44
заңдарын өзара əрекеттесетін массаларға (зарядтарға) тыныштықта немесе аз
(релятивистік емес) жылдамдықпен қозғалатын ең қарапайым жағдай үшін
келтіреміз.
Гравитациялық тартылыс күші. Бұл күш екі материалдық нүктелер
арасында əсер етеді.
Бүкіл əлемдік тартылыс заңына сай бұл күш
нүктелерінің
жəне
массаларының көбейтіндісіне тура пропорционал,
олардың ара қашықтығының квадратына кері пропорционал жəне осы
нүктелерді қосып тұрған түзу бойымен бағытталған:
.
(2.8)
мұндағы,
- гравитациялық тұрақты.
Бұл заңға кіретін массаларды Ньютонның
екінші заңына кіретін
инерттік массадан ажырату үшін
гравитациялық массалар деп атайды.
Бірақ, тəжірибе көрсеткендей, кез келген дененің инерттік жəне
гравитациялық массалары бір-біріне пропорционал. Сондықтан оларды өзара
тең деп те алуға болады (яғни, екі массаны да өлшеу үшін бір ғана эталонды
таңдауға болады) жəне дененің инерттілігінің немесе гравитациялық əсердің
мөлшері ретіндегі масса деп қарастыруға болады.
Кулон күші. Бұл күш екі нүктелік
q жəне
q зарядтардың арасында
əсер етеді:
|
|
.
(2.9)
мұндағы,
r – зарядтардың арақашықтығы,
– пропорционалдық
коэффициент, оның мəні өлшем бірліктерін таңдап алуға тəуелді болады.
Кулон күші гравитациялық күштей емес, тартылыстық сипатта да,
тербелістік сипатта да бола алады.
Егер зарядтар қозғалыста болса, онда (2.9) Кулон заңы дəл
орындалмайды. Қозғалыстағы зарядтардың өзара электрлік əрекеттесуі
олардың қозғалысына күрделі түрде тəуелді. Осы өзара əрекеттесудің
қозғалыстан
туатын бөлігін магниттік күш деп атайды (міне осыдан келіп
бұл өзара əрекеттесуді электромагниттік деп те атайды). Аз (релятивистік
емес) жылдамдықтар кезінде электрлік өзара əрекеттесудің магниттік күші
ескерусіз аз мөлшерде болады да, оны сипаттау үшін аса жеткілікті
дəлділікпен (2.9) заңды пайдаланады.
Механикалық құбылыстардың негізінде жатқан гравитациялық жəне
электрлік күштердің шексіз санды білулерін талдап жату аса күрделі мəселе,
сондықтан осы іргелі күштерден шығаруға
болатын жуықталған басқа
заңдарды пайдаланған тиімдірек. Осының арқасында күрделі математикалық
45
мəселелерді ықшамдап (физика мағынасын жоғалтпай), оның теңдеулерін
шешеміз:
Осы мақсатта, мысалы, мынадай күштерді енгізуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: