16
Ұшып шыққан молекула газдың ретсіз жылулық қозғалысына қатынасады. Ретсіз қозғала отырып,
бұл молекула ашық ыдыстағы сұйық бетінен алыстан біржола кетіп қалуы немесе сұйыққа қайтып
оралуы да мүмкін. Мұндай процесс
конденеация деп аталады.
Булану кезінде неғұрлым жылдам қозғалатын молекулалар сұйықтан ұшып шығады. Сондықтан
сұйық молекулаларының орташа кинетикалық энергиясы азаяды. Ал
бұл сұйық температурасының
төмендегенін көрсетеді. Тез буланатын сұйықтардың бірін (бензинді немесе ацетонды) қолыңа
жағып, бірден олардың қолға жағылған жерінің өте салқындағанын сезінесіп. Егер ол жерді үрлейтін
болсақ, салқындау күшейе түседі.
Жылулық қозғалыс әсерiнен пайда болатын кинетикалық энергияның
артықтығынан қашанда
молекуланың жеке бөлшектерiнiң сұйық бетiнен бөлiнiп шыға алады. Заттың сұйық күйден газ
күйiне өту процесiн
буға айналу деп атайды. Неғұрлым сұйықтың
температурасы жоғары болса,
соғұрлым сұйық тезiрек буға айналады.
Буға айналудың екi түрi бар:
булану және қайнау. Кез келген температурада және тек сұйық бетiнен
шығып бу күйiне айналуды –
булану деп атайды.
Бу – буланудың әсерiнен пайда болатын газ.
Булану барысында сұйық салқындайды.
Буланған молекулалардың белгiлi бiр бөлiгi хаостық (ретсiз) қозғалыс жасай отырып қайтадан сұйық
бетiне түсуi және оның молекулаларына айналуы керек. Соныменен,
булану процессiмен қатар
бiрмезгiлде
конденсация деп аталатын керi процесс те жүредi.
Достарыңызбен бөлісу: