзара əрекеттесу күштерінің қос-қостан пайда болатындығын 
көрсетеді. Бұл күштер əртүрлі денелерге түсірілген жəне тектері бірдей 
күштер болып табылады. 
(2.7) заңды материалдық нүктелердің кез келген санынан тұратын 
жүйеге де таратуға болады. Бұл жағдайда да материалдық нүктелердің 
арасындағы өзара əрекеттесулер қосарланған нүктелер арасындағы күштерге 
ғана байланысты деп алынады. 
Ньютонның үшінші заңында екі күш те нүктелердің қозғалысына 
тəуелсіз түрде кез келген уақытта модульдері бойынша өзара тең. Бұл 
тоқтам өзара əрекеттесулердің лезде таралуына – классикалық механиканың 
алыстан əрекеттесу принципіне сай келеді. Бұл принцип бойынша денелер 
арасындағы өзара əрекеттесу кеңістікте шексіз үлкен жылдамдықпен 
таралады. Басқаша айтқанда, егерде бір дененің қалпын (күйін) өзгертсе, 


43 
онымен өзара əрекеттесетін денелер де, олар қаншалықта алыста орналасса 
да, қандай əлсіз болса да, өзгерісті байқауға болады. 
Бұл тұжырымның дұрыс емес екендігін біз қазір білеміз, - өзара 
əрекеттесудің шектелген максимал жылдамдығы бар, ол жарықтың 
вакуумдегі таралу жылдамдығы. Сондықтан үшінші заңның (екінші заңның 
да) белгілі қолданылу шегі бар. Барлық денелердің классикалық механика 
істес болатын жарық жылдамдығынан əлдеқайда аз жылдамдықтары кезінде 
екі заң да аса үлкен дəлділікпен орындалады. Бұған дəлел ретінде 
астрономиялық дəлділікпен жүргізілетін планеталар мен жасанды серіктер 
траекторияларының элементтерін есептегенде осы Ньютон заңдарына 
сүйенетінімізді айтсақ та жеткілікті. 
Ньютон заңдары классикалық механиканың негізгі заңдары болып 
табылады. Олардың көмегімен кез келген механика мəселелерін шешуге 
болады. Сонымен қатар, олардан классикалық механикадан қалған барлық 
заңдары шығады. 
Галилейдің салыстырмалылық принципі бойынша механика заңдары 
барлық инерциялық санақ жүйелерінде бірдей. Яғни, (2.6) өрнек барлық 
инерциялық санақ жүйелерінде бірдей жазылады. Шындығында да, 
материалдық нүктенің m массасы жылдамдыққа тəуелсіз, яғни барлық санақ 
жүйелерінде нүктенің үдеуі де бірдей. Сонымен, барлық инерциялық санақ 
жүйелерінде материалдық 
үдеуі де бірдей, күш те санақ жүйесін таңдауға 
тəуелсіз, ол тек материалдық нүктенің басқа денелерге қатысты анықталған 
орнымен жəне салыстырмалы жылдамдығымен ғана анықталады, ал бұл 
шамалар релятивистік емес кинематикада барлық инерциялық санақ 
жүйелері үшін бірдей. 
Сонымен, бір инерциялық санақ жүйесінен екіншісіне өткен кезде (2.6) 
теңдеуге кіретін барлық үш m, жəне F шамалар жəне (2.6) теңдеудің өзі де 
өзгеріссіз қалады. Басқаша айтқанда, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   197




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет