Сөз есептер жинағы Мәтін есептермен жұмыс жасау енді тіптен оңай!


«Баға», «мөлшер», «құн» туралы есептер



Pdf көрінісі
бет21/58
Дата10.10.2023
өлшемі1.41 Mb.
#480274
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   58
«Баға», «мөлшер», «құн» туралы есептер 
Жай есептер 
1. Егер бір заттың бағасы 9 теңге болса, әр 5 (6, 7, б) дана заттың сатып алу 
бағасын анықта. 
2. Бір заттың бағасы - 8 теңге. Егер олардың бағасы 16 (40, 72, d) теңгеге тең 
болса, сатып алынған заттың санын анықта. 
3. Сатып алынған заттардың әрқайсысы 5 дананы құрайды, ал бағапары 20 
(25, 30, к) теңгеге тең, әр заттың бағасын анықта. 
4. Бірдей бағаға қарындаш пен дәптер сатып алды. 5 қарындаш 45 теңге 
тұрады, ал барлық дәптер үшін 63 теңге төледі. Қанша дәптер сатып алды? 
5. Мәриям 80 теңгеден 6 қалың дәптер сатып алды. Барлық сатып алынған 
затына ол қанша ақша төледі? 
6. Әлемде өсірілген ең үлкен асқабақтың салмағы 205 кг болды. Егер оны 1 
кг-нан бөлшектеп, әр килограмын 150 теңгеге сатса, оның құны қанша 
болушы еді? 
Құрама есептер 


77 
7. Жасұланның 630 теңгесі болды. Ол таңертеңгілік асқа 90 теңге төледі де, 
қалған ақшасына 90 теңгеден дәптерлер сатып алды. Жасұлан қанша дәптер 
сатып алды? 
8. Егер кітаптардың бағасы бірдей болатын болса, Сәуле әңгімесі бар 5 дана 
кітапқа 500 теңге төледі, ал ертегісі бар 7 кітапқа ол қанша төлейді? 
9. 4 самсаға 200 теңге төледі. 350 теңгеге қанша самса сатып алуға бөлады? 
10. Егер дәптерлердің бағалары бірдей болса, 40 теңгеге 5 дәптер сатып 
алынса, 56 теңгеге қанша дәптер сатып алуға болады? 
11. Балабақшаға қара қарындаштар мен сурет салуға арналған альбомды 
бірдей мөлшерде сатып алды. 12 теңгеден барлық қарындашқа 360 теңге 
төледі. Егер біреуінің бағасы 25 теңгеге тең болса, барлық альбом қанша 
тұрады? 
12. Бағасы 9 теңгеден 5 дәптер, 30 теңгеден 7 фломастер және 50 теңгеден 
6 альбом қанша тұрады? 
13. Үй иесі әрбіреуі 90 теңгеден 6 шынаяқпен пен 3 тәрелке сатып алды. 
Егер үй иесі барлық сатып алынған затқа 750 теңге төлесе, бір тәрелке 
қанша тұрды? 
14. 22 теңгеден екі қалың дәптерге және 7 қарындашқа 100 теңге төледі. 1 
қарындаш қанша тұрды? 
15. Сабина 84 теңгеге бір данасы 12 теңгеден және 350 теңгеге бір данасына 
70 теңгеден ашық хат сатып алды. Сабина қанша ашық хат сатып алды? 
16. Дүңгіршекте 21 теңгеден ашық хат пен 8 теңгеден дәптер сатты. Бір 
күнде 420 теңгеге ашық хат және 400 теңгеге дәптер сатылды. Барлығы 
бірге қанша ашық хат пен дәптер сатылды? 
17. Балабақшаға бірдей көлемде қуыршақ пен ойыншық көлік сатып 
алынды. Ойыншық көлікке - 360 теңге, қуыршаққа 720 теңге төледі. Егер 
бір мәшине 60 теңге тұрса, бір қуыршақ қанша тұрады? 
18. 2 метр сәтеннің бағасы 3 метр жібекпен бірдей тұрады. Егер 1 метр 
жібек матасы 210 теңге тұрса, 1 метр сәтен қанша тұратынын біліп ал. 


78 
19. Балалар сеансына бірінші, екінші қатардағы кинотеатр билеттерін 
бірдей бағаға сатып алды. Бірінші қатардағы 7 билетке 350 теңге төледі. 
Екінші қатардағы 9 билет қанша тұрады? 
20. Бақтияр дүкеннен 8 теңгеден 7 жай және 24 теңгеден 2 қалың дәптер 
сатып алды. Барлық сатып алынған затқа ол қанша ақша жұмсады? 
21. Еңбек сабағы 5 метр жібек жиектемесін және 3 метр шілтер сатып алды. 
Барлық сатып алынған затқа 225 теңге төледі. Егер бір метр шілтер 35 теңге 
тұрса, 1 метр жиектеме қанша тұрады? 
22. Мектеп асханасына бірдей бағамен 12 бөлке ақ және қара нан сатып 
алды. Ақ нанға 385 теңге, ал қарасына - 275 теңге төледі. Мектеп 
асханасына қанша бөлке ақ және қара нан сатып алынды? 
23. Екі орамда 140 м бау бар. Бір орам 430 теңге, ал екіншісі одан 160 
теңгеге арзан тұрады. Әр орамда қанша метр бау бар? (80 және 60, 86 және 
54, 130 және 290,700) 
24. ! Егер Данияр бір шоколад сатып алса, оның 30 теңгесі қалады, ал оған 
әлі екі шоколад алу үшін 90 теңге жетпейді. Шоколад қанша тұрады? 
25. © Болат кәсіпкерлікпен шұғылдануды шешті. Ол өзінің жинақ 
сандықшасын ашып, 500 теңгесіне сағыз бен жабыстырма сатып алды. 
Сағыздың бір данасын ол 40 теңгеден, ал жабыстырманы 10 теңгеден сатты. 
Егер Болат сағыз бен жабыстырманы бірдей сатып алып, бірақ тауардың 
бағасын сату кезінде 2 есеге көтеріп, тек жабыстырманың барлығын 
таратып беріп, сағыздарды жоғалтса, ол қандай пайда тапты? 
26. © Буратино жолдан 100 теңге күміс тауып алды. Ол әрбіреуі 30 теңгеден 
3 балмұздақ, 40 теңгеге шоколад және 20 теңгеге шайнайтын сағыз сатып 
алды. Буратино неге көңілсіз? (Буратиноға табылған ақша жете ме? Оған 
«өз қалтасынан» әлі қанша ақша қосу керек болады?) 
 
27. Алтай маралынан алынатын өнімнің ең бағалысы - оның бұғы мүйізі. 
Еркек дарағы мүйізінің салмағы 25 кг-ға дейін. Бұғы мүйізінің нарықта 
үлкен сұранысқа ие болуын өз пайдасына жарату үшін, қаскүнем адамдар 1 
кг-ын 1500 доллар бағаға сатуда. Бір маралдың мүйізін сата отырып, олар 
мемлекетімізге қандай шығын келтіреді? Маралды өлтірудің жалпы зияны 
қандай? (Осы ойды дамыта отырып, қорытынды жаса) 


79 
28. Хайуанаттар бағындағы маймыл тәулігіне 2 кг дейін банан жейді. 5 
маймылға бір аптаға қанша банан қажет және 1 кг-ы 250 теңге тұратын 
болса, қанша ақша төленеді? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   58




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет