«білім берудегі 4к моделі: теория мен әдістеме» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік



Pdf көрінісі
бет15/138
Дата08.10.2023
өлшемі2.86 Mb.
#480116
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   138
Bilim-berudegi-4K-zhina-y

Пайдаланылған әдебиеттер: 
1. 
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы//«Егемен Қазақстан» газеті. №170 (29649) 4 
қыркүйек, 2019.
2. 
Құдайқұлов М., Тымболова А. және т.б. «Бәсекеге қабілетті болуды үйрен. Оқу-әдістемелік құрал. –
Алматы, 2015.
 
 


31 
 
ЭССЕНІҢ ӨЗГЕ ЖАЗБА ЖҰМЫСТАРЫНАН
АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ОНЫ ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ 
 
Е.Т. Оспанов 
Абай атындағы ҚазҰПУ ф.ғ.к. 
Білім саласындағы көшбасшылық пен менеджмент магистрі
(Ноттингем университеті, Ұлыбритания) 
 
Білім алушыны тексеру үшін түрлі тапсырмалар қолданылатыны белгілі. Осы орайда 
оқушының қаншалықты білімді игергендігін бағалау, сыни ой-пікірін анықтау, тақырыпқа 
қатысты көзқарасын білу мақсатында жазбаша жұмыстарын жаздыру кеңінен қолданылады. 
Ал жазбаша тапсырманың ішінде эссенің алатын орны ерекше. Эссе – шығарманың бір түрі 
болып табылады. Сондай-ақ, эссе – автордың шығармашылық қабілеті негізінде өз ойларын, 
сезімдері мен пікірлерін жазбаша түрде қағазға түсіру өнері [1, p.87]. Бірақ эссе шығарма-
шылық жұмыс ретінде өзге жазба жұмыстарына ұқсамайды. Осы тұрғыда эссені өзге жазба 
жұмыстарымен алмастырып алу жағдайы жиі ұшырасады. Бұл мақала эссенің өзге жазба 
жұмыстарынан айырмашылығын айқындап, білім алушыға эссені жаздырудың өзіндік 
ерекшелігімен таныстыруға бағытталады.
Ең алдымен, эссеге қойылатын талап – белгілі бір тақырыпты, мәселені талдау, сипаттау 
және бағалау болса, негізгі мақсаты – тақырыпқа байланысты өз білімін көрсету және сұраққа 
берілген жауаптың дұрыстығына оқытушыны (оқырманын) сендіре білу болып табылады. Бұл 
эссенінің өзге жазба жұмыстарынан ажырата білудегі басты талаптардың бірі [2].
Эссені жазу барысында баяндау, сипаттау, сендіру, аргументтер, фактілер келтіріледі. 
Сонымен қатар тақырыпқа байланысты автор өзіне қатысты оқиғаларды жазуы да мүмкін. Бұл 
тұрғыдағы жазылым дағдылары академиялық бағыттағы өзге жазба жұмыстарында да кеңінен 
пайдаланатындықтан эссе мен өзге жазба жұмыстарының арасындағы айырмашылықтарды 
түсінбеу жиі ұшарасады. Осы орайда эссені шығарма, публицистикалық мақала, баяндама 
сияқты жазба жұмыстардан ажырата алмау мәселесі туындап жатады [2].
Біріншіден, шығарма мен эссені ажырата алмау жайттары жиі кездеседі. Бұл мәселенің 
туындауының негізгі себебінің бірі – эссені шығарма деп қабылдау. Эссе шығарма 
жұмысының түріне жатады, бірақ барлық шығарма эссе болып табылмайды. Мұндай 
түсініспеушілік туындамас үшін екі жазба жұмысын, яғни шығарма мен эссенің өзіндік 
ерекшеліктерін оқушыға түсіндіріп алған дұрыс. Әдетте шығармашылық жұмыстарға 
суретшінің салған суреттерін, композитордың шығарған әндері мен күйлерін, жазушының 
жазған әңгімелерін, романдарын, ақындардың өлеңдерін жатқызамыз.
Эссе де шығарманың бір түрі болып табылады. Бірақ эссе шығармашылық жұмыс ретінде 
өзге жазба жұмыстарына ұқсамайды. Ең алдымен, эссеге қойылатын талап ол – белгілі бір 
тақырыпты, мәселені талдау, сипаттау және бағалау. Бұл автордың пікірі мен оны дәлелдеуі 
үшін қолданылатын фактілерін жүйелі түрде және академиялық жазылым бағытында 
жазуымен ерекшеленеді. Сондай-ақ, эссе – оқу үдерісі барысында мектептерде жиі жазылатын 
шығарма түрі. Ол берілген тапсырма немесе қойылған сұраққа байланысты аргументтік, 
сипаттамалық, сендіру, баяндау, артықшылығы мен кемшілігі т.б. көптеген түрлері бар. 
Эссенің түрлеріне қарай жазылу күрделілігі мен ерекшеліктері анықталады. Сондықтан эссе 
түрлерін жазу оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай ұсынылады. Мысалы, бастауыш 
сыныпта сипаттамалық, баяндау эсселері жазылса, жоғары сыныптар үшін аргументтік, 
мәселе мен оның шешімдері сияқты эсселер жазуға берілуі мүмкін [2].
Екіншіден, публицистикалық мақала мен эссені шатастыру жайттары жиі кездеседі. 
Мақала публицистикалық стильмен газет, журнал, веб-сайттарда белігілі бір ақпарат жөнінде 
хабардар ету үшін жазылады. Ол өз ішінен тақырыпшаларға бөлінуі мүмкін. Мақалада белгілі 
бір ақпаратпен өз оқырманын толығырақ таныстыру үшін суреттер, графикалар жиі қолданады 


32 
және беріген фактілерге сілтеме жасалыну талап етілмейді және субъективті түрде жазылуы 
мүмкін. Ал керісінше, эсседе бір тақырып жөнінде ғана талдаулар мен сын-пікірлер жазылып, 
ондағы келтірілген фактілерге сілтеме жасалуы талап етілуі мүмкін. Сондай-ақ эссеге 
қойылатын басты талаптардың бірі – объективтілік болып табылады. Көп жағдайда эссе жазу 
үшін суреттер мен графикалардың қолданылуы талап етілмейді.
Үшіншіден, баяндама мен эссенінің жазылу құрылымын түсінбеу. Бұл екі жазба жұмысы 
да академиялық бағытта жазылғанымен олардың өзара үлкен айырмашылықтары бар. 
Баяндамада белгілі бір зерттеу сұрағына жауап беру үшін анықтамалар, сипаттамалар мен 
талдаулар жазылады. Зерттеу жұмысының нәтижелерімен таныстыру мақсатында 
тәжірибелердің, сауаланамалардың нәтижелері және зерттеу әдістері туралы ақпараттар 
беріледі. Зерттеу нәтижелеріне талдаулар жасалып, алдағы уақытта орын алатын зерттеулер 
немесе мәселелерді шешу үшін ұсыныстар жасалынады. Ал эсседе негізінен тақырып туралы 
пікірлер мен тұжырымдар қамтылады. Тақырыпты және сұрақты түсініп, оған жауап беру 
жеткілікті болып табылады. ЖОО-дарында жазылатын эссе бойынша сұраққа берілген жауап 
дәлелді болуы үшін аргументтер келтірілуі талап етіледі.
Қорытындылай келе, эссені жазу барысындағы негізгі мақсат –тақырыпқа байланысты өз 
білімін көрсету мен сұраққа берілген жауаптың дұрыстығына оқытушыны, яғни оқырманын 
сендіре білу. Сондай-ақ академиялық форматта жазылатын эссе өзіне тән талаптарды 
ұстануымен өзге жазба жұмыстарынан ерекшеленеді. Кейбір пәндер үшін эссе жазу білім 
алушыны бағалауда қолданатын негізгі құрал болып табылады. Эссе жазу көптеген оқушылар, 
студенттер үшін тілдік көрсеткішін анықтау құралы ғана емес, тақырыпқа, берілген сұраққа 
байланысты ойын жүйелі, сыни тұрғыда талдап жеткізу де өте қиын жұмыстардың түріне 
жатады [3]. Осы орайда, мектеп қабырғасынан бастап білім алушыларға оның құрылымын 
дұрыс жазып үйретудің маңызы ерекше.
Эссенің көптеген түрлері бар, оларға аргументтік, салыстыру, мәселе және оның шешімін 
қарастыру, себеп-салдар және т.б. түрлерін жатқызуға болады. Эссенің қай түрі 
жазылатындығы таңдап алынған тақырыпқа немесе сұраққа байланысты болады. Мәселен, 
Емтиханды тестпен алу дұрыс па? Оқушының ұялы телефон ұстауына тиым салу қажет 
пе? Мұғалімдердің білімін анықтау үшін тест алғанымыз дұрыс па? Үш тілді білім беру 
жүйесі қолайлы ма? деген тақырыптар аргументтік эссе түрінде жазылады.
Жазылым дағдысы автордың алдын ала іштей дайындығын қажет етеді. Оқушы жазба 
жұмысын бастамас бұрын оған дайындалады, яғни өз ойын өзімен-өзі сөйлесу арқылы іштей 
талқылайды, саралайды, оны қалай қағаз бетіне түсіретіндігін ойланады. Ал оқырман 
жазылым процесінің қалай орын алғандығын емес «тек өнімді» ғана көре алады [4, p.214]. Сол 
себепті оқушыны «дайын өнім дайындауға» дағдыландырудың маңызы зор болып табылады. 
Мәселен, эссе жазуға оқушыларды дағдыландырудың ең басты ерекшелігі ретінде тәжірибе 
жүзінде, яғни жызылым үдерісі арқылы көрсетуді атап айтуға болады. Себебі эссені тек 
ауызша түсіндіру жеткіліксіз, өйткені жазылым дағдысы жазу әрекетін орындау арқылы ғана 
бекітіледі. Мәселен, мұғалім өз оқушыларына аргумент эссені жаздыру үшін мынадай 
кезеңдерді орындауға болады:
а) Үлгі эссені көрсету.
ә) Пікірталас туындататын тақырыптың бірін алып ауызша пікірталас жүргізу. 
б) Аргументтік эссенің мақсатымен және оның жазылу құрылымымен таныстыру. 
в) Тақырыпқа байланысты жазылатын эссенің тезисін жазу және жоспарын құру. 
г) Басқа бір тақырып бойынша аргумент эссені тақтаға жазып көрсету немесе жазылған 
эссенің құрылымына талдау жасау. 
ғ) Оқушылардың өз бетінше аргументтер, мысалдар және эссенің бөлімдерін жазуына 
көмектесу (бұл кезеңде грамматикалық, орфоргафиялық қателерге аса мән бермеуге болады, 
егер оқушыға бұл қателіктері бойынша ескерту жасалса, олардың шығармашылық қабілетінің 
төмендеуіне алып келуі мүмкін). 


33 
д) Эссенің соңғы нұсқасын әзірлеу (осы кезеңде грамматикалық, орфоргафиялық қателері 
толық түзетіліп, себебі түсіндіріледі және құрылымы, мазмұнын тексеру бойынша оқушылар 
бір-бірінің жұмысын оқып шығып, өзара талқылайды). 
е) Соңғы нұсқаны оқытушының тексеруіне өткізу. 
Эссе жазу – бұл білім алушылар үшін өз ойларын нақты және тиімді ұйымдастыруды талап 
еткенімен, олар үшін керемет шығармашылық қабілеттерін көрсете алуына мүмкіндік 
туындатады [3, p.110]. Білім алушы эссе жазу арқылы өзінің сезімін, қажеттілігін, білімі мен 
қызығушылығын білдіреді. Сонымен эссе жазу дегеніміз белгілі аудиторияға, оқырмандарға 
қажетті деңгейде әсер ете алу мен тақырыпқа қатысты өз ойын білдіру үшін бірнеше 
параграфтарды жүйелі негізде қолдану арқылы бір немесе бірнеше идеяны нақты және дәлелді 
түрде жазбаша жеткізе білу [5]. Бұл өз кезегінде оқушының тұлға ретінде интеллектуалды 
және эмоционалды тұрғыдан дамуына мүмкіндік береді. Ал оны өзге шығарма түрлерінен 
ажыра білуге және жазылым үдерісін меңгеруді тиімді бағытта ұйымдастыра білу аталған 
тұлғалық қасиеттердің тез қалыптасуына оң әсерін тигізері сөзсіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   138




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет