Оспанкулов ернар ерланович


-сынып. Пән – Дене шынықтыру



Pdf көрінісі
бет62/75
Дата14.10.2023
өлшемі1.83 Mb.
#480725
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   75
disser ernar

4-сынып. Пән – Дене шынықтыру. 
Тақырып «Гимнастикалық қабырғада орындалатын ЖДЖ», (жалпы 
дамыту жаттығуларын) орындату. 
Мақсаты «Гимнастикалық қабырғада орындалатын ЖДЖ» орындауға 
деген қызығушылығын арттыру және оқушылардың қозғалыс, ойлау, сөйлеу-
коммуникативтік тәжірибесі арқылы түрлі қабілеттерін жетілдіру. 
Білімдік міндеттері: 
– «Гимнастикалық қабырғада орындалатын ЖДЖ» жалпы дамыту 
жаттығуларын үйрету; 
– ЖДЖ жүйесіндегі гимнастикалық элементтер бар жаттығуларды өз 
бетімен орындауға дағдыландыру. 
Дамытушылық міндеттер: 
– 4-сынып оқушыларының сабақтан тыс кезде жеке өзі немесе достарымен 
бірігіп, гимнастикалық қабырғада орындалатын жаттығуларды өз бетімен 
орындауға дағдыландыру; 
– «Гимнастикалық қабырғада орындалатын ЖДЖ» өз бетімен орындауға 
ерік-жігерін, есте сақтау қабілетін дамыту
Тәрбиелік міндеттері: 
– «Гимнастикалық қабырғада орындалатын ЖДЖ өз бетімен орындауға 
дағдыландыру; 
– «Гимнастикалық қабырғада орындалатын ЖДЖ» өз бетімен орындауда 
талап пен дұрыстықты сақтауға жауапкершілік сезімін тәрбиелеу; 
– 4-сынып оқушыларын мектепішілік тәртіпті орындауға тәрбиелеу; 
– алдына қойған басты мақсатына жетуге табанды болуын тәрбиелеу. 
Көрнекіліктер: слайд, компьютер, экран; олар болмаған жағдайда қағазға 
салынған спорттық жүрудің қимыл-қозғалыс суреттері, кестелер. 
Сабақтың барысы. 


125 
Оқушыларды сапқа тұрғызу. 
Мұғалім:
Оқушылар, біз бүгінгі сабақтан бастап дене шынықтыру сабағының 15 
минутын «Гимнастикалық қабырғада орындалатын ЖДЖ» деген жалпы дамыту 
жаттығуларының топтамаларын үйренеміз. Әр сабақта түсіндірілген
жаттығулары мазмұнын мұқият тыңдап, ұқыпты орындап, меңгеруге 
ұмтылыңыздар. 
Мұғалім слайд бойынша сабақтарда берілетін ЖДЖ түрлерін 
таныстырады. 
Одан соң келесі жаттығуларды әр сабақта нормалық мөлшерлі доза 
бойынша орындауға үйретеді. Әрбір келесі сабақта оқушының үйде өз бетімен 
қалай, қанша рет, қай уақытта, қай жерде орындағаны туралы тексеру дұрыс 
болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   75




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет