52
24. ! Балалар бір-бірінен кім неше жаста екенін сұрай бастады. Марат
Бауыржаннан
кіші болып шықты, бірақ Қанаттан үлкен. Бауыржан
Бейбіттен кіші, ал Дастан Қанаттан кіші. Балалардың қайсысы барлығынан
үлкен? Кім барлығынан кіші?
25. ! Анар, Байжан, Баян және Ғалымжан барлығы 10
балық ұстап алды,
оған қоса олардың әрбіреуі ең болмағанда бір балықтан ұстады және
сонымен қатар әрбіреуі әртүрлі көлемдегі балықты аулап алды. Анар
барлығынан көп ал Баян - барлығынан аз ұстады. Кім ең көп балық ұстады:
ұлдар ма, әлде қыздар ма?
26. ! Қалаға қарай 3
автомобиль, ал оларға, қарсы 5 автобус келе жатты.
Қандай көлік қалаға тезірек жетеді?
27. ©! Марат пен Ілияс бір-бірімен 2 сағат хоккей ойнады. Алдымен үйіне
Марат, ал бір сағаттан кейін Ілияс кетті. Марат Ілиястан неше сағат артық
ойнады?
28. Ұрғашы құрбақа 2 біріккен таспа түрінде болатын, 150
уылдырық
салады, аталығы оларды аяғына орап алып,
дернәсілдері пайда болғанша
өзімен бірге алып жүреді. Ал жасыл бақа 6000-ға жуық уылдырық салады.
Жасыл бақа құрбақаға қарағанда неше есе артық уылдырық салады?