12
Индикаторлық қуат – жұмыс
орындаудағы қозғалтқыштың
цилиндрінің ішіндегі газдардың туындататын қуаты.
Тиімді қуат – иінді білікте алынатын қуат. Қозғалтқыш қуатының бӛлігі
ӛзінің механизмдеріндегі үйкеліс күштерін еңсеруге және кӛмекші
құрылымдарды (сорғыларды, желдеткіштерді, генераторларды және т.б.қ)
іске қосуға және газ алмасуға жұмсайтындықтан ол индикаторлық қуаттан
20…25%- ға кіші болады.
Қозғалтқыштың механикалық пайдалы әсер коэффициенті (ПӘК) –
тиімді қуаттың индикаторлық қуатқа қатынасымен анықталады.
Оның мәні
бӛлшектерді ӛңдеу сапасына, үйкелістегі бӛлшектерді майлауға және
қозғалтқышты жинауға байланысты болады. Механикалық ПӘК- нің мәндері
0,75…0,80 шегінде ӛзгереді.
Тиімді пайдалы әсер коэффициенті – механикалық жұмысқа
айналдырылған жылу мӛлшерінің отын құрамындағы жылу мӛлшеріне
қатынасымен анықталады. Тиімді пайдалы әсер коэффициентінің мәндері
0,26…0,37 (карбюраторлы қозғалтқыштар үшін – тӛменгі, ал
для дизельдер
үшін– үлкен шектері) шегінде болады. Ақаусыз қозғалтқыштарда жылудың
30%- дайы тиімді қуат алуға кетеді. Қалған жылу энергиясы механикалық
жоғалтылуларға (
20%), қозғалтқыштың салқындату сұйығын (
25%) және
қозғалтқышты (
10%) қыздыруға, сонымен жұмыс
істеп біткен газдармен
алынып кетіліуне (
15%) жұмсалады.
Достарыңызбен бөлісу: