Сөз есептер жинағы Мәтін есептермен жұмыс жасау енді тіптен оңай!


Қарама- қарсы бағыттағы және кері бағыттағы қозғалысқа арналған



Pdf көрінісі
бет48/58
Дата10.10.2023
өлшемі1.41 Mb.
#480274
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   58
Қарама- қарсы бағыттағы және кері бағыттағы қозғалысқа арналған 
есептер 
1. Екі кішкене кеме бір уақытта қарама-қарсы бағытта жол жүрді. Бірінші 
кішкене кеменің жылдамдығы 30 км/сағ, ал екіншісінікі - 35 км/сағ. 2 
сағаттан кейін олардың аракашықтығы қанша болады? 
2. Автовокзалдан қарама-қарсы бағытта екі автобус шықты. Үш сағаттан 
кейін олардың арақашыктығы 390 км болды. Егер біріншісінің 
жылдамдығы 60 км/сағ болса, екінші автобустың жылдамдығын тап. 
3. Бір аэродромнан қарама-қарсы бағытқа екі ұшақ ұшып шықты. 
Біріншісінің жылдамдығы 700 км/сағ, ал екінші ұшақтікі - 800 км/сағ. Неше 
сағаттан кейін олардың арасы 3000 км болады? 
4. Туристік базадан бір уақытта қарама-қарсы бағытта екі адам шықты. 
Біреуі - 5 км/сағ жылдамдықпен, ал екіншісі 4 км/сағ жылдамдықпен жүрді. 
Олар бір-бірінен 5 сағаттан кейін қандай арақашықтықта болады? 


151 
5. Гараждан бір уақытта қарама-қарсы бағытта екі автокөлік шықты. Біреуі 
50 км/сағ жылдамдықпен, екіншісі 70 км/сағ жылдамдықпен жүрді. 
4 сағаттан кейін осы машиналар бір-бірінен қандай қашықтықта болады? 
6. Бір қаладан қарама-қарсы бағытта бір уақытта 2 автокөлік шықты. 
Біріншінің жылдамдығы 30 км/сағ, екіншінікі - 40 Км/сағ. Егер жолда 14 
сағат жүретін болса, автокөліктер қандай қашықтық өтеді? 
7. Бір пункттен қарама-қарсы бағытқа 5 км/сағ және б км/сағ 
жылдамдықпен екі саяхатшылар тобы шықты. Неше сағаттан кейін 
олардың аралары 33 км болады? 
8. Бір кемежайдан қарама-қарсы бағытта бір уақытта 20 км/сағ және 30 
км/сағ жылдамдықпен 2 кішкене кеме шықты. Арақашықгықтары 150 
километр болғанда, кішкене кемелер қанша жол жүрді? 
9. Автокөлік бір қаладан екіншісіне 80 км/сағ жылдамдықпен 3 сағатта 
жетті, ал қайтар жолға ол 4 сағат кетірді. Автокөлік өз жылдамдығын 
қаншаға азайтты? 
10. Бір жағажайдан бір уақытта қарама-қарсы бағытта 40 км/сағ және 60 
км/сағ жылдамдықпен теплоход шықты. Бірінші теплрход 120 км жүріп 
өткенде, олардың арақашықгықтары қандай болды? 
11. Бір ауылдан бір уақытта қарама-қарсы бағытта велосипедші және жаяу 
жүргінші шықты. Жаяу жүргіншінің жьшдамдығы 70 м/мин, велосипедшінікі - 3 
есе артық. Қандай уақыттан кейін олардьщ аралары 840 м болады? 
12. Велосипедші қалаға дейін 12 км/сағ жылдамдықпен 2 сағатта жетгі, ал 
қайтар жолға ол 3 сағат жұмсады. Велосипедші өз жылдамдығын қаншаға 
азайтты? 
13. Бір ауылдан екіншісіне дейінгі 36 км жолды велосипедші 12 км/сағ 
жылдамдықпен өтті, ал қайтарда ол 9 км/сағ жылдамдықпен жүрді, Барлық 
жолға ол қанша уақыт кетірді?;? 
14. Теплоход бір жағажайдан екіншісіне дейін 30 км/сағ жылдамдықпен 6 
сағатта жетті, ал қайтар жолға ол 9 сағат кетірді. Теплоход өзінің 
жылдамдығын қаншаға азайтты? 


152 
15. Қыз үйден дүкенге дейінгі 200 метр аралықты 40 мин жүріп өтті, ал 
қайтар жолда оның жылдамдығы 30 м/мин артық болды. Қайтар жолына 
қанша уақыт кетті? 
16. Бір қаладан екіншісіне дейінгі 480 км жолды автокөлік 80 км/сағ 
жылдамдықпен жүріп өтгі, ал қайтарда ол 60 км/сағ жылдамдықпен жүрді. 
Барлық жолға ол қанша уақыт кетірді? 
 
17. Бір ауылдан бір уақытта қарама-қарсы бағытқа екі велосипедші шықты. 
Біріншісінің жылдамдығы - 15 км/сағ, екіншісінің жылдамдығы - 12 км/сағ. 3 сағат 
уақыттан кейін олардың аралары қандай болады? 
18. Бір қаладан бір уақытта қарама-қарсы бағытта 2 пойыз шықты. Олардың 
жылдамдығы 60 км/сағ және 70 км/сағ болды. Қанша уақыттан кейін олардың 
арақашықтықтары 780 км болады? 
19. Бір ауылдан бір уақытта қарама-қарсы бағытға 2 саяхатшы шықты. 5 
сағаттан кейін олардын арақашықтықтары 5 км болды. Бірінші 
саяхатшының жылдамдығы 4 км/сағ. Екіншінің жылдамдығын тап. 
20. Бір станциядан бір уақытта қарама-қарсы бағытта 2 пойыз шығып кетті. 
Олардың жылдамдықтары 60 км/сағ және 80 км/сағ. Аралары 420 км болғанда, 
әрбір пойыз қанша жол жүрді? 
21. Бір орыннан бір уақытта карама-қарсы бағытта 2 спортшы жүгіріп шықты. 
Біріншісінің жылдамдығы 6 м/с болатын, екіншісінікі -7 м/с. 9 секундтан кейін 
олардың аралары қандай болады? 
22. Бір ауылдан бір уақытта қарама-қарсы бағьтта 2 жаяу жүргінші шықты. 
Олардың жылдамдығы 4 км/сағ және 5 км/сағ болды. Бірінші жаяу жүргінші 16 
километр жүргенде, олардың арақашықтыктары қандай болады? 
23. Бір қаладан бір уақытта қарама-қарсы бағытта автобус пен автокөлік шықты. 
Автобусгыц жыллзмдығы - 40 км/сағ, автокөліктің жылдамдығы - 2 есе артык. 
Қднша уакыттан кейін олардың аралары 480 км болады? 
24. Қалалардың аралары 360 км, автобус оны 6 сағатта жүріп өтті, ал кайтар жолда 
онын жылдамдығы 30 км/сағ артық болды. Қанша уақытта ол қайтып келді? 
25. Бір ауылдан бір уақытта 80 м/мин және 90 м/мин жылдамдықпен 2 адам 
шықты. Қанша минуттан кейін олардың аралары 510 метр болады? 


153 
26. Бір қаладан бір уақытта қарама-қарсы бағытта 2 автокөлік шықты. 6 
сағаттан кейін олардың аралары 960 км болды. Бірінші автокөліктің 
жылдамдығы 70 км/сағ. Екінші автокөліктің жылдамдығын тап. 
27. Бір қаладан бір уақытта қарама-қарсы бағытта 70 км/сағ және 100 км/сағ 
жылдамдықпен 2 автокөлік шықты. Бірінші автокөлік 350 км жүріп өткенде, 
олардың арақашықтықтары қанша болады? 
28. Бір ауылдан бір уақытта қарама-қарсы бағытта велосипедші мен 
мотоциклші 
шықты. 
Велосипедшінің 
жылдамдығы 
13 
км/сағ, 
мотоциклшінің жылдамдығы - 5 есе артық. Қанша уақыттан кейін олардың 
аралары 156 км болады? 
29. Бір қаладан бір уақытта қарама-қарсы бағытта 2 автобус шықты. 
Олардың жылдамдықтары 50 км/сағ және 70 км/сағ. Олардың аралары 720 
км болғанда, әрбір автобус қанша жол жүреді? 
30. Досының үйінен кейінгі 3600 м жолды бала 90 м/мин жылдамдықпен 
жүріп өтті, ал қайтарда ол 80 м/мин жылдамдықпен жүрді. Барлық жолға ол 
қанша уақыт жұмсады? 
31. Жағажайдан бір уақытта қарама-қарсы бағытта екі теплоход жүріп 
кетті. Біреуі 40 км/сағ жылдамдықпен жүрді, ал екіншісі - 30 км/сағ. Екі 
сағаттан кейін олардың аралары қандай болады? (35,110,70, 140 км) 
32. Астана станциясынан бір уақытта қарама-қарсы бағытта екі пойыз 
жөнелтілді 5 сағаттан кейін олардың арасы 950 км болды. Бірінші пойыздың 
жылдамдығы 90 км/сағ. Екінші пойыздың жылдамдығын тап. (172,100, 
500,280 км/сағ) 
 
33. Алматы станциясынан бір уақытта қарама-қарсы бағытта екі пойыз 
жөнелтілді. Біреуі 80 км/сағ жылдамдықпен жүрді, екіншісі 100 км/сағ. 
Қандай уақыттан кейін олардың арақашықтықтары 720 км болады? (540 км, 
4 с, 36 с, 80 с) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   58




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет