Слайд. Аңшылық. «Сақтардың аң стилі».
Мұғалім:
– Оқушылар, қазақтың ұлы ақыны Мағжан Жұмабаев «Мен жастарға
сенемін» деген өлеңінде былай айтады:
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты,
Қырандай күшті қанатты,
Мен жастарға сенемін!
Жас қырандар балапан,
Жайып қанат ұмтылған.
Көздегені – көк аспан.
Мен жастарға сенемін!
Осындағы «арыстан» , «жолбарыс», «қыран» – аңдардың аты ғана емес,
біздің ата-бабамыздың өмір-тіршілігіне сіңген, бірге өрілген ұғымдар.
Қазақтар, ата-балалары сақтардан бері өздерін табиғаттың бір бөлшегіміз
деп санап, табиғаттағы құбылыстардың барлығын өз бойынан тауып
отыруға қалыптасқан. Денсаулықтың бастауын да сол ұғым-түсініктен
алған. Балаларын, ұрпақтарын «Арыстандай айбатты», «Жолбарыстай
қайратты», «Қырандай күшті қанатты» етіп денесін шынықтырған.
Слайд бойынша әңгімеден соң, мұғалім:
– Балалар, біз бүгін осындай ұлы мәдениетіміздің бір бөлшегін –
аңшылыққа, аң стиліне байланысты жаттығулар түрін орындап үйренеміз. Сол
арқылы біз ата-бабамыздың тұрмыс-тіршілігінде аңшылық – күнкөрістің басты
көзі болғанын, оған күнделікті дене шынықтыру дайындығы керек екендігін
түсінеміз.
Бірінші – «Ат үстінде шабу элементтері бар жалпы дамыту
жаттығулар».
1. Бастапқы қалып – тік тұру, аяқ алшақ, қол алға. 1- екі аяқтың тізесін сәл
бүгіп, қол алға, екі рет алға секіру, қолды өзіне қарай тарту, екі рет секіру; 2-
бастапқы қалыпқа келу; 3 - екі аяқтың тізесін сәл бүгіп, қол алға, екі рет алға
секіру, қолды өзіне қарай тарту, екі рет секіру; 4-бастапқы қалыпқа келу.
Осыны 2-4 рет қайталау.
2. Бастапқы қалып – тік тұру, аяқ алшақ, қол алға. 1- екі аяқтың тізесін сәл
бүгіп, алға ұмтылу, оңға еңкею, қолын жерге тигізу; 2-бастапқы қалыпқа келу; 3
- екі аяқтың тізесін сәл бүгіп, алға ұмтылу, солға еңкею, қолын жерге тигізу; 2-
бастапқы қалыпқа келу. Осыны 2-4 рет қайталау.
Екінші – аңшылық және «аң стилі» элементтері
121
Достарыңызбен бөлісу: |