Абай институтының хабаршысы. № 2(8) 2011
84
тырмалы əдісті талап етеді. Абай негіздеген
ұлттық жəне жалпы-адамзаттық рухани құнды-
лықтардың түп төркінін, шығу тегін анықтау
міндеті осы əдісті таңдауды талап етеді. Екін-
шіден, зерттеу пəні - бірбүтін ірі құбылыс.
Мұндай бірбүтін ірі құбылысты зерттеу жүйелі
зерттеу əдісін талап етеді. Осы əдіс негізінде
бүтін арқылы бөлшекті тануға, бөлшек арқылы
бүтінді тануға болады. Үшіншіден, жобада
негізделген ғылыми мəселе - кешенді мəселе.
Мұндай кешенді ғылыми мəселені шешу
пəнаралық зерттеуді талап етеді. Пəнаралық
зерттеу кешенді зерттеу əдісінің басты прин-
циптерінің бірі болып табылады. Сөйтіп,
зерттеу барысында аталған үш əдістің прин-
циптері басшылыққа алынады: тарихи-салыс-
тырмалы зерттеу əдісі; жүйелі зерттеу əдісі;
кешенді зерттеу əдісі.
Күтілетін нəтижелер: Жобаның орында-
луынан мынадай нəтижелер күтіледі:
1) Абайдың суреткерлік ұстанымдарының
ұлттық жəне жалпыадамзаттық мəні анық-
талады;
2) Абайдың суреткерлік ұстанымдарының
туып, қалыптасуына ықпал еткен əлеуметтік
факторлар зерделенеді;
3) Абайдың ұлттық жəне жалпы-адамзаттық
қағидаларының жүйесінде елдің ынтымағы мен
бірлігі, адамнің кемелдігі, елдің мемлекеттік
тəуелсіздігі туралы ұстаным-дардың көркемдік
жəне идеялық мазмұны ашылады;
4) Абай шығармашылығының поэтикалық
жүйесіндегі а) антропологизмнің, ə) хроно-
топтың, б) психопоэтиканың, лингво-поэти-
каның, дəстүрлі мəдениеттің мазмұны мен мəні,
көркемдік қызметі анықталады;
5)
Абайдың
əдеби
аудармашылығы,
шығармашылығы негізінде мына елдердің клас-
сикалық əдебиеті үлгілерінің қазақ қоға-мында
қабылдану деңгейі анықталады: а) орыс əдебие-
тінің (Пушкин, Лермонтов, Лев Толстой); ə)
неміс əдебиетінің (Гете); б) ағылшын əдебие-
тінің (Байрон); в) қытай əдебиетінің (Конфуций,
Лаоцзы); г) көне грек əдебиетінің (Аристотель,
Ксенефонт, Сократ); д) діни əдебиеттер (Құран,
Сахи хадистер, Тора, Библия, т.б.);
6) Абайдың əдеби мұрасын эстетикалық
қабылдау теориясын негізделеді;
7) Зерттеу нəтижелерінің инновациялық
сипатын, бəсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету
мен коммерциализациялаудың, ғылыми еңбек-
тер рыногына шығарудың инновациялық
технологиясы жасалады;
Достарыңызбен бөлісу: |