«білім берудегі 4к моделі: теория мен әдістеме» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік



Pdf көрінісі
бет73/138
Дата08.10.2023
өлшемі2.86 Mb.
#480116
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   138
Bilim-berudegi-4K-zhina-y

Экскурсия оқуды ұйымдастыру түрі ретінде мектептегі оқу үдерісін шынайы өмірмен 
байланыстырады және оқушылардың тікелей бақылауы арқылы табиғи ортадағы заттар және 
құбылыстармен танысуын қамтамасыз етеді. Сабақтар жүйесінде экскурсия бірқатар маңызды 
дидактикалық функцияларды атқарады: – оқудың көрнекілік қағидатын іске асырады; – 
оқудың ғылымилығын арттырады және өмірмен байланысын күшейтеді; – оқушылардың 
технологиялық ой-өрісін кеңейтеді: оларға шынайы химия өндірісін бақылауға және нақты 
өнеркәсіп және ауылшаруашылық өндірісінде химиялық білімдерін қолдануға мүмкіндік 
беріледі; – оқушыларды мамандыққа баулу жұмысында елеулі рөл атқарады.
Жоба әдісі. Сабақта жоба жұмысы мұғалім мен оқушының ынтымақтастығына, 
шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталған, үздіксіз білім беру үдерісіндегі бағалаудың 
бір түрі болып, оқушылардың кәсіби маңызды дағдыларын ерте қалыптастыруға мүмкіндік 
береді. Жоба әдісі тұлғаны, оның дербестігін, шығармашылығын дамытуға бағытталған және 
оқу үдерісінде жеке, жұптық, топтық, ұжымдық жұмыс түрлерін үйлесімді қолдануға 
мүмкіндік береді. Жоба әдісі қандай да бір теориялық немесе тәжірибелік маңызы бар 
мәселелерді шешудегі оқушылардың оқутанымдық әрекетінің нәтижеге бағытталуын негізге 
алады. Жоба жұмысын орындау барысында оқушыларда жаңа білім мен дағдыларды үйренуге 
деген қажеттілік пайда болады.
Мультимедиалық таныстырылымдар. Білімді ақпараттандырудың дамуының заманауи 
кезеңінде оқу материалдарын ұсынудың тиімді құралдарының бірі мультимедиалық 
таныстырылымдар болып табылады. Компьютерлік жүйелердегі графикалық көрнекі суреттер 
білім алушыға ақпаратты түсінікті беруге, оны түсінуді жеңілдетуге мүмкіндік береді. 
Мультимедиалық технологиялар танымал педагогикалық ақпараттық технологиялардың бірі 
болып табылады, олар дыбыспен, бейне, анимация және басқа да визуалды әсерлермен 
(Simulation) сүйемелденетін бейнелердің, мәтіндер мен деректердің толық жиынтығын 
жасауға мүмкіндік береді; интерактивті интерфейсті және басқа да басқару тетіктерін 
қамтиды. Мұнда ақпаратты қабылдаудың барлық түрлері қатысып, оқу материалын 
оқушылардың ассоциативтік түрде қабылдап, есте сақтауына әсер етеді. Оқу материалын 
оқушылардың өз бетінше танымдық қызметін ұйымдастыруға лайықты бейімделген 
мультимедиалық таныстырылым түрінде беру оқу уақытын тиімді пайдалануға мүмкіндік 
береді. Мультимедиалық таныстырылымдар оқытудың заманауи техникалық құралы ретінде 
химия сабақтарындағы көрнекілікті арттыруға көмектеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   138




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет