68
деген сөз, немесе олардың əсері елеусіз аз болғаны. Басқаша айтқанда, егер
сыртқы күштер болмаса жүйе тұйықталған болып саналады. Тұйықталған
жүйе деген түсінік инерциалды санақ жүйелеріне ғана тəн деп айтуға болады.
Себебі инерциялық емес санақ жүйелерінде сыртқы күштің
қызметін
атқаратын инерция күштері орын алады. Физикада материалдық нүктелердің
қасиетін зерттеуде тұйықталған жүйенің маңызы зор.
(3.4) теңдеуге сай жүйенің импульсі тек сыртқы күштің əсері арқылы
ғана өзгере алады. Ішкі күштер жүйенің импульсін өзгерте алмайды. Осы
жағдайдан импульстің сақталу заңы шығады: бөлшектердің тұйықталған
жүйесінің импульсы əрдайым тұрақты,
яғни уақытқа байланысты ол
өзгермейді.
∑
.
(3.6)
Алайда, жеке-жеке оның əрбір бөлшектері немесе тұйықталған жүйенің
əрбір бөліктерінің импульстері уақытқа қатысты өзгеруі мүмкін.Осындай
қорытынды (3.6) теңдеуден көрініп тұр. Бұл өзгерістер барысында жүйенің
қорытынды импульсы өзгеріссіз қалады, ал оның бір бөліктерінің импульсі
ұлғайып
жатқанда, керісінше қалған бөліктерінің импульсі азайып жатады.
Басқаша айтқанда жүйенің жеке-жеке бөлшектері бір-бірімен тек
импульстері мен ғана алмаса алады. Егер жүйенің бір бөлігінде импульс
ұлғайса, онда осы өсімше қоршаған дененің
импульсінің азаюынан туғаны
болғаны.
(3.4) жəне (3.5) теңдеулерді
импульстің сақталу заңының жалпылама
түрлері деп қарастыруға болады.
Тұйықталмаған яғни ашық жүйелердегі импульстің өзгеру себебі ол
басқа денелердің немесе күштердің əсерінен екенін осы теңдеулер көрсетеді.
Осы айтылған тұжырымдар тек инерциялық санақ жүйесіне ғана тəн деп
қорытынды жасауға болады.
Егер барлық сырттан əсер ететін күштердің
қорытынды сомасы нөлге
тең болса, ашық жүйелерде де импульс сақталу заңы орын алуы мүмкін.
Мұндай тұжырым (3.4) пен (3.5) теңдеулерінен шығып отыр. Практикада осы
жаңдайларды білудің маңызы зор.
Ашық немесе тұйықталған жүйелерде
p импульстің өзі емес
X
бағытына жасалған оның
- проекциялары өзгермей сақталады.
Сыртқы
қорытынды
сырт
күштің проекциясы
X өстің бағытына нөлге тең болса,
осындай жағдай туады. Яғни
сырт
векторы оған перпендикулярболғаны.
Шынында да (3.4) теңдеуін осындай жолмен
проекциялап келесі теңдеуді
аламыз:
d /d
сырт.
.
(3.7)
69
мұндағы,
сырт.
0, онда
.
Мысалы, егер жүйе қозғалыста болcа, онда біртекті ауырлық күш
өрісінде кез келген горизонталь бағытқа жасаған оның импульс проекциясы
сақталады.
Достарыңызбен бөлісу: