Оспанкулов ернар ерланович


 сынып. Пән – Дене шынықтыру



Pdf көрінісі
бет52/75
Дата14.10.2023
өлшемі1.83 Mb.
#480725
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   75
disser ernar

сынып. Пән – Дене шынықтыру. 
Тақырып – Қозғалыс ойындары негізіндегі ЖДЖ (жалпы дамыту 
жаттығулары) орындату. 
Мақсаты – 1-сынып оқушыларының қозғалыс ойындарының ЖДЖ 
элементтерін орындауға деген қызығушылығын арттыру және оқушылардың 
қозғалыс, ойлау, сөйлеу-коммуникативтік тәжірибесі арқылы түрлі қабілеттерін 
жетілдіру. 
Білімдік міндеттері: 
- қозғалыс ойындары бойынша жалпы дамыту жаттығуларын үйрету; 
– ЖДЖ жүйесіндегі қозғалыс элементтерін өз бетімен орындауға 
дағдыландыру. 
Дамытушылық міндеттер: 
– 1-сынып оқушыларының өз бетімен қозғалыс ойыны элементтерін 
орындау дағдыларын дамыту; 
– ЖДЖ жаттығуларын өз бетімен орындауға ерік-жігерін, есте сақтау 
қабілетін дамыту; 
– 1- сынып оқушыларының сабақтан тыс кезде өзара біріге отырып ЖДЖ-
ны өз бетімен орындау арқылы бірлесе әрекет ету дағдыларын жетілдіру. 
Тәрбиелік міндеттері: 
– ұлттық патриоттық сезімін тәрбиелеу; 
–1-сынып оқушыларын мектепішілік тәртіпті орындауға тәрбиелеу; 
– алдына қойған басты мақсатына жетуге табанды болуын тәрбиелеу. 
Көрнекіліктер: слайд, компьютер, экран; олар болмаған жағдайда қағазға 
салынған спорттық жүрудің қимыл-қозғалыс суреттері. 
Сабақтың барысы 
Оқушыларды сапқа тұрғызу. 
Мұғалім: – Оқушылар, бүгін қозғалыс ойындары бойынша жаттығуларды 
үйренеміз. Жаттығуларды қалай орындау керек екенін жақсылап тыңдап,
түсініп, көрсеткен қимыл-қозғалыстарды қайталап, естеріңе сақтаңдар. 
Алдымен, «жүру» туралы айтылғанға құлақ салып тыңдаңдар. «Жүру» 
дегенде, біз ең алдымен, күнделікті жүруді түсінеміз. Сонымен бірге
«жүрудің» «спорттық жүру» деген де түрі бар. Бұлардың өзара 
айырмашылықтары үлкен. «Спорттық жүруде», балалар, белгіленген ережелер 
мен талаптар болады. Соны үйреніп, сақтау керек. «Спорттық жүруде» алға 
қарай қадам басқан аяқтың өкшесі жерге тимейінше, артқы қадам жасаушы 
аяқты жерден көтеруге болмайды. Еркін түрде жүруде адамдар жүгірудің 
кейбір формасын қолдана береді. Ал спорттық жүруде олай етуге болмайды. 


115 
Бүгінгі сабақта біз жүрудің кейбір түрлерін үйреніп, соларға байланысты 
ойындар ойнаймыз. (Слайдтарды қосу.) Енді спорттық жүрудің түрлерін 
мұқият тыңдап, түсініп, зер салып қараңдар. 
Сурет 21 - Жүрудің түрлері.
1-жүру – жай, әдеттегі қарапайым жүру; 2-жүру – кең адымдап жүру; 3-жүру 
– аяқтың ұшымен жүру; 4-жүру – өкшемен жүру; 5-жүру – жартылай тізесін бүге жүру; 6-
жүру – жүрелей жүру; 7-жүру – көзін байлап алып жүру; 8-жүру – жалғамалап 
жүру; 9-жүру – арқасымен алға жүру. 
Сурет 21 - Жүрудің түрлері 
Балалар, қазақ халқында «мысық жүріс» деген түсінік бар. Адамдардың 
аяғының ұшымен жүруін солай атайды, өйткені аяқтың ұшымен жүргенде еш 
дыбысы естілмейді. Суреттегі 3-жүру түрі мен мысықтың аяқ басуын 
салыстырып қараңыздар. 
Сонымен қатар, қазақ тілінде «тырнаның жүрісі» деген қолданыс бар. Бұл 
суреттегі 5-жүру түріндегідей, жартылай тізесін бүге жүруді білдіреді.
Ал суреттегі 7-жүру түріндегідей, көзді байлап, бірақ аяқты дұрыс басып 
жүру, көбіне ойындарда болатынын білесіздер.
Осы жүру түрлерін қазір жаттығу кешені арқылы танысып, үйренеміз. 
Слайдтағы кестеге қараңыздар.
 
Кесте 16 – Жүру түрлері жаттығулары кешені. 
 
Жаттығулар 
Атауы 
Орындау техникасының суреті 





116 
Бірінші жаттығу. 
Аяқтың ұшымен жүру. 
16 – кестенің жалғасы 



Екінші жаттығу. 
Жартылай тізесін бүге 
жүру. 
 
Үшінші жаттығу.
Жалғамалап 

тіркемелеп жүру. 
 
Төртінші жаттығу. 
Көзін 
байлап, 
алға 
қарай жүру. 
 
 
 
Жүру түрлері жаттығулары кешенінің мазмұны.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   75




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет