Оспанкулов ернар ерланович



Pdf көрінісі
бет49/75
Дата14.10.2023
өлшемі1.83 Mb.
#480725
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   75
disser ernar

2-тапсырмаЕліктеу жаттығуы. Қаздың жүрісіне еліктеу. Бастапқы қалып 
– жүрелеу, қол белде, арқа тік. 1– оң аяқпен алға. 2– сол аяқпен алға. 6-8 қадам. 
3-тапсырма. «Сағат жүрісі». Бастапқы қалып – тік тұру, аяқ алшақ, қол 
екі жаққа.1– сол білекті қозғап алақан төменге қарай, оң білекті қозғап алақан 
жоғары қарай. 2– оң білекті қозғап алақан төменге қарай, сол білекті қозғап 
алақан жоғары қарай. 3-6 – 1 мен 2-ні қайталау. Бастапқы қалып – тік тұру, 
аяқ алшақ, қол екі жаққа. 7– белді солға бұру, сол білекті қозғап алақан 
төменге қарай, оң білекті қозғап алақан жоғары қарай. 8– белді оңға бұру, оң 
білекті қозғап алақан төменге қарай, сол білекті қозғап алақан жоғары қарай. 9-
12 – 7 мен 8-ді қайталау. 13– бастапқы қалыпқа қайтып келу. 
4-тапсырмаЕңкею. Бастапқы қалып – негізгі тік тұру, қол белде.1– сол 
аяқпен алға бір қадам, алға еңкею. 2– аяқ алшақ, екі қол екі жаққа. 3– оң аяқты 
сол аяққа тигізе жақындату. 4 – жүрелеу, екі қолды тізеге қою, басты еңкейту. 
5– бастапқы қалыпқа келу. 6 – сол аяқпен алға бір қадам, алға еңкею. 7– аяқ 
алшақ, екі қол екі жаққа. 8– оң аяқты сол аяққа тигізе жақындату. 9– жүрелеу, 
екі қолды тізеге қою, басты еңкейту. 10– бастапқы қалыпқа келу.11– оң аяқпен 
алға бір қадам, алға еңкею. 12– аяқ алшақ, екі қол екі жаққа. 13–сол аяқты оң 
аяққа тигізе жақындату. 14– жүрелеу, екі қолды тізеге қою, басты еңкейту. 15– 
бастапқы қалыпқа келу. 16– оң аяқпен алға бір қадам, алға еңкею. 17– аяқ 
алшақ, екі қол екі жаққа. 18– сол аяқты оң аяққа тигізе жақындату. 19- жүрелеу, 
екі қолды тізеге қою, басты еңкейту. 20 – бастапқы қалыпқа келу. 
Дифференциациялық жаттығуларды құрастыруда «жеңілден ауырға» 
ұстанымын басшылыққа алу маңызды. Жаттығулар қысқа, нұсқаулық 
терминдер дәл және түсінікті, қолжетімді болуы тиіс. 
К.Г. 
Селевко 
дифференциациялық 
оқытуды 
«оқу 
үдерісін 
ұйымдастырудың оқушылардың ортақ, оқу үшін маңызды қасиеттеріне қарай 
топқа біріктірілген тобымен жұмыс жасау формасы деп» анықтайды [147]. 
Бастауыш сынып оқушыларының жалпы дамыту жаттығуларын өз 
бетімен орындау дағдыларын дамыту үдерісінде дидактикалық тұрғыдан 
басшылыққа алынатын тағы бір талап – бастауыш сынып оқушыларында 
ЖДЖ-ны өз бетімен орындау үдерісін жоспарлау дағдыларын, өзіндік 
ұйымдастыру мен өзіндік бақылау дағдыларын қалыптастыру маңызды орын 
алатын болғандықтан осы бағытты үздіксіз назарға алып отыру.
Жалпы дамыту жаттығуларын өз бетімен орындау үдерісінде 
оқушылардың жоспарлауды, өзіндік ұйымдастыруды, өзіндік бақылауды 
жүзеге асыру дағдыларын қалыптастыруда мұғалім ұсынған тапсырманы 
орындау мақсаты мен белгілеуін ескеру үлкен рөлге ие болады.
Төменде ұсынылған 
тапсырмаларды 
мұғалім 
бастауыш 
сынып 
оқушыларына арналған жалпы дамыту жаттығуларының жүйесінен алынып,
оқушылардың жоспарлауды, өзіндік ұйымдастыруды, өзіндік бақылауды 
жүзеге асыру дағдыларын қалыптастыру үшін қолданады. Тәжірибеде іс 
жүзінде мұғалімдер бұл тапсырмаларды сыныпқа, жас деңгейіне байланысты, 
әрі қарай нақтылай және толықтыра алады. 
Оқушыларға мақсат қоюды үйрететін тапсырмалар үлгісін орындату. 


111 
1-тапсырма. Төмендегі санау ретіне қажетті өздерің білетін қимыл мен 
қозғалыс және күй түрлерін қолданып, Бастапқы қалыпты (б.қ.) соңғы 
қалыппен байланыстыратын элементті қосып, тапсырманы толық етіп 
құраңдар: 1) бастапқы қалып – тік тұру, қол белде; 2) ....................; 3) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   75




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет