26
ІІ ТАРАУ. «Дүниетану пәнін оқыту әдістемесі» бойынша сабақтарды ұйымдастыру
2.1 "Дүниетану пәнін оқыту әдістемесі" бойынша жұмысты ұйымдастырудың негізгі
түрлері
Жоспары:
1.
Сабақ туралы түсінік
2. Сабаққа койылатын талаптар
3. Сабақтың құрылымы
4. Сабақ типтері: кіріспе, корытынды, топсеруен, сарамандық, зертханалық, аралас, заттық,
олардың ерекшеліктері
5. Жаңартылған білім базмұны бойынша қысқа мерзімді сабақ жоспары
Сабақ туралы түсінік
Мектепте оқу пәндерінің материалдарын меңгерту үшін ұйымдастырылатын біртұтас жүйе
оқу-тәрбие процесі деп аталынады. Бастауыш мектепте оқыту және тәрбиелеу әртүрлі
ұйымдастыру формаларында жүргізіледі. Оқытуды ұйымдастырудың
формасы дегеніміз
мұғалім мен оқушылардың оқу әрекетіне қолайлы жағдай жасау үшін арнайы
ұйымдастырылған, белгілі тәртіппен өтілетін жұмыс. Оқу жұмысының әрбір формасы мұғалім
мен оқушылардың іс-әрекетінің сипатына, оқушылар құрамына, оларды сабақ кезінде
ұйымдастыруға, сонымен бірге оқу уақытының режиміне байланысты.
Қазіргі кезде қоршаған айнала сабақтарының ұйымдастырылуы мына төмендегідей түрде
жүргізіледі:
сынып сабағы, лабораториялық-практикалық сабақ, сабақтан тыс жұмыстар, үй
жұмысы, сыныптан тыс жұмыстар (экскурсия, бақылау, мерекелік кештер, үйірме).
Сабақ – оқу жұмысын ұйымдастырудың басты формасы болғандықтан, оның атқаратын
қызметі мен оқыту процесінде алатын орны ерекше екенін білу қажет. Сабақта оқушыларға
білім берумен қатар, олардың рухани қасиеттері мен ақыл-ой қабілеттерін дамыту мақсаттары
көзделеді. Сабақ – күрделі психологиялық
және дидактикалық процесс, онда оқушылармен
педагогикалық қарым-қатынас жасау және тәрбиелеу міндеттері іске асырылады. Оқыту
процесінің негізгі компоненттері (құрылымдық бөліктері) мақсаты, мазмұны, әдіс-тәсілдері,
бақылау мен бағалау – сабақта да орын алатыны заңдылық.
Сабақ – жастары шамалас топқа ұйымдасқан оқушылардың сыныпс деп аталатын тұрақты
құрамымен, мұғалімнің басшылығымен ортақ оқу бағдарлама
арқылы қатаң сабақ кестесі
бойынша жүргізілетін оқу түрі. Сабақ барысында оқушылар білім, білік, дағдыны иемденеді,
олардың қабілеттері, қызмет тәжірибесі, араласуы және өзіндік көзқарастары дамиды, сонымен
бірге мұғалімнің педагогикалық шеберлігі жетіледі. Сабақ оқыту жұмысын ұйымдастырудың
негізгі формасы болу себебі – ол алдымен мұғалімге оқытатын пәннің мазмұнын жүйелі түрде
баяндауына мүмкіндік береді.
Сабақ – сыныптағы барлық оқушылардың қатысуы міндетті,
қатаң сабақ кестесі бойынша
жүйелі түрде жүргізілетін оқу түрі. Лабораториялық-практикалық сабақ – бұл да міндетті оқу
түрі, бірақ бұл сабақ түрін өткізуге арнайы жабдықталған кабинет және құралжабдықтар талап
етіледі. Үй жұмысын ұйымдастыру – мұғалімнің тапсырмасы бойынша оқу материалдарын
қайталау мен бекіту мақсатында және сондай-ақ оқушылардың пәнге деген қызығушылығын
арттыруға бағытталған өз бетінше орындалатын жұмыс. Экскурсия – ерекше сабақ түрі,
27
мектептен тыс орындарда өтіледі; арнайы әдістемені талап етеді. Экскурсия сыныпс сабағының
бір бөлігі, сондай-ақ сыныптан тыс сабақ түріне де жатады.
Сабақтан тыс жүргізілетін жұмыс түрлері – оқу бағдарламасына сәйкес бүкіл сыныпс
бойынша табиғатқа бақылау, мектеп маңындағы
тәжірибе алаңындағы жұмыстар,
географиялық алаңдағы жұмыстар, тірі табиғат бұрышындағы тақырыптық жұмыстар және
бағдарламадан тыс бәріне міндетті емес сыныптан тыс жұмыстармен үйлесетін түрлері.
Сыныптан тыс жұмыстар – оқушылардың өз бетінше, өз құштарлығымен айналысатын,
үйірме мүшелерімен жүргізілетін жұмыс түрлері.
Әр оқу формасы мектепте білім беру жүйесіне кіретін, бірін-бірі толықтырады және пәннің
материалдарын толық, жан-жақты меңгеруге мүмкіндік береді.
Оқушылардың белсенділігі,
пәнге деген қызығушылығы әсіресе, сабақтан тыс жүргізілетін мысалы, экскурсия, түрлі
бағыттағы үйірмелер, факультативтік сабақтардың көмегімен артады. Ендеше, білім беру
үрдісінде білім, тәрбие, дамыту мақсаттары бірін-бірі толықтыра түсетін түрлі оқыту
формаларын үйлесімді қолдану жағдайында ғана жүзеге аса алады.
Қоршаған айнала сабақтары бастауыш сыныпта оқытылатын
басқа пәндік сабақтардан
өзіндік сипатымен ерекшеленеді. Дүниетану сабақтарында мұғалім Дүниетану пәнін
ғылымдарын меңгертуге арналған оқыту әдістері қолданады, ол өз кезегінде жоғарғы
сыныптарда физика, география,
биология, химия пәндерін оқып үйренуге жоғары деңгейде
мүмкіндік жасайды. Бұл әдістер табиғат объектілері мен құбылыстарды бақылау, практикалық
жұмыстар мен тәжірибе қою (жасау), экскурсия кезіндегі түрлі жұмыстар және т.б.
Нәтижесінде жаратылыс құбылыстары мен заттарын толық тани отырып, олардың себебін де
түсіндіріп, жанжақты талдап,
қорытындылауға машықтанады, бұл баланың белгілі деңгейде
білімінің кеңеюіне және оның логикалық ойлау қабілетінің қалыптасып, дамуына көмектеседі.
Достарыңызбен бөлісу: