Министерство здравоохранения и социального развития республики казахстан қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі



Pdf көрінісі
бет31/117
Дата10.10.2023
өлшемі1.31 Mb.
#480249
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   117
Қалыпты физиология

5.3.Бұлшықеттің күші мен жұмысы. 
СИ жүйесі бойынша күш ньютон (Н) бірлігімен өлшенеді. Бұлшықеттің 
күші оның жиырылған кезіндегі көтере алатын ең үлкен (максималды) 
жүгімен анықталады. Мұндай күшті бұлшықеттің «жалпы» (максималды) 
күші дейді және бұл күш ет талшықтарының санына, оның әр қайсысының 
жуандығына байланысты. Бұлшықеттің жалпы күшінің оның анатомиялық 
көлденең кесіндісінің ауданына қатынасын оның абсолюттік күші деп 
атайды. Ап бұлшықеттің анатомиялық көлденеңі деп еттегі барлық 
талшықтардың көлденең кесіндісінің жинақы ауданын айтады. Мұнымен 
қатар бұлшықеттің физиологиялық көлденең кесінді ауданы деген де ұғым 
бар. Егер ет талшықтары бір-бірімен қатар жатса, онда бұлшықеттің жинақы 
физиологиялық көлденең кесіндісі оның анатомиялық көлденеңіне тең 
болады. Ал ет талшықтары құстың жүні тәрізді қиғаш (мысалы, балтыр 
бұлшықеті) орналасса, онда әр талшықтың қақ ортасынан өтетін көлденең 
сызығының ауданы (физиологиялық көлденең ауданы) анатомиялық 
ауданынан жоғары болады. Сондықтан мұндай еттердің күші жоғары болады. 
Бұлшықеттің жалпы күшінің (Н) оның физиологиялық көлденең кесіндісіне 
қатынасын еттің «меншікті» күші (Н/см
2
) деп атайды. Еттердің меншікті 
күші 50-150 Н/см
2
шамасында болады. Кейде меншікті күшті кг/см
2
деп те 


белгілейді. Мысалы, үшбасты бұлшықетте – 17 кг/см
2
, иықтың бүккіш етінде 
– 8 кг/см
2
, балтыр бұлшықетінде – 1 кг/см
2
, т. б. болады.
Бұлшықеттің жұмысы. Тіршілікте қаңқа бұлшықеттері организмнің 
кеңістіктегі алуан түрлі қимыл-қозғалысын қамтамасыз етеді және жүк 
көтеріп ұстап түра алады немесе оны белгілі бір жерге дейін жылжытып 
апарады. Мүның бәрі статикалық және динамикалық жұмыс болып 
есептеледі. Математикалық тұрғыдан қарағанда жұмыс мынандай теңдікпен 
анықталады: 
W = L x D, мұнда W –атқарылатын жұмыс, L – жүктеме (ауырлық), D – 
қашықтық. Жұмыс «Джоуль»- мен немесе «кгм»-мен белгіленеді. 
Жұмыс атқарудағы бұлшықеттің жиырылуына қажет энергия көздері: 
АҮФ, креатинфосфат концентрациясы, ет жасушаларында жинақталған 
гликогеннің ыдырауы (гликолиз) және ет жасушасындағы тотықтырушы 
метаболизм.
Жұмыс істегенде көтеретін ауырлықтың мөлшері орташа болса, жұмыс 
нәтижелі және ұзақ атқарылады. Бұл жұмыстың орташа ауырлық заңы
Жұмыс нәтижесі және тиімділігі оның ырғағына (ритміне) да байланысты. 
Орташа ырғақты жұмыс істегенде адамның жұмыскерлігі ұзаққа созылып
жұмыс көп істеледі. Мұны жұмыстың орташа ырғақ заңы деп айтады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   117




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет