106
қолданылады. Нейтрондарды қарқынды баяулату үшiн баяулатқыштың атомының массасы
нейтрон массасымен шамалас болуы керек. Әдетте баяулатқыш ретiнде кәдiмгi немесе ауыр суды
және графиттi пайдаланады. Тiзбектi реакция өтiп жатқан кеңiстiктi
активтi аймақ деп атайды.
Активтi аймақтан нейтрондардың шығып кетпеуiн қамтамасыз ету үшiн оны нейтрон
шағылдырғыштармен қаптайды. Берилий жақсы нейтрон шағылдырғыш болып табылады.
Реакторды
басқару арнайы жасалған басқару бiлiктерi арқылы жүзеге асады. Басқару бiлiктерi
жылулық нейтрондарды қарқынды жұтатын бор мен кадмийдiң қоспаларынан жасалады. Егер
ядролық отын ретiнде уранның
235
U изотопымен едәуiр байытылған отын пайдаланылатын болса,
реактор шапшаң нейтрондармен де жұмыс iстей алады.
Бұл шапшаң нейтрондардың
238
U
ядросымен әсерлесуiнiң нәтижесiнде мынадай реакция тiзбегi жүзеге асады. Яғни уранның
238
U
изотопы шапшаң нейтрондарды жұтудың нәтижесiнде плутонийдiң
239
Pu изотопына айналады. Ал
бұл изотоп нейтрондармен әсерлесу тұрғысынан уранның
235
U изотопына өте ұқсас.
Сонымен
шапшаң нейтрондарға арналған реактор тек
235
U изотопымен тiзбектi реакцияны жүргiзiп қана
қоймайды, сонымен қатар аса арзан және табиғатта кең тараған
238
U
изотопынан жаңа ядролық
отын
239
Pu алуға мүмкiндiк бередi. Энергия тек ауыр ядролар бөлiнген кезде ғана емес, сонымен
қатар аса жеңiл ядролар бiрiккен кезде де бөлiнедi. Бұлай болуының принципиальды мүмкiндiгi
меншiктi байланыс энергиясының жеңiл ядролар үшiн артып, ауыр ядролар үшiн кемуiмен
байланысады.
Достарыңызбен бөлісу: