Б. Т. Оразалиев «Кӛлік құралдары құрылысының негіздері»


- қозғалтқыштың кіргізу трактысына берілетін отынды дәл дозалау;  -



Pdf көрінісі
бет19/23
Дата17.10.2023
өлшемі1.76 Mb.
#480905
түріСабақ
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Әдістемелік нұсқау

- қозғалтқыштың кіргізу трактысына берілетін отынды дәл дозалау; 
- қажетті құрамдағы жанар қоспаны жасау мақсатында ауамен араластыру 
(алғашқы кезеңде); 
- қозғалтқыштың жұмыс режиміне сәйкес жағар қоспаның мӛлшерін 
ӛзгерту. 
Қарапайым карбюратор құрамында құбыр 1, диффузор 2, араластыру 
камерасы 9, дроссель қақпағы 10, отын жиклеры (калибрленген тесік) 8, 
тозаңдандырғыш 11, қалытқылы камера болады 4 болады (сурет 2). 
Қалытқылы камерада отын және отынды жіңішке сүзгіден алып келетін тесік 
клапан ұясы 5, инелі клапан 6, қалытқы 7 болады. 
 
 
 
а-диффузорда және араластыру камерасында қысымның ӛзгеруі; б-карбюратор схемасы; 
в- карбюратор сипаттамасы; 1-құбыр; 2- диффузор; 3- балансирлеу түтігі (тесік); 4- 
қалытқылы камера; 5- ұя; 6- клапан; 7- қалытқы; 8- жиклѐр; 9- араластыру камерасы; 10- 
дроссельдік қақпақ; 11- тозаңдандырғыш. 
Сурет 19- Қарапайым карбюратор 
Қарапайым 
карбюратор келесі ретте жұмыс орындайды. Ауа 
ауатазалағыштан кіру құбыры 1 арқылы диффузорға 2 келеді. Диффузордың 
бірінші бӛлігінің қимасы басында жіңішке болады, яғни ауаның жылдамдығы 
ұлғайып, ағында қысым тӛмендейді. Ауа ағынының қысымы қалытқылы 
камерадағы қысымнан тӛмен болуы отынның тозаңдандырғыш 11 арқылы 
ауа ағынына тӛгілуін туындатады. 
Диффузордың екінші бӛлігінде отынмен ауаның араласуы жүзеге асады. 
Отын ауада тозаңданып, одан ары ауа ағынының кӛлемінде бу, тамшы 
түрінде және араластыру камерасының 9 қабырғасымен қозғалады, содан 
кейін кіргізу құбырымен клапандарға, ол арқылы қозғалтқыш цилиндріне 
кіреді. 


31 
Тозаңдатқыш ұшымен қалытқылы камерадағы отынның деңгейлерінің 
айырмашылығы ∆h қозғалтқыш жұмыс істемей тұрғанда (4…8) мм 
шамасында болады. Айтылған жағдай қозғалтқыш еңкіш орналасқанда 
отынның 
тозаңдандырғыштан 
ақпауын 
қамтамасыздандырады. 
Қозғалтқышты пайдалану үдерісінде біршама уақыт ӛткеннен кейін
ауатазалағыш ластанып, кедергі ұлғаяды да, диффузорда қысым тӛмендейді. 
Қысымның тӛмендеуінде қоспаның байытылуын болдырмау үшін 
қалытқылы камера тесік 3 арқылы кіру құбырымен 1 жалғастырылған. 
Қозғалтқыш цилиндіріне берілетін жағар қоспа мӛлшері дроссельдік 
қақпақпен реттеледі. Қоспа құрамы автоматты түрде реттеледі. Аталған 
қақпақтың ашылуының ұлғаюына байланысты ауа мен отын шығыны ӛсіп, 
қоспа байытылады. 
Қарапайым карбюратордың сипаттамасы деп аталатын қоспа құрамының 
диффузордағы ауа қысымының тәуелділігін қарастырайық (Сурет 20в).
Ауа шығыны G
в
µскен сайын диффузордвѓы қысым ∆p
д
тµмендей 
т‰седі де отын тозањдатқыш қ±быры арқылы кµтеріледі. Белгілі сәтте отын 
тозаңдандырғыштан тӛгіле бастайды. Бұл жағдайда α тӛмендей бастайды, 
яғни α ═ ∞ -тен беймәлім шамаға дейін қоспа байытыла түседі. Жиклердің 
ӛту қимасының мӛлшеріне байланысты қоспа байда, кедейде болуы мүмкін. 
Қоспа құрамын ең тиімді дозалау сипаттамасына сәйкес автоматты 
ӛзгертуді қамтамасыздандыру үшін, яғни қоспа құрамын корректирлеуге 
карбюратор арнайы жүйелермен жабдықталған. 
Бас дозалау жүйесі отын жиклѐріндегі қысымды ӛзгерте отырып реттейді 
(корректирлейді). Жүйе құрамында отын жиклері 16 (сурет 20а) эмульсиялы 
құбырлы 15 (тесіктерімен) құдық және кіру құбырымен немесе атмосферамен 
байланысатын ауа жиклеры болады. Диффузорда қысым айырмашылығы 
(қысымсыздану) ∆p
д
жоғарылағанда тозаңдандырғышта отын кӛтеріледі де, 
∆p
д 
>
∆h· ρ
т
·g
бола салысымен отынның ағуы басталады (бұндағы ρ
т
-
отынның тығыздығы). Қысымсыздану одан ары тӛмендегенде ∆p
д 
<
(һ+∆h)·
ρ
т
·g жағдайында құдықтағы қысым атмосфералық қысымға тең болады да, 
карбюратор қарапайым жұмыс атқарады. Бұл жағдайда тозаңдандырғыштан 
шыққан отын, құдыққа отын жиклерінен 16 келген отыннан кӛп болуына 
байланысты құдықтағы отын деңгейі тӛмендейді. Отын деңгейі түтіктегі 15 
жоғарғы радиалды тесікке дейін түскенде (∆p
д 
= ∆p
д
1
) тозаңдатқышқа 
құдықтан отынмен бірге ауа келіп, ол отынмен араласып эмульсия түзеді. 
Ауа жиклері 14 ауаның келуін шектейтіндіктен, құдықта ∆p
к
қысымсызданудың тӛмендеуі байқалады, ал отынның жиклерден 16 ағуы
қысымның ӛзгеруінен ∆h· ρ
т
·g + ∆p
к 
жүзеге асады. Қысымсызданудың ∆p
д
одан ары тӛмендеуінде құдықтағы және эмульсиялық түтіктегі отын деңгейі 
тӛмендейді, ол ӛз кезегінде жаңа тесіктердің ашылуын және 
қысымсызданудың ∆p
к
тӛмендеуін туындатады. Бірақ ол отын шығынымен 
бірге ауа шығынының ӛсуіне қарағанда баяу ӛседі де қоспаның кедейленуіне 
әкеліп соғады. Қоспаның қажетті кедейлену дәрежесін қоспаның ең тиімді 


32 
сипаттамасын ескеріп жиклерлердің 14,16 ұйқасты ӛлшемдерін және һ-ты 
қабылдаумен қол жеткізуге болады.
Зая 
жүріс 
жүйесі 
қозғалтқыштың 
зая 
жүрістегі 
жұмысын 
қамтамасыздандырады. Дроссельді қақпақтың жабылыңқыраған жағдайында 
диффузордағы қысымсыздану ∆p
д
бас дозалайтын жүйеден отынның ағуына 
қажетті шамадан, яғни (80…120) Па-дан біраз кіші болады. Сондықтан отын 
зая жүріс жиклеріне 7 бас жиклерден 16 келеді, 8-ші каналмен қозғалып ауа 
жиклері 10 сорған ауамен араласады (сурет3). Жүзеге асқан үдеріс 
нәтижесінде отын нәтижесі пайда болады да, ол 9 және 6 каналдар арқылы 2 
және 3 тесікке келеді. Жабылыңқыраған қақпақтың кемерінде орналасқан 
тесік 4 арқылы отынға қосымша ауа араласады. Сонымен 3 және 2 
тесіктердің шығу бӛлігіне қажетті құрамдағы отын ауалы қоспа келеді. 
Қозғалтқыштың кіші жиліктегі жұмысын 5 және 17 винттермен реттеу 
арқылы қамтамасыздандырады. Келетін эмульсия мӛлшерін, яғни қоспа 
құрамын винтпен 5 реттейді. Зая жүріс режимінде айналыс жиілігін 
дроссельдік қақпақтың 1 жағдайын ӛзгертетін винтпен 17 реттейді. 
1-дросельдік қақпақ; 2…4 тесіктер; 5,17- реттеу винттері; 6,8,9 - каналдар; 7- зая жүрістің 
отын жиклѐрі; 10- зая жүрістің ауа жиклѐрі; 11- сақтандыру клапаны; 12- түтік; 13- ауа 
қақпағы; 14- бас дозалау жүйесінің ауа жиклѐрі; 15-эмульсиялық түтік; 16- бас отын 
жиклѐрі
Сурет 20- Карбюратордың бас дозалау жүйесінің схемасы және сипаттамасы 
Зая жүрісте қоспа құрамы α ═ 0,85…1,0 -ге сәйкес болады. Оны жоғары 
байытқанда жұмыс орындаған газдарда СО және СН концентрациясы 
белгіленген қалыптан жоғары болады. Дроссельді қақпақ ашылуы 
басталғаннан кейін қозғалтқыштың кіші және орташа жүктелу жұмысына 
жайлы ӛтуі тесік 4 үлкен қысымсыздану аймағында болғандықтан және ол 
арқылы 
араластыру 
камерасына 
эмульсия 
келуімен 
қамтамасыздандырылады. Дроссельдік қақпақтың одан ары ашылуында бас 
дозалау жүйесі іске қосылады. Бірақ зая жүріс жүйесі арқылы отын беру 


33 
дроссельдік қақпақ толық жүктелудің 40 % және одан да кӛп шамаға 
ашылғанға дейін жүзеге асырылады. 
Еркісіз зая жүріс экономайзері автомобиль қозғалтқышпен тежелгенде, 
дроссельдік қақпақ жабық, қозғалтқыштың жоғарғы айналыс жиілігі 
автомобильдің трансмиссиясының энергиясымен қамтамасыздандырылғанда 
отынның зая жүріс жүйесі арқылы берілуін тоқтатады. Егер бұл режимде 
отын беруді тоқтатпаса, онда үлкен мӛлшерде зиянды заттар бӛлінеді және 
майлау майының шығыны ұлғаяды. 
Аталған құбылысты қалпына болдырмау үшін электромагнитті клапан 
қолданылады, ол зая жүрістің шығу тесіктеріне эмульсия беруді тоқтатады.
Іске қосу құрылымы салқын қозғалтқышты сенімді іске қосуды 
қамтамасыздандыруы тиіс. Салқын қозғалтқышты іске қосқанда, оның 
айналыс жиілігі 50…100 мин 
-1
шамасынан аспайды, қысымсызданудың 
тӛмендігінен зая жүріс жүйесінде отынның берілуі аз болады, отын нашар 
тозаңданады, одан тек жеңіл фракциялар бӛлініп шығады, ал едәуір бӛлігі 
пленкаға кіреді, қоспа отын буларымен қатты кедейленуі қозғалтқышты іске 
қосуды қиындатады. Сондықтан салқын қозғалтқышты сенімді іске қосу 
үшін қоспаны α ═ 0,1…0,4 -ге дейін байыту қажет. Аталғанды 
карбюратордың қабылдау құбырында 12 орналасқан, жетегі дроссельді 
қақпақтың жетегімен кинематикалық байналысқан ауа қақпағы 13 
қамтамасыздандырады. 
Іске қосқанда ауа қақпағы жабылады, ал дроссельдік қақпақ 
ашылыңқырайды. Бас дозалау жүйесінің тозаңдандырғышы аймағында 
қысымсыздану пайда болады да, сол арқылы отын беруді туындатады. 
Қозғалтқыш іске қосылысымен қысымсыздану күрт ӛседі. Қоспаның аса 
байытылуын болдырмау үшін қақпақта орналасқан сақтандыру клапаны 11 
автоматты түрде ашылады. Бұдан кейін ауақақпағы автоматты немесе қолмен 
ашылады. Автоматты басқару қымбат, бірақ отын шығынын және жұмыс 
орындап біткен газдардың зияндылығын тӛмендетуге мүмкіншілік жасайды. 
Қоспаны байыту құрылымы (экономайзер және эконостат) толық және 
оған жақын жүктелуде дроссельдік қақпақтың толық ашық жағдайында 
қоспаны α ═ 0,85…0,95 дейін байыту жолымен қозғалтқыштың максималды 
қуатын қамтамасыздандырады. 
Механикалық жетекті экономайзер (сурет 21) жұмысын дроссельдік 
қақпақ (85…90)%-ға ашылғанда бастайды. Бұл жағдайда дроссельдік 
қақпақтың жетегімен кинематикалық жалғасқан клапан 1 жиклѐрге отынның 
баруына жол ашады. Тозаңдатқышқа 3 отын бас 4 және экономайзер 2 
жиклѐрлары арқылы барады (жалпы отын мӛлшерінен (15…20)%-ға дейін). 
Экономайзердің жетегі ауалы болуы мүмкін. 
Эконостат ауаның үлкен шығынында бас жүйенің қоспаның кедейленуін 
болдырмайды. Бұл жағдайда диффузордан едәуір жоғары қойылған 
тозаңдатқышта жеткілікті қысымсыздану пайда болады да, ол арқылы 
жиклѐрден қалытқылы камераға отын аға бастайды. 


34 
Үдеткіш сорғы дроссельдік қақпақ күрт ашылғанда және кедейленген 
қоспа пайда болған мүмкіндікте жұмыс орындай бастайды. Бұның себебіне 
келесілерді жатқызуға болады: ауамен отынның тығыздықтарының үлкен 
айырмашылығы (ауа шығынының ӛсуі отынның ағуының ӛсуіне қарағанда 
анағұрлым жылдам болады), кіргізу құбырындағы қысымның ұлғаюы 
отынның тозаңдануы жағдайын нашарлатады және оның бӛлігі плѐнкаға 
ауысады; температураның тӛмендеуі отынның булануын тӛмендетеді. 
1-клапан; 2, 4-жиклѐрлар; 3-тозаңдатқыш 
Сурет 21- Экономайзер схемасы 
Айтылғанның барлығы жеке циклдарда тұтанудың ӛтіп кетуін, қуаттық 
және экономикалық кӛрсеткіштердің тӛмендеуін туындатуы мүмкін. 
Қозғалтқыш жүктелу мен иінді біліктің айналыс жиілігін баяу 
жоғарылатумен жұмыс орындайды. Қоспаның кедейленуін болдырмау үшін 
үдету сорғысы қосымша отын мӛлшерін береді. 
Әдетте сорғының дроссельді қақпақ 10 осіне бекітілген иіннен құралған 
механикалық 
жетегі 
болады 
(сурет 
19). 
Дроссельді 
қақпақтың 
жабылыңқыраған жағдайында сорғының поршені 7 бастапқы жоғарғы 
жағдайында, ал оның астындағы кеңістік отынмен толтырылған болады. 
Қақпақ күрт ашылғанда пластина 5 пружинаны 6 қысады, поршень тӛмен 
қозғалып отынды қысымдағыш клапан 4 және жиклѐрлі 2 тозаңдандырғыш 3 
арқылы кіру құбырының 1 аймағына қысымдап шығарады. Серіппе 6 
отынның уақыт бойынша бүркілуін созуды қамтамасыздандырады. Қақпақ 
баяу ашылғанда поршень 7 бірқалыпты баяу түседі, бұл уақытта отын клапан 
8 арқылы қалытқылы камераға ағады. Поршень жоғары қозғалғанда 
қысымдағыш клапан 4 жабық, ал клапан 8 ашық болады, поршень үстіндегі 
кеңістік отынмен толады. 
Кӛпкамералы карбюраторлар. Карбюратор диффузоры отынның жақсы 
тозаңдануын қамтамасыздандырып, үлкен гидравликалық кедергілерді 
туындатпауы тиіс. Егер бірінші талапты орындасақ, онда кіші жүктеулерде, 


35 
ауаның кіші шығынында диффузордың ӛту қимасын кішірейту қажет. Бірақ 
үлкен жүктеулерде цидиндрлердің жаңа зарядпен толтырылуы нашарлайды. 
1- құбыр; 2- жиклѐр; 3- тозаңдандырғыш; 4- қысымдағыш клапан; 5- пластина; 6- серіппе; 
7- поршень; 8- кері клапан; 9- иін; 10- дросельді қақпақ 
Сурет 22- Үдету сорғысының схемасы 
Айтылған қарама-қарсылықты жою үшін дроссельді қақпақтары тізбекті 
ашылатын кӛпкамералы карбюраторлар қолданылады. Олардың жалпы 
қалытқылы камерасы, ағынға параллель орналасқан екі араластыру 
камералары және дроссельді қақпақтардың ӛзара байланысқан жетектері 
болады. Кіші және орташа ауа шығындарында тек бірінші камера жұмыс 
орындайды, ал үлкен ауа шығындарында екі камера бірлесе жұмыс атқарады. 
Бірінші камерада бір камералы карбюраторда болатын жүйелердің барлығы 
болады, ал екінші камерада бас, ӛту және үдету жүйелері мен қоспаны 
байыту құрылымы болады. 
Екінші камераның дроссельді қақпағында механикалық немесе ауалы 
жетек болуы мүмкін. Механикалық жетекте экономайзер қызметін атқаратын 
екінші камераны бай қоспаға реттейді. Бірінші камерада экономайзер 
болғанда екінші камера кедейленген қоспаға реттеледі және онда эконостат 
болады. Екінші камераның дроссельді қақпағының механикалық жетегі, 
оның ашылу сәтін айналыс жилігіне байланысты ӛзгертуге мүмкіндік 
бермейді. Кіші айналыс жиілігінде ол кеш, ал үлкен айналыс жиілігінде ерте 
ашылғаны дұрыс болар еді. Ауалы жетек екінші камераның жұмысқа кірісуін 
бірінші камераның белгілі ауа шығынында (қысымсыздануында) 
қамтмасыздандырады. Ол мысалы "Озон" карбюраторында жүзеге 
асырылған. Сыртқы жылдамдық сипаттамасында n ═ 1400 мин
-1 
дейін әдетте 
бірінші камера жұмыс істейді, одан кейін екінші камера ашыла бастайды. 
Кӛп цилиндрлі қозғалтқыштарда (сегіз цилиндрлілерде) цилидрлерге 
қоспаны бірқалыпты бӛлістіруді жақсарту үшін камералары параллель 
қосылатын екі камералы карбюраторлар қолданады. Олардың әрқайсысы 
ӛзінің цилиндрлер тобын қоректендіреді, дроссельді қақпақтар синхронды 


36 
жұмыс істейді. Қазіргі кезде жетекші фирмалар қозғалтқыштарда 
карбюраторлы қоректендіру жүйесін қолданбайды.
Газды қоректендіру жүйесі. Автомобиль қозғалтқыштарында отын 
ретінде қысылған табиғи және сұйытылған мұнай газдары қолданылады. 
Автомобильдерде газ отынын қолдану едәуір экономикалық тиімділік алуға 
және экологиялық кӛрсеткіштерді СО тастауды екі есеге СН -ты (50…100)%-
ға NО
х
-ті (20…30) %-ға кемітумен жақсартуға болады. 
Газ отындарын қолданудың келесі кемшіліктері болады: 
- қозғалтқыш қуатының (10…20) %-ға тӛмендеуі; 
-отын аппаратурасының мӛлшері мен массасының ұлғаюы, яғни 
автомобильдің пайдалану кӛрсеткіштерінің нашарлауы; 
-қысылған табиғи газда жұмыс істегенде жүріс қорының екі еседей 
тӛмендеуі; 
Сұйытылған мұнай газында жұмыс істегенде автомобильдің жүріс қоры 
бензинмен жұмыс істейтін варианттағыдай, бірақ массасы ескерілмейтіндей 
шамаға ұлғаяды. 
Газдардың 
физикалық 
механикалық 
қасиеттері 
газды 
қозғалтқыштардың қоректендіру жүйесін келесілермен ерекшелейді: газ 
баллондарда жоғарғы қысымда болғандықтан, жүйеде сорғы болмайды. Бірақ 
газ қысымын тӛмендететін редуктор және су буларының конденсатының 
қатуын болдырмайтын қыздырғыш қажет. 
Жиі жүйе екі отынды болады- резервтік жүйе ретінде бензинді жүйе 
болады. Бірақ бұндай қозғалтқыштардың отын үнемділігі тиімсіз қысу 
дәрежесінен нашарлайды. 
Пропан-бутанды сұйытылған газ қолданатын қоректендіру жүйесінің 
келесі ерекшеліктері болады. 
Газ сұйық және газ күйінде баллонда 16, газ сұйық фазасынан жоғары 
1,6 Мпа-дан аспайтын және құрамы мен температурасына байланысты 
сақталады. 
Салқындату жүйесінің температурасы 60
0
С-ден аспайтын жағдайда 
қозғалтқышты іске қосқанда газ фазасы ашық шығын вентилі 15 арқылы 
алынады. Бұл жағдайда сұйық фаза вентилі жабық болады. Қозғалтқыш 
температурасы 60

С- тан асқанда вентильдердің қосылуы ауыстрылады. 
Газ электромагнитті клапан 29 арқылы қыздырғышқа 12 келеді, онда ол 
іштен жану қозғалтқышының сұйығының жыуының есебінен қыздырылып, 
буланады. Одан кейін газ сүзгі 11 арқылы дозалаушы экономайзерлі 
құрылымды 7 екі сатылы редуктор 6 арқылы ӛтіп, қысымы атмосфералық 
қысымға дейін тӛмендейді. Редуктордан шығарда газ қысымы мен шығыны 
автоматты түрде серіппелер жүйесімен және диффузор мен дроссельден 
кейінгі кеңістіктегі қысымсыздануға байланысты басқарылатын клапанмен 
реттеледі. Қозғалтқыш тоқтағанда редуктор автоматты түрде газ беруді 
тоқтатады. 
Зая жүрісте экономайзер 9 клапаны жабық, газ газӛткізгішпен 3 жабық 
кері клапанға 24 дейін жеткізіледі, одан кейін зая жүріс жүйесіне кіреді. 


37 
Дроссельдік қақпақтың ашылу шамасына байланысты қысымсыздықтың 
әсерінен диффузордағы клапан 24 ашылып, форсунка 25 арқылы беріле 
бастайды. Күштеудің одан ары ӛсуінде клапан 9 ашылып, экономайзер 
құрылымы арқылы қосымша газ беріледі..
1,2- реттеу винттері; 3,5- газӛткізгіш; 4- редуктордың екінші сатысының клапаны; 6- газ 
редукторы; 7- дозалаушы экономайзерлік құрылым; 8,10- серіппелер; 9- экономайзер 
клапаны; 11- магистралды сүзгі; 12- қыздырғыш; 13- бірінші сатының газ қысымының 
манометрі; 14- баллондағы газ деңгейінің кӛрсеткіші; 15- газ фазасының шығын вентилі; 
16- баллон; 17- деңгей кӛрсеткішінің датчигі; 18- сұйық фазаның деңгей кӛрсеткіші; 19- 
толтыру вентилі; 20- бензин сиымдылығы; 21- сүзгі; 22- карбюратор; 23- дроссельдік 
қақпақ; 24- кері клапан; 25- газ форсункасы; 26- екінші саты серіппесі; 27- араластырғыш; 
28- бензосорғы; 29- магистралды сорғы; 30- сақтандыру клапаны; 31- сиымдылықтың 
максималды толуын бақылау вентилі
Сурет 23- Сұйытылған газды қоректендіру жүйесі 
Жүйенің жұмысын жүргізуші кабинада орналасқан манометр 13 
кӛрсетулерінен бақылайды. 
Газ қысымын серіппелердің 8,26 созылуын ӛзгерту арқылы реттейді. 
Жүйенің зая жүрістегі жұмысын реттеу винттермен 1,2 және дроссельдік 
қақпақтың 23 жабылуының трек винтті шектегішпен орындалады. Резервтік
қоректендіру жүйесі бензинмен қозғалтқыштың қысқа мерзімді жұмысында 
номиналды 
қуатының 
50%-на 
дейінгі 
шамасын 
алғанға 
дейін 
қамтамсыздандырады. 
Қысылған табиғи газды қоректендіру жүйесі сұйық газды қоректендіру 
жүйесінен принципиалды айырмашылығы жоқ, бірақ ӛзіндік ерекшеліктері 
болады. Негізін метан құрайтын газ екі батареяға біріктірілген баллонда, 20 
МПа қысымнан жоғары шамада сақталады.


38 
Қыздырғышта газ жұмыс орындап біткен газдармен қыздырылады. 
Жоғарғы қысым редукторынан газ (0,8…1,2) МПа қысыммен шығады. Содан 
кейін ол қозғалтқыштың іске қосу құрылымының жабу дозалау 
құрылымының міндетін атқаратын сүзгілі электромагнитті клапанға келеді. 
Одан ары екі сатылы кіші қысымды редукторда газ қысымы атмосфералық 
қысымға дейін тӛмендетіліп, қажетті құрамдағы қоспа дайындау үшін 
дозалап береді. 
Қозғалтқыш тоқтағанда редуктор газ магистралін ӛшіреді. Кіші 
қысымды екі сатылы редуктордың, араластырғыштың, резервтік бензин беру 
жүйесінің құрылымдары негізінен сұйытылған газды қоректендіру жүйесінде 
қолданылатын құрылымдарға ұқсас. 
Жүйеде газ жоғарғы қысым редукторына кірерде, экономайзер 
клапанында, тӛменгі қысым клапанына кірерде тазалаудан ӛтеді. Аталғанмен 
дозалаудың қажетті дәлдігіне және жүйенің сенімділігіне қол жеткізіледі. 
Жүйенің жұмысын жүргізуші келесі екі манометрмен бақылайды: 
біріншісі газ қысымын, яғни баллондағы оның қорын кӛрсетсе, ал екіншісі 
тӛменгі қысым редукторының реттелуінің дұрыстығын кӛрсетеді.
Қазіргі кезде табиғи газды ţ ═ -160
0
С криогенді сыйымдылықта сақтау 
мәселесі қарастырылуда. Оны шешуде құнына, қызметіне және сенімділігіне 
байланысты проблемалар туындауда. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет