17
2-мәтін
Пеницилин
Александр Флеминг 1928 жылы өзінің «салақтығынан»
пенициллин преператының
негізін қалады. Ол Петри кеселерінің көгеріп кеткен біреуінің ішіне үңіліп, бактерия
колонналарының мөлдір күйге енгенін байқайды. Соның арқасында ғылымға үлкен жаңалық
әкеліп, бактериялық денелерді бұзатын пенициллин белсенді затын ойлап табады.
Бастапқыда ол өзі ашқан жаңалықтың көмегімен дәрі жасауға болатынына аса сене
қоймайды. Бірақ оның ісін Говард Флори мен Эрнст Борис Чейн деген мамандар 1940-1941
жылдар аралығында жалғастырып, пенициллинді тазалау әдісін тәжірибеге енгізді. Олар
алғаш болып бактериялық инфекцияларға қарсы емдеу үшін қолданған.
Пенициллинді жаппай өндіру ісі екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жолға қойылды.
1945 жылы А. Флеминг пен жоғарыда аттары аталған екі ғалымға физиология және медицина
саласы бойынша Нобель сыйлығы табыс етілді.
Қатері және сақтық шаралары
Кейбір адамдарда пенициллин аллергиялық реакция туғызады. Қызыл таңдақтар немесе
қызыл
бөрітпелер шығып, қышуы аллергиялық реакциялардың жеңіл түріне жатады. Бұл
көбіне пенициллин шанышқаннан кейін бірнеше сағаттан немесе бірнеше күннен кейін пайда
болып, бірнеше күндерге созылуы мүмкін. Кейде пенициллин өзі бұрын жойып келген
инфекцияларға қарсы әсер ете алмайтын болып қалады. Бұл бактериялардың пенициллинге
берілмейтін қасиетінің қалыптасуынан болады, бұдан әрі пенициллин бұл бактерияларды жоя
алмайды. Технологиялардың дамуы нәтижесінде пеницилин бүгінгі таңда сұранысы төмен
дәрі-дәрмектердің қатарына кірген.
Тақырыбы
1-мәтін
2-мәтін
Автор
көзқарасы
Мақсатты аудиториясы
Құрылымы
Тілдік ерекшеліктеріне мысалдар
2. «Зерде» журналына «Әлемді өзгерткен өнертабыстардың адамзат денсаулығына әсері»
тақырыбында ғылыми стильде мақала жазыңыз.