89
қолданады.
Орта деңгей
– Бастауыш сынып оқушылары ЖДЖ-ны өзбетімен орындау қажеттілігін
түсіне бермейді және ЖДЖ-ны өз бетімен орындауға талпынысы аз; ЖДЖ-ны
өз бетімен орындауы, табандылығы мен қажырлылығы, мақсатқа
ұмтылғыштығы жеткіліксіз;
– ЖДЖ-ны өзбетімен орындаудағы танымдық қызығушылығы мардымсыз;
оқушының өзінің салауатты өмір салтын ұстану туралы оң көзқарасқа ие
болады, алайда оларды меңгеру үшін жарқын қажеттілікті талап етпейді;
салауатты өмір туралы алған білімін тәжірибеде өздігінен қолдана алмайды,
басқаларға насихат етуді ескермейді;
– салыстыру арқылы құралдармен және құралдарсыз орындалатын жалпы
дамыту жаттығуларын өз бетімен орындау әрекетін жүзеге асырады; ЖДЖ
құралдары арқылы іс-әркеттің нәтижесін бағалайды; ЖДЖ компоненттерін
өздігінен анықтай алмайды;
– бастауыш сынып оқушысының өзбетімен
орындау дағдыларының
дамуындағы ЖДЖ-ның компоненттерінің мәнін ішінара біледі; тұлғаның
өзбетімен орындау дағдыларының дамуындағы ЖДЖ туралы жеткілікті
білмейді;
– қазақ ұлттық элементі бар ЖДЖ-ны орындауға ынтасыз; ЖДЖ-ның
кейбір іс-әрекетінің нәтижесін бағалайды; ЖДЖ
арқылы бастауыш сынып
оқушысының өзбетімен орындау дағдысын дамытуға бағытталған кейбір
қабілет пен дағдыларға ие.
Төмен деңгей:
– Бастауыш сынып оқушылары ЖДЖ-ны өзбетімен орындау қажеттілігін
түсінбейді және ЖДЖ-ны өз бетімен орындай алмайды;
ЖДЖ-ны өз бетімен
орындауға, табанды және қажырлы болуға, мақсатқа ұмтылушылық жоқ;
– ЖДЖ-ны өзбетімен орындауға танымдық қызығушылығы жоқ; оқушы
өзінің салауатты өмір салтын ұстану туралы оң көзқарасқа ие емес және оларды
меңгеру үшін жарқын қажеттілік жоқ; салауатты өмір туралы алған білімін
тәжірибеде өздігінен қолдана алу білігі жоқ, басқаларға насихат етуді
ескермейді;
– салыстыру арқылы құралдармен және құралдарсыз орындалатын жалпы
дамыту жаттығуларын өз бетімен орындау әрекетін жүзеге асырады; ЖДЖ
құралдары арқылы іс-әркеттің нәтижесін бағалайды; ЖДЖ компоненттерін
өздігінен анықтай алмайды;
– бастауыш сынып оқушысының өзбетімен орындау дағдыларының
дамуындағы ЖДЖ-ның компоненттерінің мәнін ішінара біледі; тұлғаның
өзбетімен орындау дағдыларының дамуындағы ЖДЖ туралы жеткілікті
білмейді;
– қазақ ұлттық элементі бар ЖДЖ-ны орындауға ынтасыз; ЖДЖ-ны
орындаудағы әрекетінің нәтижесін бағалай алмайды; ЖДЖ арқылы бастауыш
сынып оқушысының өзбетімен орындау дағдысын дамытуға бағытталған
қажетті қабілет пен дағдыларға ие емес;
90
Осылайша, зерттеудің сараптамасында көрсеткендей, кейбір құрамдар осы
жүйе үшін ерекше болып келеді: тұтастық (
ЖДЖ арқылы бастауыш сынып
оқушысының өзбетімен орындау дағдысын дамытуға бағытталған бірыңғай
құрылымдық кешенді ұсынады); динамикалық (ЖДЖ арқылы бастауыш сынып
оқушысының өзбетімен орындау дағдысын дамыту қабілетіне ие болуда үдеріс
бір (төменнен) деңгейден басқа (жоғары) дейгейге көшуі байқалады; ЖДЖ
арасындағы өзара байланыс пен өзара қызмет (ЖДЖ арқылы бастауыш сынып
оқушысының өзбетімен орындау дағдысын табысты дамыту үшін
ЖДЖ жүйесі
негізінде оқушының өз бетімен орындау дағдылары меңгертіледі, нәтижесінде
оның жеке тұлға ретіндегі болмысында маңызды бір компонент ретінде өзіндік
дене мәдениеті қалыптасады. Болашақ мұғалімдердің интеллектуалды дамуы
этнодифференциялық және этноинтеграциялық мәдениеттің белгісіндегі
этникалық әлеуметтік мәдени ортада жүзеге асады: қазақтардың музыкалық
тілі, ұлттық музыкалық және этнопсихологиялық ерекшеліктердегі көзқарастар,
өзін-өзі тану, ділі және т.б.
Жоғарыда аталғандарды түсіну үшін, біріншіден, негіздер ұлттық
элементтері бар ЖДЖ құралдары арқылы оқушылардың
өзбетімен орындау
дағдыларын дамытудың басты мақсатын алға жылжыта отырып,
көркем-
бейнелі ойлау мен интеллектуалдық қабілетті қалыптастырады. Екіншіден,
оқушылардың оқу қызметін бағалау өлшемдерін өзгертеді: ол жалпы дамыту
жаттығуларын меңгерудегі білімнің көзқарасы бойынша бағаланып қана
қоймай, ұлттық элементі бар ЖДЖ-ның эмоционалдық-құндылықтық
үдерістегі дербес өзбетімен орындау іс-әрекетін жүзеге асыру қабілетіне ие
болудың көзқарасы бойынша да бағаланады. Үшіншіден, ЖДЖ-ны түсінудегі
эмоционалдық-құндылықтық және көркем-бейнелі ойлаудың тәжірибесіне ие
болудың кейбір білімді өлшеудің мүмкіндігі болатын тұлғаның өзбетімен
орындау дағдысының даму деңгейін ерекшелейтін инновациялық технология
үшін тиімді қолданатын шынайы бағалау деңгейінің мүмкіндігін беретін
бастауыш сынып оқушыларының құзіреттілігін көрсетеді.
B.C. Ильиннің ғылыми негізіндегі әмбебап зерттеудің процедурасы –
зерттеліп жатқан тұжырымдаманың моделіндегі жалпылама деңгейін әзірлеуде
біз ЖДЖ арқылы бастауыш сынып оқушыларының өзбетімен орындау
дағдысын дамытудың
үш деңгейін анықтадық –
төмен, орташа, жоғары [139].
ЖДЖ арқылы бастауыш сынып оқушыларының өзбетімен орындау дағдысын
дамытудың төменгі деңгейінің өлшемінен жоғары деңгейге өтуде мынадай
көріністер байқалады: ЖДЖ арқылы бастауыш сынып оқушыларының
өзбетімен орындау дағдысын дамытуды белгілеу (ынталандыру саласы); дене
тәрбиесінің ЖДЖ саласын білу (когнитивті саласы); еріктік көріністері
(эмоционалдық-еріктік саласы); қабілетті жүзеге асыру (іс-әрекеттік саласы);
ЖДЖ-ны өзбетімен орындау қажеттігін түсіну (рефлексивті). ЖДЖ арқылы
бастауыш сынып оқушыларының өзбетімен орындау дағдысын дамытудың
деңгейі, көрсеткіші, өлшемдері кестеде ұсынылған.
Біз белгілеген деңгей ЖДЖ арқылы бастауыш сынып оқушыларының
өзбетімен орындау дағдысын дамытуға бағытталады. Әрбір алдыңғы деңгей
91
келесі байланыстың негізі болып табылатын ЖДЖ арқылы бастауыш сынып
оқушыларының өзбетімен орындау дағдысын
дамытудың жоғары деңгейін
қамтиды.
Осылайша, ұсынылған модель маңызды құндылықтың негізіндегі тірегі
болып құрылған
мақсаттық, мазмұндық және
іс-әрекеттік блоктардан
тұрады. Атап айтқанда, мұның
мақсаты ЖДЖ арқылы бастауыш сынып
оқушыларының өзбетімен орындау дағдысын дамыту қоғамның сұранысына
сәйкес және бастауыш білім беру стандарты талаптарын ескере отырып
құрылған.
Мазмұндық элементтері ЖДЖ арқылы бастауыш сынып
оқушыларының
өзбетімен
орындау
дағдысын
дамыту
қабілетіндегі
шығармашылық, іс-әрекеттік, когнитивті ерекшеліктің құндылығын ескереді.
Процессуалдық элементтері мазмұнды толықтыру мен тікелей жалғастыру
болып табылады. Модельмен жұмыс істеу үдерісінде оның құрылымдық
компоненттері іс-әрекеттік құралдары арқылы нақтыланған.
Жобалық модель ЖДЖ арқылы бастауыш сынып оқушыларының
өзбетімен орындау дағдысын дамытудың бағытына негізделетін тұлғалық іс-
әрекеттің санасын бейнелейді. Біздің ұсынған модельдің тиімділігін жүзеге
асырудың тиімділігі тәжірибелік-эксперимент жүзінде тексерілді. Ол туралы
келесі тарауда баяндалады.
Достарыңызбен бөлісу: