Оспанкулов ернар ерланович


ЖДЖ-ны орындау үдерісін педагогикалық басқару



Pdf көрінісі
бет51/75
Дата14.10.2023
өлшемі1.83 Mb.
#480725
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   75
disser ernar

ЖДЖ-ны орындау үдерісін педагогикалық басқару.  
Дене шынықтыру сабағының, жалпы дамыту жаттығуларын орындату 
үдерісінің аса маңызды орны олардың мазмұнында дене мәдениетін 
дамытудың барлық міндеттері орын алып отыратындығында.
Бастауыш сынып оқушысының жан-жақты дамуы гармониялық 
үйлесіммен жүзеге асырылуына қажетті барлық дерлік дәндер дене шынықтыру 
сабағында, оның ішінде ЖДЖ-ның әрбір элементінде бүршік атуға дайын 
екендігінде. Тек ол үшін мұғалімнің сапалы дайындығы мен қолында арнайы 
ЖДЖ жүйесі, қолдану жолын белгілеген әдістемелік нсұқаулықтары болуы аса 
маңызды. 
Бастауыш сынып оқушыларының ЖДЖ өз бетімен орындауын 
педагогикалық басқаруда дене шынықтыру сабағының тұтас мазмұны мен 
құрылымы үлкен орын алады. Дене шынықтыру сабағында оқушыларға ЖДЖ-
ны өз бетімен орындау дағдыларын қалыптастыруға қажетті барлық әдістемелік 
құралдар жинақталған бай қоры әзірленсе: 
– мұғалімдер дене шынықтыру пәнінен сапалы білім беру үдерісін 
дидактикалық тұрғыдан жақсы басқаруына; 
– ал оқушылардың ЖДЖ-ны өз бетімен орындауға жан-жақты дайындық 
негізінде, яғни нұсқауларды түсінуі, көру арқылы есіне сақтауы, сөзбен 
берілген нұсқауларды дұрыс түсінуі арқылы, жаттықтыру әдістері арқылы
дағдылануына сенімді іргетасы қаланады. 
 
3.3 Тәжірибелік-эксперимент жұмысының нәтижелері 
Педагогикалық тәжірибенің екінші кезеңінде жоспарда көрсетілгеніндей 
келесі жұмыстар орындалды. Атап айтқанда, «эксперименттік сыныптарға» 
ЖДЖ өз бетімен орындауға дағдыландыру әдістемесі бойынша арнайы оқу 
бағдарламасымен сабақтар өткізілді, ал «бақылау сыныптарына» жай 
бағдарлама бойынша дене шынықтыру сабақтары жүргізілді.
Бастауыш сынып оқушыларына «Менің күн тәртібімдегі өз бетіммен 
орындайтын ЖДЖ түрлері» атты кесте жасатылды. Ата-аналармен 


113 
әңгімелесулер жүргізіліп, оларға арналған «Балаңыздың күн тәртібіне ЖДЖ 
енгізуге көмектесіңіз» атты Жаднама әзірленіп, таратылды. 
Педагогикалық эксперименттің оқыту кезеңінде бастауыш сыныпта дене 
шынықтыру пәнінен сабақ беретін мұғалімдерге, сынып жетекшілеріне арнап 
«Бастауыш сынып оқушыларының өз бетімен ЖДЖ-ны орындауға 
дағдылануының маңызы» ортақ тақырып аясында бірнеше әдістемелік семинар 
өткізілді. Зерттеу жұмысының тақырыбына сай баяндама оқылып
қатысушылар өзара пікір алысты. Семинарда бастауыш сынып оқушыларының 
ЖДЖ-ны өз бетімен орындау дағдыларын қалыптастырудың маңызы мен 
міндеті, бұл істе тек пән мұғалімі ғана емес, сынып жетекшісі, тіпті ата-аналар 
да ортақ жауапкершілікте болуы керектігіне басты назар аударылды.
Кесте 15 Бастауыш сыныптардың дене шынықтыру пәні мұғалімдеріне 
арналған «Бастауыш сынып оқушыларының өз бетімен ЖДЖ-ны орындауға 
дағдылануының маңызы» тақырып аясындағы семинарлар сериясы
Семинарларда талқыланатын мәселелер 
Уақыты 
Жалпы дамыту жаттығуларының (ЖДЖ) түсінігі, жалпы 
сипаттамасы 
Қыркүйек 2018, қыркүйек, 2019 
Жалпы 
дамыту 
жаттығуларының 
көмегімен 
оқушылардың дене тәрбиесін дамыту және денсаулығын 
нығайту мәселесі 
Қазан 2018, қазан, 2019 
ЖДЖ терминдері және оқушыларға меңгертудің 
әдістемелік мәселелері 
Қараша 2018, қараша, 2019 
ЖДЖ 
оқушыларға 
өз 
бетімен 
орындауға 
дағдыландырудың тиімді әдістері 
Желтоқсан, 2018, желтоқсан, 
2019 
ЖДЖ 
жүйесінде 
ұлттық 
болмыс 
көріністерін 
орнықтырудың дидактикалық мәселелері 
Қаңтар 2019 
Құралдарсыз орындалатын ЖДЖ, оны ұйымдастырудың 
әдістемелік ерекшеліктері 
Наурыз, 2019 
Құралдармен орындалатын ЖДЖ, оны ұйымдастырудың 
әдістемелік ерекшеліктері 
Мамыр, 2019 
Мұғалімдерге арналған семинарлар сериясында қазіргі кездегі бастауыш 
сыныптардағы дене шынықтыру пәнінде ЖДЖ толыққанды қамтылуының 
маңызы туралы, ЖДЖ табиғаты туралы, оларды оқушылардың өз бетімен 
орындауға дағдылануына қажетті ғылыми-әдістемелік мәселелер кеңінен 
талқыланды. 
Теориялық тұғырлардың мәліметтері мен анықтаушы эксперименттің 
нәтижелеріне сүйене отырып, педагогикалық эксперименттің келесі кезеңі – 
оқыту кезеңіне арналған арнайы жаттығулар жүйесі әзірленді, ол жаттығулар 
эксперименттік сабақтарда қолданылды.
Жұмысымызда бұдан ары қарай оқыту кезеңінде педагогикалық 
экспериментке қатысатын эксперименттік топ (ЭТ) және бақылау тобы (БТ) 
оқушыларына арналған «ЖДЖ терминдер», «Жаднама», «Күн тәртібін қалай 


114 
құру керек?» деген көмекші оқу құралдары және арнайы ЖДЖ жүйесінің 
көрнекіліктері әзірленді. 
Оқыту кезеңінде педагогикалық экспериментке дайындалған бағдарлама 
бойынша ЭТ және БТ сыныптарында өткізілген ЖДЖ өз бетімен орындауға 
дағдыландыру сабақтарынан алынған үзінділер беріледі 
«Сабақ №1. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   75




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет