Законы 10-е издание москва бином. Лаборатория знаний 2010 3



Pdf көрінісі
бет6/197
Дата05.10.2023
өлшемі2.75 Mb.
#479900
түріЗакон
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   197
f6176e30d73c3b0

 
Вектор – қалың, тіке шрифтпен белгіленген (мысалы, F, r) əріптер, бірақ 
ашық шрифтпен белгіленген болса, онда олар векторлардың модулін 
көрсетеді.
Орттар – бірлік жеке векторлар; 
, , - , ,
 декарт координаттарының орттары; 
,
, – , , - цилиндрлік координаттың орттары; 
n,  – траекторияға нормаль жəне жанама орттар. 
Орташа шамалар бұрыштық жақшаларға енгізілген <>, мысалы<v>, 

Символдар -
∆, d, шамалар алдына қойылады жəне келесі мағыналарды 
білдіреді: 
∆- шамалардың өсімшесі, яғни оның соңғы жəне алғашқы мəндерінің 
айырымы, мысалы: 




– ∆- шаманың кемуі, яғни алғашқы жəне соңғы мəндерінің айырымы, 
мысалы: 

,


d− дифференциал, мысалы 
–dr, dU. 
– шаманың элементар қарапайым мəні мысалы, A- элементар жұмыс; 
– пропорционалдық белгі, мысалы ; 
~ – реттің шамасы., мысалы: ~10 . 
Уақыт бойынша кез келген функциядан алынған туындының 
белгісі – df/dнемесе функцияның төбесіне нүкте түрінде қойылады:
Санақ жүйесі – курсивті əрiптермен белгіленген K, K΄, Ц
Ц-жүйе – масса центрімен байланысқан санақ жүйесі, инерциалды 
жүйелерге қатысты ілгерілмелі қозғалатын санақ жүйесі. Оны басқаша 
инерция центрінің жүйесі деп атайды. Ц-жүйедегі барлық шамалар тильда 
деп аталатын белгілер арқылы танылады. Тильда дегеніміз - əріптің үстіндегі 
толқын тəрізді белгі. Мысалы, , . 
 
 
 



Кіріспе
 
Механика – денелердің кеңістіктегі уақыт бойынша өтетін қозғалысын 
зерттейтін физика ғылымының бөлімі.
Денелердің немесе олардың бөлшектерінің уақыттың өтуіне 
байланысты кеңістіктегі орындарының өзгеруі механикалық қозғалыс деп 
аталады.
Дененің кеңістіктегі орнын басқа бір денелерге қатысты ғана анықтауға 
болады. Қарастырғалы отырған дененің орнын анықтауға мүмкіндік беретін 
денені (немесе бір-біріне қатысты тыныштықтағы денелер жүйесін) санақ 
денесі деп атайды.
Іс жүзінде дененің қозғалысын сипаттау үшін санақ денесімен қайсы-бір 
координат жүйесін, мысалы, декарт координат жүйесін байланыстыруға 
болады. Кеңістіктегі дененің орнын оның координаталары арқылы 
анықтайды. Дененің қозғалысы тек қана кеңістікке ғана тəуелді емес, ол 
сонымен қатар уақытқа да тəуелді. Осы себептен қозғалысты толық сипаттау 
үшін уақытқа да санақ жүргізу керек. Мұны сағаттың көмегімен іске 
асырады.
Санақ денелерінің жиынтығы жəне олармен қосақталған координаталар 
жүйесі, өзара синхрондалған сағаттар санақ жүйесін түзеді. Физикада санақ 
жүйесі туралы түсінік іргелі сұрақтардың бірі болып, ерекше орын алады. 
Қашықтықтар мен уақыт аралықтарының көмегі арқылы дененің кеңістіктік-
уақыттық қозғалысын сипаттау үшін тек белгілі санақ жүйесі таңдалынып 
алынғанда ғана мүмкіншілік туады. 
Сонымен, кеңістік жəне уақыттық − механикалық козғалыс дененің 
кеңістіктегі орнының уақыт өтуіне байланысты өзгеруін көрсетеді. Бұл екі 
үғымның физикадағы маңызы өте зор.
Оқиғаның бəрі əйтеуір бір жерде жəне қандай да бір мезгілде, баскаша 
айтқанда, кеңістік пен уақыт ішінде өтеді. Кеңістіктен орын алмай жəне 
кеңістіктен тыс өмір сүретін бірде-бір объекті болмайды, болуы да мүмкін 
емес, яғни кеңістік материямен тығыз байланысты жəне олар да басқа 
объектілер тəрізді физикалық объектілер болып табылады.
Өтіп жаткан сан алуан оқиғаларды қарастыра отырып, біздің санамызда 
кең жəне тap, жуан жəне жіңішке, ұзын жəне қысқа, алыс жəне жақын деген 
кеңістіктің салыстырмалы түрдегі сипатын көрсететін ұғымдар қалыптасады. 
Кеңістіктің негізгі қасиеттеріне оның шынайы бар болуы, материямен 
біртұтастығы, шексіздігі, үш өлшемділігі (барлық физикалық объектілердің 
ұзындығы, ені жəне биіктігі болады) жатады. 
Кеңістіктің бір кесіндісін, яғни арақашыктықты өлшеу үшін сызғыштан 
бастап, əртүрлі ұзындық өлшеуіш құралдар қолданылады. Ұзындықтың 
негізгі өлшем бірлігі метр болып табылады. Ғылым мен техникада метрдің 
еселік жəне үлестік өлшемдері де пайдаланылады. Дене қозғалғанда өзінің 


10 
орнын тек кеңістікте ғана өзгертіп қоймай, уақыт бойынша да өзгертеді. 
Уақыт материямен, қозғалыспен жəне кеңістікпен тығыз байланысты. 
Кез келген өзгерістің немесе оқиғаның бастамасы жəне соңы болады 
(түзу кесінді сиякты). Кейбір өзгерістер көз алдымызда басталып, көз 
алдымызда аяқталады (судың қайнауы); екінші біреуі көзді ашып-жұмғанша, 
лезде өтеді; ал үшіншілері бірден байқалмайды (мысалы, ағаштың өсуі). 
Алуан түрлі өзгерістерді салыстыра отырып, біздің уақыт жайлы 
көзқарасымыз қалыптасады. Уақытқа қатысты тез жəне ұзақ, болған жəне 
болады, қазіргі шақ жəне болашақ, бұрын жəне жуық арада жəне т.с.с. 
ұғымдар пайда болады. 
Уақыттың негізгі қасиеттеріне шынайы бар болуы, үздіксіздігі, 
тəуелсіздігі, бірқалыптылығы, бір бағыттылығы (уакыт тек алға карай, 
өткеннен болашаққа қарай өзгереді) жатады. 
Уақыт – арнаулы құрал, сағаттың көмегімен өлшенеді. Құрылысы 
жағынан сағат алуан түрлі. Уакыттың негізгі өлшем бірлігіне секунд 
алынады. 
Кеңістік шексіз, уақыт үздіксіз болғандықтан, физикада кеңістіктің бір 
кесіндісі қайсыбір уақыт аралығында өлшенеді. 
Ньютон кеңістікті денелерден тəуелсіз жəне олардан бұрын өмір сүретін 
нəрсе деп қарады. Кеңістік үздіксіз нəрсе, сонымен қатар кейбір қасиеттерге 
ие: кеңістік үш өлшемді, тең өлшемді жəне барлық бағыттарда шексіз көсіліп 
жатады, мəңгі жəне табиғаты бойынша өзгермейтін нəрсе. Кеңістіктің барлық 
бөліктері қозғалмайды жəне бір ғана қасиеттерге ие. Ньютонның 
пайымдауынша, шегі бар нəрсе кеңістіктің қайсыбір бөлігінде болмай тұра 
алмайды; 
Бір санақ жүйесінен екінші санақ жүйесіне өткенде денелердің 
жылдамдықтары жарықтың жылдамдығымен салыстырғанда əлдеқайда аз 
болса, онда тəжірибелер бойынша сызықтық мөлшерлер мен уақыт 
аралықтары өзгеріссіз қалады, яғни олар үшін санақ жүйесін таңдап алудың 
қажеті жоқ. Мұндай тұжырым Ньютонның кеңістік пен уақыттың 
абсолюттілігі туралы концепциясының негізінде жатыр. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   197




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет