Законы 10-е издание москва бином. Лаборатория знаний 2010 3


Мысал. Бастапқы  0 сəттегі импульсі  болатын  бөлшекке уақыт аралығында  1 / күш  əсер етеді, мұндағы, а



Pdf көрінісі
бет52/197
Дата05.10.2023
өлшемі2.75 Mb.
#479900
түріЗакон
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   197
f6176e30d73c3b0

Мысал. Бастапқы 
0 сəттегі импульсі 
болатын 
бөлшекке уақыт аралығында 
1
/ күш 
əсер етеді, мұндағы, а –тұрақты вектор. Бөлшектің 
осы күштің əсері аяқталғаннан кейінгі p импульсін 
табу керек (3.1-сурет). 
Шығару жолы. (3.2) формуласы бойынша p 
импульсін келесі формуламен табамыз: 
d
/6 . 
 
Жүйенің импульсі 
Бөлшектердің кез келген бір жүйесін қарастырайық. Жалпылама 
алғанда жүйенің бөлшектері бір-бірімен жəне басқа жүйелерге жататын 
денелермен де əрекеттесулері мүмкін. Осы құбылысқа байланысты жүйедегі 
бөлшектер арасындағы өзара əрекеттесу күштері ішкі күштер деп аталады. 
Ал осы бөлшектерге осы жүйеге жатпайтын басқа денелердің əсерін сыртқы 
күштер деп атайды. Іс жүзінде күштерді мұндай ішкі жəне сыртқы деп екіге 
бөлу шартты түрде алынған жəне мұндай шарт толығымен тек бізге керекті 
бөлшектер жүйелеріне тəуелді. Сонымен қатар, инерциялық емес жүйелерде 
сыртқы күштер ретінде инерция күштері алынады. 
Жүйенің жеке бөлшектері импульстерінің векторлық қосындысы 
ретінде жүйенің импульсін енгіземіз: 
∑ .
(3.3) 
мұндағы, − і-ші бөлшектің импульсі. Жүйенің импульсі аддитивтік шама
яғни жүйенің импульсі өзара əрекеттесудің бар-жоғына қарамай, оның жеке 
бөліктерінің импульстерінің қосындысына тең болады. 
Жүйе импульсінің өзгерісін сипаттайтын физикалық шаманы 
анықтайық. 
Бұл 
үшін (3.3) теңдеуін 
t – уақыты 
бойынша 
дифференциалдаймыз: 
d /d
∑ d /d . 
(3.1) бойынша
d /d


3.1-сурет 


67 
мұндағы 
i-ші бөлшекке жүйенің басқа бөлшектері тарапынан əсер ететін 
күштер (ішкі күштер); − дəл осы бөлшекке қарастырылып отырған жүйеге 
кірмейтін денелер тарапынан болатын күштер (сыртқы күштер) болып 
табылады. Соңғы өрнекті алдыңғы өрнекке қойып келесі өрнекті табамыз: 
d /d
∑ ∑


Оң жақтағы қос қосынды – барлық ішкі күштердің қосындысы. 
Ньютонның үшінші заңына сай, жүйе бөлшектерінің арасындағы өзара 
əрекеттесу күштері қос-қос болып модулі жағынан бір-біріне тең жəне 
бағыттары қарама-қарсы болады. Сондықтан, əрбір қосақта қорытынды күш 
нөлге тең, демек барлық ішкі күштердің векторлық қосындысы да нөлге тең 
болады. Осының нəтижесінде соңғы теңдеу мына түрге келеді: 
d /d
сырт
(3.4) 
мұндағы, 
сырт
− барлық сыртқы күштердің қосындысы, 
сырт
∑ . 
(3.4) теңдеуі: жүйе импульсінің уақыт бойынша туындысы жүйенің 
бөлшектеріне əсер ететін барлық сыртқы күштердің векторлық 
қосындысына тең болады дегенді білдіреді. 
Бір бөлшек жағдайындағы тəрізді (3.4) теңдеуінен жүйе импульсінің 
шектеулі t- уақыт аралығындағы өсімшесі шығады: 
сырт
d
(3.5) 
яғни, жүйе импульсінің өсімшесі барлық сыртқы күштердің қорытындысына 
сəйкес уақыт аралығындағы импульсына тең болады. Бұл жердегі 
сырт

барлық сыртқы күштердің қорытындысы. 
(3.4) жəне (3.5) теңдеулері инерциялық санақ жүйелерінде де 
инерциялық емес санақ жүйелерінде де орындалады. Тек инерциялық емес 
санақ жүйелерінде сыртқы күштер ролін атқаратын инерция күштерінің 
əсерін ескеру керек, бұл теңдеулерде 
сырт
деп 
р
ин
қосындысын түсіну 
керек. Мұндағы, 
р
– барлық сыртқы өзара əрекеттесу күштерінің, ал 
ин
– 
барлық инерция күштерінің қорытындысы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   197




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет