Законы 10-е издание москва бином. Лаборатория знаний 2010 3


§ 4.7. Сығылмайтын сұйықтардың механикасы



Pdf көрінісі
бет95/197
Дата05.10.2023
өлшемі2.75 Mb.
#479900
түріЗакон
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   197
f6176e30d73c3b0

§ 4.7. Сығылмайтын сұйықтардың механикасы 
Механиканың бұл тарауында сұйықтар қозғалысының заңдарын зерттеу 
барысында сұйықтарды тұтас үзілмейтін орта деп қарастырады. Сұйықтың 
тығыздылығы қысымнан тəуелсіз, сондықтан сұйықты 
сығылмайтын орта 
деп қарастырады жəне ортаның тығыздылығы барлық көлем бойынша 
бірдей. Сұйықтың қозғалыс ағысының кинематикалық сипатын 
Эйлер 
тəсілімен келтірейік: таңдалынып алынған санақ жүйесінде сұйық үшін 
белгілі бір жылдамдық беріледі, яғни сұйықтың əрбір нүктесінің –
жылдамдығының 
t-уақытпен r-радиус-векторынан тəуелділігі беріледі.
Көптеген жағдайлар үшін ағып жатқан сұйықтың жеке-жеке қабаттары 
арасындағы үйкеліс күші елеусіз аз болғандықтан, сұйықты идеалды 
(шынайы) деп санауға болады (ішкі үйкеліссіз). 
Ток түтігі мен сызықтары 
Тоқ сызығы – əрбір нүктесінде өзіне жүргізіліп жанамасының бағыты 
бойынша сұйықтың осы мезгіліндегі жылдамдық 
векторымен бірдей 
түсетін сызық. Осы сызықтар 
ток сызықтары деп аталады. Ток сызықтарын 
сызықтың сандарының өздеріне перпендикуляр орналасқан жəне өздері кесіп 
өтіп жататын сол ауданшаның ауданына қатынасы сұйық ағысының 
жылдамдығы жоғары жерде көбірек, ал сұйық ағыны баяулау жерде азырақ 
болатын етіп жүргізіледі. 
Ток түтігі - сұйықтың ток сызықтарымен 
шектелген бөлігі. 
векторының модуліне пропорционал. Сонымен ток 
сызықтарының бағыты 
векторының бағытымен сəйкес. Осындай көрініс 


125 
сұйықтың əртүрлі нүктесіндегі вектордың модулі мен бағыты туралы мəлімет 
алуға мүмкіндік береді, яғни оның қозғалысын сипаттайды. Жылдамдық 
көбірек жерде сызықтар көбірек жəне керісінше.
Қалыптасқан, яғни стационар ағыс кезінде 
-векторы t-дан тəуелсіз 
жағдайда, ток сызықтарының түрі өзгеріссіз қалады жəне ток сызықтары 
сұйықтағы бөлшектердің траекториясымен ток сызықтары сəйкес келеді.
Ток сызықтарымен қалыптасқан сұйықтың беті ток сызықтары 
тұйықталған контурдың барлық нүктелері арқылы өткізілген – оны 
токтың 
түтігі деп атайды. Сұйықтың стационар ағысында оның бөлшектері 
қозғалыс барысында ток түтігін кесіп өтпейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   197




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет