Сөз есептер жинағы Мәтін есептермен жұмыс жасау енді тіптен оңай!



Pdf көрінісі
бет30/58
Дата10.10.2023
өлшемі1.41 Mb.
#480274
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   58
Қосындыны санға көбейту 
1. Үш сыныптан шеңберге 2 қыз және 4 ұл баладан тұрды. Шеңберге 
барлығы қанша балалар тұрды? 
2.Үш қыз 5 қызыл және 3 көк дөңгелек кесіп алды. Қыздар барлығы қанша 
дөңгелек кесіп алды? 
3. Бір қорапта 15 жасыл және 25 қызыл моншақ бар. Осындай 10 қорапта 
қанша моншақ бар? 
4. Әрбір сыныпта 10 қыздан және 12 ұлдан оқиды. 10 сыныпта (1-10-сын.) 
қанша бала оқиды? 


103 
5. Бақшада әр қатарға 10 көшеттен 7 қатар алмұрт пен 8 қатар алма 
отырғызды. Барлығы қанпа көшет отырғызды? 
6. Дүңгіршекте әрбіреуінде 10 данадан 3 буда жай конверт және әрбіреуінде 
10 данадан 5 буда «авиа» конверттер бар. Дүңгіршекте барлығы қанша 
конверт бар? 
7. Дүйсенбі дүкенге әрбіреуінде 50 данадан 7 буда дәптер, сейсенбі тағы 
сондай 2 буда әкелді. Дүкенге барлығы қанша дәптер әкелінді? 
8. Мектепке әрбіреуінде 50 данадан 5 қорап ақ бор және әрбіреуінде 20 
данадан осыншама қорап түрлі түсті бор сатып алды. Мектепке барлығы 
қанша бор сатып алынды? 
9. Шанышқы 69 теңге тұрады, ал пышақ - 81 теңге. 10 шанышқыдан және 
10 пышақтан тұратын жиынтық қанша тұрады? 
10. 12 адамнан тұратын саяхатшылар тобы әрбір саяхатшыға 3 құты 
қойылтылған сүттен және 5 құты консервіленген еттен алды. Саяхатшылар 
барлығы қанша консерві құтысын алды? 
11. Бір будада 60 орауыш көк жіп және 90 орауыш ақ жіп бар. Осындай 4 (5, 
7, 9, 10) будада қанша орауыш жіп бар? 
12. 30 теңгеден 4 жай қарындаш пен 60 теңгеден 4 қалам сатып алынды. 
Барлық сатып алынған зат қанша тұрды? 
13. Дүкеннің үш сөресіңде 160 дискі балалар фильмдері және тағы үш 
сөреде 40 дискі комедиямен тұр. Сөреде барлығы қанша дискі тұр? 
14. Би үйірмесіне 5 қалпақ және үшкіл орамал жиынтығын алды. Егер бір 
қалпақтың бағасы 120 теңге, ал үшкіл орамал 80 теңге тұратыны белгілі 
болса, барлық сатып алынған зат қанша тұрады? 
15. 20 саяхатшы сапарға шықты, олар өздерь мен бірге 5 құты балық және 
7 құты ет консервісін алды. Саяхатшьшар барлығы қанша консерві алды? 
16. Дүкенге 15 килограмнан 30 жәшіқ қызанақ және 25 жәшік қияр 
жөнелтті, қиярдан да әрбір жәшікте - 15 кг. Дүкенге қанша килограмм 
көкөніс жіберді? (725,625,925, 825 кг) 


104 
17. !мотоцикдші түске дейін 55 км/сағ жылдамдықпен 4 сағат жүрді, ал 
түстен кейін - 62 км/сағ. Егер мотоциклші өзінің жылдамдығын 5 км/сағ 
үлғайтса, 5 күнде қандай арақашықтықты жүріп өтеді? 
18.
!
ЕКІ
балада - 5 жаңғақтан, ал үшіншісінде - 2 жаңғақ. Бір үймеде екіншіге 
қарағанда 4 жаңғақ артық болу үшін, барлық жаңғақты қалай екі үймеге 
бөлу керек? 
19. © Дәулет математикадан бақылау жұмысынан қорыққайдықтан, оған 
күндіз-түні дайындалды. Дайындыққа ол үш күн бойы түске дейін 15 
сағаттан және түстен кейін 9 сағаттан кетірді. Бақылау жұмысында 
Дәулетке не болды? 
20. © Іші ауырып қалған маймылды ауруханаға әкелді. Ол 15 килограмнан 
3 себет банан және әрқайсысында 20 данадан соншама себет ананас жеген. 
Маймыл салмағын қаншаға арттырды? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   58




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет